жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жас оқытушалар сайысы "Болашаққа алты қадам алгоритмі"
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл-Фараби
Елбасымыз Н.Әбішұлының «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты жолдауының бағыттарында:
-
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
-
Ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.
Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.
-
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
-
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.
Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады» - деп атап көрсеткен болатын.
Өскелең ұрпақтың бойына компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларды сіңіріп, әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмін, олардың алға басуына қажетті алғышарттарды қалыптастыра отырып, латын тілін жетік меңгерген, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білетін, ХХІ ғасырға лайықты білімді, білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау бүгінгі күннің талабы. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жолдауының аясында «Болашаққа 6 қадам алгоритмі» атты кафедра аралық жас оқытушылар арасындағы сайыс ұйымдастырылып отыр.
Бұл сайыста әр кафедрадан бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түседі.
Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты.
Сайыстың мақсаты:
- жас маманның педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай болуға бағыттау;
- ізденіспен жұмыс істейтін талантты жас оқытушыларды анықтау;
- жас оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру;
- оқыту мен тәжірибелеудің ерекше формалары мен әдістерін, жаңа идеяларды іздеуге ынталандыру;
- жас оқытушыларды ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын арттыру және ғылыми зерттеуге жетелеу;
- еңбек жолдарында табысты, ғылыми және инновациялық бағытта еңбек етуге моральдық ынталандыру
- мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Міндеттері:
1. Әрбір жас маманның педагогикалық
шеберліктерін дамыта отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде
шәкірттің білімін жоғары деңгейге
көтеру;
2. Жас мамандардың теориялық білімдерін
тәжірибеде қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3. Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы ролін
арттыру, олардың құзырлығын
дамыту;
4. Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби
тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдану және
ынталандыру;
5.Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын,
мемлекеттік білім стандартын, үлгілік оқу жоспарын, әдістемелік
нұсқауларды талдау - игеру жұмыстарын
жүргізу;
6. Оқу сабақтарының барлық түрінің
өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін
жетілдіру;
7. Жас
мамандарға жеке бас ерекшелігін ескере
отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми – әдістемелік
көмектер көрсету.
Ұстаздар - ұлттың
тірегі,
Ұстаздар - елдің
жүрегі.
Ұрпаққа жетер
ұстазбен,
Халықтың ұлы
тілегі
– дей келе, жас мамандардың ұстаздық еңбек жолына бағыт беріп, сәттілік жолдау үшін колледж әдіскеріне тілек берелік.
Сайысты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі:
1. Сайысқа колледжге биыл қабылданған жас оқытушылар қатысады.
2. Сайыс «Болашаққа 6 қадам алгоритмі» тақырыбы аясында қадамдық тапсырмалар орындау барысында жүзеге асады.
3. Тапсырмалар сайыстың шарттарында көрсетілген мерзімінде қабылданады.
4. Ұйымдастырушылар тапсырмаларды орындау нәтижелерін әр кафедрадан тағайындалған эксперттерге ұсынады.
5. Қазылар алқасы кәсіби педагогикалық шеберліктеріне баға бере отырып, білім мен тәрбие жұмысына қатысты сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз жас мамандарды анықтап, номинациялар бойынша марапаттайды.
6. Сайыстың салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері колледжіміздің әдістемелік кабинетінде ұйымдастырылады.
«Болашаққа 6 қадам алгоритмі» сайысының шарттары:
-
- қадам. Визиттік карточка. «Ұстаздық өмір дерегім» (түрлі жанрда 3 минуттық таныстыру, пән оқытушы ретінде өзін таныта білу)
Ескеріледі:
- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
2-қадам. Тест тапсырмаларын орындау. («БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жолдауын талдау – игеру)
3 - қадам. Сабаққа қатысу. (Студенттің бойында компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілін білу, мәдени ашықтық, латын әліпбиін білу факторларын қалыптастыру мақсатында жас маман сабағының жаңа тақырыпты түсіндіру бөлімінде қолдануы қажет.)
4 - қадам. Сабақ жоспарын құру. (Білім – ғылым – инновация, ізденіс және тәжірибе слайд жасап онда толық сабақ жоспары талданады)
5-қадам. Педагогикалық жағдаят (сабақ үстінде болған ситуациялық жағдайдан шығуы.)
6 - қадам. Жан – жақты оқытушы. (Әр саладан қойылған сұрақтарға шапшаң беру)
-
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? 1989
-
Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997
-
Дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет? Ресей
-
Олимпиада туының түсі қандай? Ақ
-
2011 жылға дейін Республика күні болып тойланып келген күн? 25 қазан
-
Қазақстан мемлекеті неше облыстан тұрады? 14
-
Қандай құс бейбітшіліктің белгісі, хат тасушы атанған? Көгершін
-
Қазақ Ғылым академиасының тұңғыш президенті? Қ. Сатпаев
-
«Педагогика» оқулығының авторы? М. Жұмабаев
-
Түс ажыратыла алмайтын адам? Дальтоник
-
Жауын ең көп жауатын ел? Үндістан
-
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты жолдау жарияланған күн.
-
Жеті атаны таратыңыз. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
-
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Мен
-
Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
-
Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
-
Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
-
Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады/су
-
Кімнің шашына жаңбыр жауғанда су тимиді? Қолшатыры бар адамға
-
Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек? Жүру керек
-
Тамақ пісіретін кезде ең алғаш қазанға не саламыз? Көз
«Бағдарламамен қамтамасыздандыру» кафедрасы сайысты ұйымдастыру мен өткізу үшін ұйымдастырушы оқытушылар мен қазылар алқасының құрамын тағайындайды.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?
Қазылар алқасы
құрамы:
|
|
Ж.Г.Нургалиева |
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
|
|
Р.А.Сазанбаева |
сапа жөніндегі басшылық өкілі |
|
|
Г.М.Толымбек |
колледж әдіскері |
|
|
М.Т.Магруфова |
қазақ тілі пәнінің оқытушысы |
|
|
Г.К.Исабекова |
ағылшын тілі оқытушысы |
|
|
Ж.Е.Махамбетова |
информатика пәнінінң оқытушысы |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген