400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жас маманның бейімделуі»

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға арнылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жас маманның бейімделуі»

Мақсаты:
Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

«Сынық құмыра» аңыз-әңгімесі. (видеоролик)
Жас мамандар аңыз-әңгіме бойынша өз пікірлерін ортаға салып, мазмұнына талдау жасайды.

1. «Маятник» ойыны.
Шарты: 2 топқа адамның дене мүшелерінің суреті беріледі, яғни бірінші топ адамның бойындағы жақсы қасиеттердің қай жерде орналасатынын тауып қағаз бетіне жапсырады, ал екінші топ берілген суреттегі қай дене мүшесінде жаман қасиеттердің орналасатынын тауып қиып тастаулары қажет. (1-сурет)
2. «Жануарлар» ойыны.
Мақсаты: педагогтың мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, жаттығуға қатысушылардың басқалардың әрекетіне зейін салуына, байқағыштыққа сонымен қатар басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуге жетелейді.
Ойын шарты: қатысушыларға жануарлардың аты жазылған текшелер беріледі. Барлығы шеңбер бойына жиналып, қолдарындағы жануарлардың бір ғана қимылын салу қажет. Әрқайсысының міндеттері әуен тоқтағанда өз сыңарларын табулары қажет.
3. «Коучинг ой-жазу» жаттығуы.
Алдыңғы «Жануарлар» ойынында берілген жануарлардың аты бойынша барлығы өз сыңарларымен сөйлем құрастырулары қажет, яғни ол жас маманның оқу-тәрбие барысында кездескен қиындықтары, ұжыммен қарым-қатынас кезіндегі қарама-қайшылықтары, болмаса жеткен жетістіктері, ұсыныс-пікірлер түрінде де құрастыруға болады.
Мысалы:
1. М,е,ш,і,н;
2. С,и,ы,р.
3. Т,ү,л,к,і.
4. Ж,ы,л,қ,ы.
5. М,ы,с,ы,қ
4. Жадынама тарату
Жұмысты жаңа бастаған жас мамандарды
қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
2. Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр
болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.
3. Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
4. Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
5. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
6. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
7. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
8. Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кез¬де ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
9. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
Жас мамандарға
1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
3. Өзіңіздің білім атты «жүктемеңізді» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
5. Сабаққа көрнекілікті «артығымен» әзірлеңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
10.Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

5. «Кім мамыр айында туған...» жаттығуы

Топ дөңгеленіп отырады. Оларға бір –бірін жақсы тану мақсатында ойын жүргізілетінін түсіндіреді.

- Кімнің көзі қоңыр, сол көзін 3 рет жыпылықтатсын

- Кім таңертең дәмді таңғы асты жеді, сол ішін сипасын

- Кімнің туған күні қыс айында, сол орнынан тұрып бір адамды биге шақырсын

- Кім мысықты жақсы көрсе, сол үш рет мияуласын

- Кімнің көлік айдайтын құжаты бар, сол машинаның дауысын келтірсін

- Кімнің өзінен үлкен апайы бар, сол оң жағындағы көршісіне, бұл саған қатыссыз десін.

- Кім кофе ішеді, сол өз орындығының астына қарасын

- Кім отбасылы, сол ауада шексіздікті көрсетсін

- Кім үйде жалғыз бала, сол екі қолын көтерсін

- Кімнің баласы бар, сол орнынан тұрып қанша баласы бар сонша секірсін

- Кім бәрін білгісі келіп тұратын адам болса, сол өзі сияқты адаммен орнын ауыстырсын

- Кім бала күнінде «көзге көрінбейтін адам» болғысы келді, сол бетін қолымен жасырсын

- Кім аспапта ойнай алады, сол аспапты қалай ойнайтынын келтірсін

- Ең бірінші мектепке келгенде не нәрсе назарыма ілікті?

- Қандай сезімде болдым?

- Қандай ой ойладым?

- Менің ең алғашқы елестеткендерім, көргендерім қазір қалай өзгерді?

6. «Соқыр мен жетекші»

Бір қатысушының көзі байланады, қалғандар жетекшілер немесе кедергілер болады.

4. Менің кәсіби жоспарым

Әрбір қатысушыға кәсіби өмірін көз алдына елестетуді сұраймыз. Ол үшін саған маңызды өтіп кеткен 2 жағдай және болашақта сен өте қалайтын 2 жағдай суретте немесе жаз.

Талдауға сұрақтар

- Бұл жоспардың орындалуы кімге байланысты?

- Қай мерзімде олар орындалуы керек?

- Осы жоспардың орындалуына не нәрсе кедергі келтіреді?

- Егер олар орындалмаса сен қандай сезімде боласың?

5. «Чемодан» жаттығуы

Топқа әркімге чемодан бердік деп есептейік. Сол чемоданды «жинап» кәсібилік «жолға» шығасыңдар. Сен сол чемоданға қандай «заттар» салатын едің?
4. «Релаксация»
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Өзен толқындары құдды бір бұйра шаштай толқып өріледі. Судың сылдыры құлағыңызға жағып, күн шуағы құлағыңызға жағып, денеңізді қыздырып барады. Сіз орныңыздан тұрып, ыстық құмның үстімен жалаң аяқ жүріп келесіз. Ыстық құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Сіз салқын су ішіп денеңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жан-жағыңызға қараңыз, өте әдемі көрініс көріп отырсыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм. Кең дем алып, ақырындап, демімізді сыртымызға шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз бойымызға күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді керемет жандармыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі