400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жас математик» атты интелектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: №1ОЖББМ Күні: № 12 сабақ

Тақырып: «Адам жақсы ісімен көрікті »

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, бар нәрсемен бөлісе білу, өзгеге көмек көрсету.

Мұғалiм: Уразова Ж.У

Сынып: 2


Сабақ мақсаты:

- Оқушыларға отбасындағы ізгі қарым қатынас туралы әңгімелеу арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларды отбасына, үлкендерге риясыз сүйіспеншілігін арттыру.

- бар нәрсемен бөлісе білуге дамыту.

- өзгеге көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т.

2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

3. Үй тапсырмасын тексеру. «Аурудан аяған күштірек» Ы.Алтынсарин

Талдау сұрақтары:

-Сейіт неліктен ауруды сезінді?

-Сейіттің бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?

- Өздерің жақындарыңды уайымдатпау үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөзбен жұмыс.


«Үлкен алдында жас парызы,

ата алдында бала парызы әдеп пен сый»

Мұхтар Әуезов

  • Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Үлкендердің алдындағы парызымыз туралы не ойласыңдар?

Мұхтар Әуезов

5.Әңгiмелеу.

Аңыз әңгіме: Маржан мен жауқазын


Маржан бала кезінен табиғатты және оның байлықтарын сүйіп өсті.Ата-бабасынан берілген қасиет шығар,атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннің ізбасары дейтін. Бірде Маржан серуендеп жүріп,бір жылаған дауысқа құлағын түрді.Абайласа,аяғының астындағы тастың қуысынан естіледі. Барлық күш-жігерін салып,тасты көтеріп еді,тастың астында қылтиып өсіп келе жатқан жауқазын гүлі,жапырақтары бүрісіп қалыпты,күлтесі де мыжылған.Маржан тасты көтеріп қалған сәтте-ақ,жауқазын ух! Деп тыныстады;мұндай жағдайда қалайша тап болдың,айтшы.жауқазын әлсізде нәзік даусымен мән-жайды түсіндіре бастады.-күз айының аяқ кезінде мына тас маған пана болам деп уәде беріп еді.міне,аяғы қандай жағдайға душар болдым.Тасты алысырақ алып тастап,жауқазынның бүрісіп қалған жапырақтарын жөндеп,топырағын қопсытып,су құйды.-жауқазын,сен налыма,менің жауқазынымсың,саған қамқоршы боламын,-деді

Талдау сұрақтары:

1.Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады ?.

2.Маржан мен тастын іс-әрекетінен қандай айырмашылық байқадыңыз?

3.Маржан жауқазынға риясыз сүйіспеншілігін қалай көрсете білді?


З.Мейірханова

6. Шығармашылық іс - әрекет.

3тапсырма. Отбасы мүшелерінің туған күндерін естеріңе түсіріп, ашық жолдарға олардың туған күндері мен айын жазыңдар.

4 тапсырма. «Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтар» тақырыбында үлкендермен бірге шағын әңгіме жазыңдар


7.Топпен ән айту

Бала тілегі

Бал-балалык, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен кара орман. (2рет)

Болашақтын иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нөріміз.

Алтын бесік - үлан-байтак елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар өніміз. (2рет)

Қалыктаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Үлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)

Сөзін жазган

С.Молдасанұлы

Әнін жазган

Ф. Лұқпанова


8.Үй тапсырмасы.

43 беттегі № 13 сабақ «Ғажайып адам» ертегісін оқып келу.

Оқулық

9.Тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі