400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас натуралистер станциясы « КММ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тазалық – денсаулық кепілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тазалық – денсаулық кепілі

Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол- адамның денсаулығы, өң-түсінің шырайлығы, өмір жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі деген сөз.

Алуан түрлі аурулар, індеттер, оларды тарататын микробтар нақ сол тазалықтың жоқтығынан, кір-ластан өрбіп, өршиді.Халқымыз: «Бірінші байлық –денсаулық, денсаулық кепілі-тазалық»,-деп, кемеңгерлікпен айтылса да, тұрмыста оған кереғар көріністерді аз кездестірмейміз.Күні бүгінге дейін кейбір үйлерге кірсең, қыл –қыбыр,көң-қоқыры есігінен төріне дейін, төрінен есігіне дейін ыбырсып жатқанын көресің.

Тазалықтың адам өміріндегі орны мен мәні жоғары болғандықтан оған ұмтылу қай халыққа да тән қасиет. Бұған олардың өмір салты, әдет-ғұрпы дәлел бола алады. Айталық, таңертең ұйқыдан тұрысымен, беті-қолын жуу барлық жұртта бар. Моншаға түсу, су жылытып шомылу, суға түсу- жер жүзіндегі барлық халықта кездесетін әдет. Тазалықты ардақтау, азық – түлікті, киім-кешекті, төсек орынды, ыдыс –аяқты, тұратын жайды, қора –қопсыны, айнала төңіректі таза ұстау, әркімнің өз бойын күтуі адамшылық пен тәрбиенің белгісі.

Адамның жеке басының тазалығынан оның мәдениеті, адамгершілігі, тәрбиесі, әдептілігі көрінеді. Тазалықты сақтау жай ғана таза жүру, денсаулыққа негіз қалау, ауру-сырқаудың алдын алу ұғымдарынан әлдеқайда кең адамдық кемелдік ұғым болып саналады. Тегінде тазалыққа дағдыланған адам жинақы, сергек болады, сылбырлықты, олпы-солпылықты, ұсқынсыздықты жек көреді. Киімді де істейтін ісіне, баратын жеріне ыңғайлап киеді. Оның өзі тәрбиелілік, әдептілік, мәдениеттілікке жатады.

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» демекші, айнала төңіректі, қоршаған ортамызды таза ұстау экологиялық зардап шегудің алдын алу болып табылады. Бұл іске адамды жасынан дағыландырса, тазалықтың мәні мен маңызын жете түсіндіріп отырса, тазалықты сақтап, оны орындауға жағдай жасаса, баланың рухани өсуіне де өте ізгі әсері болмақ деп білемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қазан
880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі