400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас өнертапқыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну. Мәліметтерді жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 7

Сабақ 152-153

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жас өнертапқыштар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.

Ж4. Мәліметтерді жинақтау

7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Ғаламтор желісінен алынған ақпарттың маңыздылығын түсініп, SWOT талдауын жүргізу

Сабақ барысында жинақтаған мәліметін Дилтс пирамидасы арқылы таныстырылым жасау

Ресурстар

http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_smart_besik_cradle_inventor/25222917.html

http://www.azattyq.org/a/25223371.html

http://audio.nur.kz/171331-mejrambek-bespaev-besik-zhiri

Бағалау критерийлері:

Ақпараттың маңыздылығын аңғарады;

SWOT талдауын жүргізе алады;

Өз мақсатын Дилтс пирамидасы арқылы презентациялай алады;

Дескриптор

Мәтіндегі ақпаратты түсінеді;

Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп – қатерін анықтай алады;

Дилтс пирамидасы бойынша презентация жасайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

Смарт бесік, бесігіңді түзе, жаңашылдықты қолдану, өздігінен тербелу, менің мақсатым, түрлі қабілеттер, қолдау көрсету.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Этнография, әдебиет, робототехника

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады, тақырыпқа қатысты бейнежазбаны тамашалайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

7 минут


Оқушылармен амандасып, оқу құралдарының түгел екендігіне көз жеткізген соң топқа бөлу.

Әртүрлі бесік суреттерінің қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Осы кезде бесік жыры қосылып тұрса болады.


http://audio.nur.kz/171331-mejrambek-bespaev-besik-zhiri


Топқа бөлініп, әнді тыңдап болған соң, мұғалім оқушылардан суреттер мен әннің бөлімізге қандай қатысы болуы мүмкіндігін сұрайды.

Тақырыпты болжайды.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

Сабақтың ортасы

3 минут









10 минут





























































10 минут


















8 минут









































2 минут

Топтық жұмыс

Оқылымалды тапсырмасы топқа бесік туралы пікірлер таратылып, астарлы мағынасын табуға жұмыстандыру.

1-топ. Ел болам десең, бесігіңді түзе! Мұхтар Әуезов

2-топ. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ғылым үйрену мұсылманға парыз» (Хадис)

3- топ. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?»

Оқылым тапсырмасы

Топтарға ғаламтор желісінен алынған мәтін таратылады. Мәтінді оқып, топпен талдап, маңызды 3 маңызды ақпаратты анықтайды.

1-топ.

Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады.

Баланың жылаған дауысына қарай өздігінен тербелетін, 12 вольттық батарейкамен-ақ қозғала беретін бесік ойлап тапқан астаналық жас өнертапқыш көпшілік жас қазақ отбасыларының мұқтаждығын дөп басқандай.
23 жастағы Серікбол Шәймардан – Қытайдың Алтай өлкесінің тумасы. Қазақстанға 2007 жылы көшіп келген. Орта мектепті Өскемен қаласында бітіріп, 2009 жылы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түседі. Қазір осы оқу орнында магистратурада оқиды. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Өзінің айтуынша, Қытайда оқып жүргенде физикадан мектепаралық өнертапқыштар жарысы өтіп, жасап апарған бесігінің алғашқы нұсқасы үшін жүлделі орын алады.



2- топ.

«Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 сантиметр болатын, стандарт бесіктің сыртына кигізілетін қалып немесе бесікті орнататын жиналмалы тұғыр. Қалыпқа арнайы Қытайда тапсырыспен жасалған қондырғы қойылады. Ал бесіктің өзіне магнит орналастырылады. Соның арқасында бесік 5 режим бойынша ақырын я жылдам тербеледі. Тербетілу уақытын 90 минутқа дейін созуға болады» деп сипаттады ол құрылғысын Азаттық тілшісіне.
Серікболдың бесігінде баланың күйінен хабар беретін бірнеше құрылғы бар екені байқалады. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жөргектің ылғалдығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбысты ескерту айтылады. Бесік тербетілгенде қондырғыға енгізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады.



3- топ.

«Smart Бесік ата-анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы болса деймін. Алдағы уақытта қондырғы жадындағы «Бесік жырларының» санын арттыруды ойлап жүрмін. Ол үшін бірнеше әншінің келісімін алдым» дейді өнертапқыш.
Серікболдың айтуынша, қазірдің өзінде Smart Бесікке жер-жерден тапсырыстар түсіп жатыр. «Smart Бесік» жобасына ат қоюға көмектескен және тұтынушы ретінде қызығушылық танытқандардың бірі – ақтаулық блогер Тимур Бектұр.
«Өзім IT маман ретінде жаңашылдық атаулыға қатты қызығамын. Серікболдың Smart Бесік құрастырып жатқанын білемін. Оның үстіне, бесікке жататын 5 айлық балам бар. Осы бесікке баламды жатқызып сынап көрсем деймін. Егер балам жатқысы келмесе, онысын айтармыз. Менің ойым – жаңашылдықты қолданып көру» - дейді блогер.
Серікбол Қытайда өнертапқыш ретінде Smart Бесікке қатысты авторлық құқығын бекітетін патент алған. Енді осындай куәлікті алу үшін Қазақстанның әділет министрлігіне құжаттарын өткізіп қойған.
Өнертапқыш болашақта Smart Бесік-1 және Smart Бесік-2 деген атаумен жобасын жетілдіре бергісі келетінін жеткізді.


Оқылымнан кейінгі тапсырма

Әр топ өз мәтініндегі ақпаратқа сүйене отырып, өз тұжырымдарын SWOT талдауымен береді.

S – күшті тұстары

W – әлсіз тұстары

O - мүмкіндіктері

T – қауіп - қатерлері


Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Ақпараттың маңыздылығын аңғарады;

SWOT талдауын жүргізе алады;


Мәтіндегі ақпаратты түсінеді;

Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп – қатерін анықтай алады;



Жеке жұмыс

Жазылым тапсырмасы

Дилтс пирамидасы негізінде өзіңіз Серікбол секілді заманауи өнертабыс жасап, таныстырылым жасаңыз.

Әр сатысындағы тірек сұрақтарына сүйене отырып, мақсатыңызды

тРавнобедренный треугольник 2 үсіндіріңіз.

Надпись 6

Миссия





Надпись 5

Идентификация




Прямая соединительная линия 7 Надпись 4

Құндылықтар






Прямая соединительная линия 6

Надпись 3

Қабілеттер







Прямая соединительная линия 5 Надпись 2

Іс- әрекет





Надпись 1

Қоршаған орта




Прямая соединительная линия 3



Прямая соединительная линия 1

  1. Кім? Не? Қашан? Қайда? Кіммен?

  2. Мақсатқа жеткеннен кейін қандай әрекет жасамақсыз?

  3. Мақсатқа жету үшін қандай қабілетке ие болуыңыз керек?

  4. Мақсатыңыз несімен құнды?

  5. Мақсатыңызға жеткен соң сіз кімге айналасыз? Кімге ұқсағыңыз келеді?

  6. Мақсатыңыз кімге, неге бағытталған? Сіз бұл мақсатқа жеткен соң кім қуанады?


Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Алған ақпараттары негізінде өзіндік көзқарасын ұсынады;

Өзіндік көзқарасын пайымдайды;


Өз мақсатын Дилтс пирамидасы арқылы презентациялай алады;

Дилтс пирамидасын қолдана алады;

Әр саты сұрақтарына жауап береді;



Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалім жарайсың, өте жақсы, керемет сөздерімен бағалайды;

Топта жасаған жұмыстарына пікір білдіру арқылы өзара бағалау жүреді;

Дифференциация.

А деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жақсы біледі; факт келтіреді; көзқарасын көркем тілде жеткізеді, септеулік шылауларды баяндау барысында орынды қолданады, тақырыпқа қатысты негізгі мәселені анықтап, мақсат қоя алады, шешу жолдарын нақты көрсетеді.

В деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жалпы біледі; факт толық келтірмейді, көзқарасын түсінікті жеткізеді, баяндау барысында септеулік шылауларды орынды қолданадықолданды.

С деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын дұрыс түсінбейді; факт келтіре алмайды, көзқарасын жеткізуде қиналады, септеулік шылауларды тек санамалап бере алады, баяндау барысында қолдануда қиналады.

Сабақтың соңы

5 минут



«3Ұ»

Ұнады

Ұнамады

Ұсыныс



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
2364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі