400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас математик

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне интелльектуалды сайыстар ұйымдастыруға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі:

Еркеғұлова Айжан Жаулыбайқызы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№18 орта мектеп, 3 сынып

Сайыстың тақырыбы: Жас математик

Сайыстың мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейін анықтау;

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, шапшаңдығын, таным белсенділігін арттыру;

Сұрақтарға математикалық тілмен мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты дамыту.

Көрнекілігі: жазбалар, тест тапсырмалары, ұпайлық кеспелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сайыс шартымен таныстыру.

Әр тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға 5 немесе 10 ұпай беріледі.

Әр бөлім соңында ойыншылар ұпайлары есептеліп, соңғы бөлімде жеңімпаз анықталады.

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе: Математика ғылым патшасы,

Тең келмейді оған басқасы.

Елімнің егеменді өркендеуі,

Білімді өрендердің арқасы.

«Бәйге» бөлімі

Ойыншылардың тез және бірінші жауап беруі ескеріледі.

  1. Бүгінгі сабақ: қазақ тілі, математика және ана тілі болды. Математика бірінші емес, ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды? (қазақ тілі, ана тілі, математика)

  2. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтары он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 бұзау, 1 тауық)

  3. Егер 1 кг алманың бағасы 100 теңге болса, жарты кг алманың бағасы қанша болады?

  4. 1 айда неше апта бар?

  5. Ең кіші екі таңбалы санды тап.

  6. 3 ондық пен 4 бірліктен тұратын сан.

  7. Қыс пен көктемде неше ай бар?

  8. Шаршының қабырғасы 2 см, периметрі қанша? (8 см)

  9. Сенің жасың 8-де, бауырың сенен 3 жас кіші. Бауырың нешеде?

  10. 1 дециметрде неше сантиметр бар?

  11. 120 минутта неше сағат?

  12. 2 аптада неше тәулік бар?

  13. 100 бен 5-тің көбейтіндісі?

  14. Ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі? (мм)

  15. Күздің үшінші айы? (қараша)

  16. 4 санының квадраты (16)

  17. а+5 қандай өрнек? (әріпті өрнек)

  18. Ұшақ 8000 м биіктікке ұшты. Осы биіктікті км-мен ата. (8 км)

  19. 2-ге бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп сандар)

  20. Құрамындағы белгісіздің мәнін табуға болатын теңдік қалай аталады? (теңдеу)

«Кім жылдам?» бөлімі. Есепте (4 минут уақыт саналады)

  1. 14+30-4-40+39-15+10=34

  2. 23+51-4+10-40+26-2=64

  3. 85-5-26+6-30+13+7=50

  4. 8+6-12+39-37+9+20=33

«Ұшқыр ой» бөлімі (математика пәнінен өтілген материалдар бойынша тест тапсырмаларын орындау, 20 сұрақ)

Тест тапсырмаларын бағалау: 19-20 дұрыс жауап-40 ұпай

16-18 дұрыс жауап-30 ұпай

11-15 дұрыс жауап-20 ұпай

5-10 дұрыс жауап-10 ұпай

1. Бірінші кластың 55 бірлігі және екінші кластың 115 бірлігі – бұл...

A) 550115 B) 115055 C) 115550

2. 48409 санында бірінші кластың қанша бірлігі бар?

A) 409 B) 48 C) 9

3. 700 · (30+20)=700 50 өрнегінде теңдік дұрыс болуы үшін жұлдызшаның орнына қандай белгі қою керек?

A) + B) - C) ∙

4. Есептің дұрыс орындалу ретін анықтаңыз.

1 2 3 4

A) 900-(22+22∙11):3

4 2 1 3

B) 900-(22+22∙11):3

4 1 2 3

C) 900-(22+22∙11):3

5. 721 см-де ... бар.

A) 7 дм 21 см B) 72 дм 1 см C) 7 м 21 дм

6. Километрдің 1/4 бөлігі неше метр болады?

A) 25 м B) 250 м C) 2500 м

7. 2556 санын 56-ға бөлгенде қанша қалдық қалады?

A) 0 B) 16 C) 36

8. 98 саны қандай санға қалдықсыз бөлінеді?

A) 10 B) 8 C) 2

9. Ойлаған санды 50-ге бөлгенде 60 шықты. Ойлаған санды тап.

A) 10 B) 30 C) 3000

10. 5 санының квадраты нешеге тең?

A) 15 B) 10 C) 25

11. Жаяу адам 3 сағатта 15 км жол жүрді. Жаяу адамның жылдамдығын тап.

A) 5 км/сағ B) 45 км/сағ C) 5 км/cағ

12. Велосипедшінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал жаяу адамның жылдамдығы 6 км/сағ. Ол велосипедшіден неше есе кем?

A) 6 есе B) 2 есе C) 18 есе

13. Тыныќ мұхиттың ең терең жері 11000 м, ол Солтүстік Мұзды мұхитқа қарағанда 6000 м-ге артық. Солтүстік Мұзды мұхиттың ең терең жерін көрсет.

A) 5000 м B) 17000 м C) 66000 м

14. Шар 5 теңге тұрады. 35 теңгеге неше шар сатып алуға болады?

A) 7 шар B) 10 шар C) 8 шар

15. Қабырғалары 9 см және 6 см тік төртбұрыштың ауданын былай табуға болады:

A) 9+6 B) (9+6)∙2 C) 9∙6

16. Әр бөлігінің ұзындығы 3 см-ге тең 8 бөліктен тұратын сынықтың ұзындығын көрсет.

A) 11 см B) 24 см C) 27 см

17. Теңдеудің мәніне сай бағанды белгіле . х*3=3969

А) 1332 В)1323 С)1032

18. 6-разряд 3 және төртінші разряд 6 бірлік тұратын сан.

А) 304000 В) 603000 С) 306000

19. 1 кесінді 3см,2-сі 2 есе ұзын,3-сі біріншіден 2 см ұзын. Үшінші ?

А) 5см В) 7см С) 9см

20. 1 күні 24км, 2-күні 30км. Барлық жолға 9 сағат жұмсады . Егер олар бірдей V-пен жүрсе әр күні жолда неше сағат болған?

А) 4сағ, 5сағ В) 3сағ,3сағ С) 4сағ,6сағ

ІІІ. Қорытынды : Ұпайларын есептеп, жеңімпазды марапаттау. Сайысқа қатысып өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі