Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЖАС ОҚЫРМАН» ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап оқу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қиялдау қабілетін дамыту, танымдық көзқарасын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Габдуллина Э.Д.

Балқаш қ. С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

«ЖАС ОҚЫРМАН» ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСТЕРІ


Кітап оқуға қызығушылық тудыру педагогикалық үрдістің өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет оқуға қызығушылығын қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі. Сол себепті педагогтың алдында ең алдымен оқуға құштарлығын ояту үшін тиімді тәсілдерді қарастыру қажеттігі туындайды. Тиімді әдіс тәсілдерді қолданған педагог қана жетістікке жететіні белгілі. Кітап оқу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қиялдау қабілеті дамып, танымдық көзқарасы артады.

Мектеп жасына дейінгі баланың оқуға құштарлығы шығарманың қызықтылығына, оның эмоционалды болуына тікелей байланысты. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балалардың кітап оқуға құмарлығын арту үшін ең алдымен шығарманың мазмұнына мән беру керек.

Әсіресе педагогтың шығарманы балаларға жеткізуі балалардың қызығушылығы оянуының басты себептерінің бірі. Педагог ертегіні, әңгімені неғұрлым қызықты етіп айтқан болса, балалар соғұрлым мол кітапты оқуға ынтыға түседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кітап оқуға құмарлығы жайлы көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, Г.И. Щукина, Ю.К. Бабанский, С.П. Баранов және т.б.

Щукина Г.И. мен Гилева Д.К. айтуынша, қызығушылық бірнеше кезеңнен тұрады: «қызыққұмарлықтан білуге құмарлыққа ауысады» [1, с. 184].

Баланың кітапқа қызығуы ерте жастан басталады. Мектеп жасына дейінгі барлық кезеңде бастапқы кезеңінен мектеп жасына жеткенге дейінгі кезеңде әдеби шығармалардан танысудан бастап, кітапқа құмарлығы пайда болып оқырман болып қалыптасады.

В.А. Бородина мен Д.Б. Элькониннің айтуынша мектеп алды даярлық тобының балалары кітап оқу кезінде эмоционалды қызығушылығы қалыптасып, кейіпкерлерге, кітаптағы оқиғаларға өзінің жеке пікірі туындап, оқиғаларды зердесінен өткізіп түсінеді [2, с. 85]. Осы жастағы балалар оқып жатқан шығармаларының жанрын да ажырата білетіндері де бар. Ол тікелей педагогтың шеберлігіне байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалар ерте жастан түрлі жанрлардағы шығармалармен танысады. Педагог оқып жатқан шығарманың жанрымен таныстырады. Оқып болған педагог қызықты жерлерін еске түсіріп, әр кейіпкердің ерекшелігімен таныстырады. Әртүрлі интонация арқылы шығарманы әсерлей түседі. Балалардың сөздерді анық қайталап, сөздік қорларына жаңа сөздер қосуларына үлес қосу керек. Одан кейін оқылған шығарманы талдайды. Ал мектеп алды даярлық тобының балалары педагог тоқтаған жерден оқиға қалай өрбуі мүмкін екендігі жайлы айтады.

Ертегілерді құрамына қарай қысқа Түлкі мен тырна») және ауқымды Қарша қыз») етіп алуға болады.

Ертегінің оқиғасы мынадай шарттарға сәйкес болу керек:

  • Оқиғада адамгершілік көрініс табуы қажет;

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға мазмұны түсінікті болуы керек;

  • Бала шығармадағы оқиғаларға баға бере алатындай болуы керек;

  • Мәтін нақты компазицияға ие болуы керек;

  • Оқиғалардың нақты болуы керек;

  • Кейіпкерлердің мінез құлықтары айқын бейнеленуі керек;

Жоғарыда айтылғандарға қоса, оқылған шығарма балаларға адамгершілік, мейірімділік, елгезектік қасиеттерін насихаттауы қажет. Шығарма оқылып болған соң шығармаға байланысты шығармашылық тапсырмалар орындау балалардың есте сақтап, кітап оқуға қүштарлығын оятатыны сөзсіз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығарманы қабылдау үшін педагог мынадай тәсілдерді қолданады:

  • Шығармаға байланысты дидактикалық ойындар құрастыру;

  • Жұмбақ, жаңылпаш, өлең жолдарын қолдану;

  • Балалардың өз өміріндегі ұқсас оқиғалармен бөлісуі;

  • Суреттерді оқиға желісіне орай рет ретімен орналастыру. Мен «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі осы суреттерді балалар осылайша ретімен орналастыру арқылы ертегі желісін айтып береді;

«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреттермен берілген желісі

  • Берілген бір сурет арқылы оқиғаның желісін ары қарай жалғастыру;

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

«Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі осы екі суретке сүйеніп оқиғаны жалғастырады.

  • Оқиға желісі бойынша жетіспеген суреті табу [3, с. 299-301].

Жас оқырман тәрбиелеудегі маңызды қағидалар:

  • топтағы кітаптар бұрышы (Әдемі, ұқыпты орналасқан бұрыш баланы елтіп әкетеді).

Оқырман бұрышы

  • кітапханаға жасалатын экскурсиялар (Кітапханашының жасаған көрмелері мен қызықты таныстыруы балалар үшін кітап әлемін ашулары керек. Осындай мақсатпен мектебіміздің кітапханасына балаларды экскурсияға апарған болатынмын. Балалар кітапқа деген қызығушылығын жасыра алмады.


кітапханаға экскурсия

  • сюжетті рөлді ойындар арқылы шығарманы сахналау (ертегілердегі кейіпкерлерге еліктеу арқылы кітапқа қызығушылығын арттырамыз). Сабағымыз қызықты өтуі үшін, балалардың кітапқа деген қзығушылықтарын арттыру үшін мен де өз тәжірибемде сюжетті-рөлді ойындарды жиі қолданамын.

Сюжетті рөлді ойындарды сахналау сәті

Оқырмандық қызығушылықты бала күннен дамыту керек. Ол жоспарланған, жан жақты, тиімді, кешенді педагогикалық процесс болуға тиісті. Қоршаған ортасы маңызды рөл атқаратындықтан, кітап балаға қолжетімді болуға тиісті. Сондықтан топтағы кітаптар бұрышы болуы маңызды. Осы аталған шарттарды орындаған кезде ғана жас оқырмандарды тәрбиелеп шығарамыз.




Әдебиеттер:

  1. Логинова В.И., Максаков А.И., Попова М.И. Развитие речи детей дошкольного возраста: Пособие для воспитателя детского сада.—М.: Просвещение, 2013.

  2. Теплов Б.М. Психологические вопросы художественного воспитания // Педагогика.— 2010.— № 6.  

  3. Алексеева М.М., Яшина В.И. Методика развития речи и обучение русскому языку дошкольников: Учебное пособие. 2-е издание.—М.; Академия, 2012.  




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2022
1291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі