жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жас математик"
Тақырыбы: «Жас математик» атты зияткерлік сайыс.
(5-сынып оқушылары арасында)
Сайысымыздың мақсаты: Математикалық ой-өрісін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушы сайыскерлер! Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер, барлығыңызға сәттілік тілеймін!
Уа, халайық, Халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне,
Математика тіліне,
Есеп шешіп жарысып,
Шабыттасып шалқысып,
Көңілді ойын жасайық,-дей келе математика пәнінен 5-сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Жас математик» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1- қатысушы –5 «А» сынып оқушысы, Кеңесбай Гүлсая
2- қатысушы – 5«Б» сынып оқушысы, Шапулатов Жасурбек
3- қатысушы – 5«В» сынып оқушысы, Жорабекова Нилуфар
4- қатысушы – 5«Д» сынып оқушысы, Ирисбекова Гулноз
5- қатысушы – 5«Ж» сынып оқушысы, Камалбекова Шодиёна
Ендігі кезекте бүгінгі сайыскерлеріміздің әр кезеңде жинаған ұпайларын есептейтін төрешілерімізбен таныс болыңыздар:
Асылханова Ғазиза
Тасырбаев Мадияр
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған.
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа,
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пәнғой математика.
Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық:
І кезең – «Тапқыр болсаң тауып көр»
ІІ кезең – «Викториналық сұрақтар»
ІІІ кезең – «Сырлы сөздер»
ІV кезең –«Кубик-рубик»
Сайысымыздың екі кезеңінен кейін аз ұпай жинаған екі қатысушымызды ойыннан шығарамыз. Сайысымыздың үшінші кезеңінен кейін ұпайы аз қатысушымызды шығарамыз. Ең соңғы кезеңге екі ойыншымыз қатысады.
«Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт», — деп алғашқы сайысымызды бастаймыз.
І кезең «Тапқыр болсаң тауып көр».
Бұл бөлімде ойыншыларға логикалық есептер және 3 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс шешімге 5 ұпай беріледі.
Есептер:
Тапсырма 1.Қатардағы келесі фигура қандай?
Ш
ешуі:
Суретті қарап, келесі қорытынды жасаймыз: шаршының оң жақ жоғарғы бұрышында боялған дөңгелек, төменгі сол жақ бұрышында боялмаған дөңгелек.
Тапсырма 2. Қатардағы сандар қандай заңдылық бойынша жазылған.
1, 4, 9, 16 25, 36…
Шешуі:
Тізбектес сандардың квадраттары берілген: 1, 4, 9, 16 25, 36, 49,64…
Тапсырма 3. Заңдылықты тауып, сұрақтың орнын толтыр.
|
? |
|
||||
|
? |
|
? |
|
||
|
10 |
|
27 |
|
36 |
|
3 |
|
7 |
|
20 |
|
16 |
Шешуі:
1-қатар:3+7=10; 7+20=27; 20+16=36;
2-қатар:10+27=37; 27+36=63;
3-қатар:37+63=100
Тапсырма 4.Суреттерді ретімен орналастыр:
Шешуі:
B,F,C,D,A,E
ІІ кезең «Викториналық сұрақтар»
«Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы» – деп кезекті «Викториналық сұрақтар» ға береміз. Бұл кезеңде сұрақтар барлық ойыншыға бірдей беріледі және жалаушаны кім бірінші болып көтерсе, сол ойыншы сұраққа жауап береді. Егерде сұраққа қате жауап берген жағдайда келесі ойыншы жауап беруіне болады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
Қазақстанның Республика күні (25 қазан)
1 километрде неше метр? (1000)
Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы (принтер)
Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны (әліппе)
1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт (365 күн)
1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
Абайдың әкесінің аты (Құнанбай)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
Абай атамыздың қара сөздері қанша? (45)
1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (тең)
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса салмағы қанша болады? (3кг)
1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)
64 қай санның квадраты (8)
100 жылдың басқа атауы (1 ғасыр)
5 санына кері сан (1/5)
Ең кіші 3 таңбалы сан (100)
12 он есе арттыр (120)
Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
360 саныны 10 есе кеміт (36)
1сағ 5мин минут арқылы өрнекте. (65 минут)
ІІІ кезең «Сырлы сөздер»
«Математика — Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл» дей отырып — келесі кезеңге көшеміз. Енді «Сырлы сөздер» кезеңінде өз білімдеріңізді ортаға салу мүміндіктеріңіз бар. Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі және оның жалғасын табады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын.
Бір тал кессең, он тал ек.
Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
Білгенің 1 тоғыз, білмегенің 99.
Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
Ер 1 рет өледі, қорқақ 1000 рет өледі.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді.
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
Жеті рет өлшеп,бір рет кес.
Дос егіз болса, дұшпан сегіз.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы.
Екі қошқардың басы, бір қазанға симайды.
Құда мың жылдық ,күйеу жүз жылдық.
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
ІV кезең «Кубик-рубик»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып сайысымыздың ең соңғы кезеңінеде жеттік. ІV кезеңде кубик-рубиктің бір жағын кім бірінші болып құрастырса, сол ойыншы жеңіске жетеді.
Қарап
тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге
әділ баға беріңіз.
Жүзден
жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,
бәйге бәйгелерді көріңіз.
Ал енді ойыншылар міне біз сайысымызды да сәтті аяқтадық. Олай болатын болса сөз кезегін әділқазыларымызға берейік. Бүгінгі «Жас математик» зияткерлік сайысына қатысқан барлық қатысушыларымызға үлкен алғысымды білдіремін.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген