400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маманмен жылдық жұмыс есебі./1-4сынып/

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАс маманмен жыл бойы жоспар құрып ,бірлесе жұмыс жасадық.Соның қысқаша есебін жариялап отырмын.Қажеттеріңізге жарасын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәлімгер Кошакаева Айгуль Альмишовнаның әдістемелік көмек көрсету мақсатында атқарған жұмыстары туралы, жас маманға есебі

Жас маман: Нұрмұхан Мөлдір

Тәлімгер: Кошакаева Айгуль Альмишовнаның

  Қазіргі заманғы реформалау жағдайында ұлттық білім беру жүйесі ерекше мәнге ие болады, бұл жас педагогқа барынша қысқа мерзімде бейімделіп, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім алушыларға қызмет жасау.

Жас маман Нұрмұхан Мөлдірге тәлімгері бола отырып, негізгі  мақсаттар мен міндеттерді анықтадым.

Мақсаты:

Жас мамандарды жаңартылған білім беру мазмұнында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу және өзінің тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, жан- жақты дамыту

Міндеттері:

* Нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді меңгерту;

* Өз пәні бойынша жаңа технологияларды игеру;

* Алдыңғы қатарлы жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қолдану, іздену арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру;

* Озық тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу;

* Өз білімін көтеріп, толықтырып отыру;

* Шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің лабораториясын жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуды қалыптастыру;

* Курстар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел арқылы жас мамандардың кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру;

* Оқу- тәрбие жүйесінде шығармашылық ізденістер мен зерттеу жұмыстарына жағдай жасау.

Жұмыс формалары:

-жеке, ұжымдық, кеңес беру;

- сабақтарға қатысу;

- мастер-кластар, семинарлар, ашық

сабақтар;

- теориялық баяндамалар, жоба қорғау;

- тәлімгерлік;

- сауалнама;

Біздің жұмысымызды  үш кезеңнен құрдық:

1ші кезең – бейімделу.

Тәлімгер өз мақсат,міндеттерін айқындайды ;

2-ші кезең – негізгі.

Тәлімгер жас маманға арналған жоспарын әзірлейді және оны іске асыруға, өзін-өзі жетілдіруге көмектеседі.

3-кезең – бақылау-бағалау.

Тәлімгер оның дайындығын тексереді және жас педагогтың дәрежесін анықтайды, өзінің функционалдық міндеттерін орындайды.

Жас маманмен бастаған жұмыс түрі әңгімелесу, педагог көрсеткен қиындықтар, проблемаларды бірлесіп шешу.

Тәлімгерлік – бұл тұрақты диалог, тұлғааралық қарым-қатынас, демек, ұстаз, ең алдымен шыдамды  және мақсатқа ұмтылған болуға тиіс. Өз жұмысында жас педагог қолдануға тиіс неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл түрлері: іскерлік және рөлдік ойындар, "шағын топтармен жұмыс", жағдайларды талдау, тілді дамытатын, жеке көшбасшылық қабілетін, шешім қабылдай білу, дәлелді тұжырымдау білу.

Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау. Сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды сабақта қолдану үшін екені анықталды.

 Оқу процесінің ішінде Мөлдір сондай-ақ кез келген басқа оқытушының сабағына кіріп,тәжірибе алмасып, үйрену үшін сабаққа қатысып отырды.

- оқу – танымдық атмосфера жасау;

- пайдаланылатын оқыту әдістері;

- оқушылардың сабақта жұмыс істеуі;

- сабақтың тәрбиелік жағы;

- мұғалім мен оқушылардың қарым -қатынасын жетілдірді;

Мөлдір сыныппен тығыз байланыста болып , ата-аналармен ынтымақтаса біледі,сыныппен тәрбие сағаттарын және ашық сабақтар жүргізеді.

Жыл бойынша жас маманмен жүргізілген жұмыстан қорытынды жасауға болады: мұғалім қазірдің өзінде жаңаша әдіс-тәсілдерді,АКТ-ы жақсы меңгерген,сабақ жоспары мен күнтізбелікті жасауды біледі.

2016-2017, 2017-2018 оқу жылында Нұрмұхан Мөлдір аудандық "Жас мамандар" сайысына қатысып, өзінің қабілетін шыңдай жүріп, аудандық мақтау қағазымен марапатталды. Биыл ЖОО тәмамдайды.

Бейімделу кезеңінде жас маманның жұмысы сәтті өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруда көмек көрсетілді.

Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер:

• Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өту;

.Тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысу;

 

 

      






































Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының жас маман Ерлан Бахытгүлмен 

І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы  есебі 

2015 - 2016 оқу жылы 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі 
жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың


тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман

келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс.

2015 - 2016 оқу жылында жас маман Ерлан Бахытгүлге тәлімгер болып тағайындал-дым. Ең алдымен жас

маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен жә-не пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіріп өттім.

Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ  кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жос-парды құрастырып жазуға үйреттім. Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларының: бі-лімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстаз-ға   күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.

Сынып журналының талаптарымен таныстырып, дұрыс толтыруды қадағалап отыр-дым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.

Факультативтік қурс пен таңдамалы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын , тәрбие жұмысының жоспары жайлы түсіндіріп, оларды құрастыру жолдарын қарастырдық. Оқушылардың іс- қағаздарын жүргізу және жөндеу туралы нұсқау бердім. Жас маманға өз білімін одан әрі жетілдіру үшін педагогикалық ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге,рес-публикалық кәсіби басылымдарға жазылуға және таңдауға ұсыныс жасадым. Соңымен қатар өз білімін жетілдіру жоспарын құрастыруға бағыт бердім.

Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына қатысып, сабақты өткізген соң толық талдау жасап отырдым. Бахытгүл менің сабақтарыма үнемі қатысып отырды. Басқа да тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабаққа қатысу дәптерін толтыру жолдарын көрсеттім.

Жас маманға оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін мәселелер бойынша көмек көрсетілді. Алдымен сыныппен және ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы кеңестер берілді. Сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет екендігі ескертілді. Ата-аналар жиналысы   тоқсан сайын өтіліп отырды. Ата-аналардың жас маманға деген көз қарасы өте  жақсы.

Бахытгүлді дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстырып, оқушылардың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес бердім.

І тоқсанда оқушылардың  оқу жылдамдығы тексерілді. Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру үшін жекелей жұмыс жасау жоспары әзірленіп, сабақтан кейін қосымша сабақ беріп отырады.

Сыныптағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау жоспары  құрылып, іске асуда.  Оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауды кеңес бердім. Жас маманның шығармашылық портфолиосы мен оқушылардың портфолиосын жинақтауға бағыт бердім. Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, оны іске асыруды қажет еттім.

Жас маманға мектеп басшылары жасаған ескерту мен қателіктерді дер кезінде түзетуге көмек жасап, қайта тексеруден өткіздім. Алдағы уақытта жас маманмен жоспарланған жылдық жұмыс жоспары әрі қарай іске асуда.

Жалпы қорыта келгенде, Бахытгүлдің педагогикалық жұмысқа бейімі бар, сыныппен жұмыс істей алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды.Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.

Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының жас маман Ерлан Бахытгүлмен І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы есебі 2015 2016 оқу жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
13185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі