400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жас полиглот" атты зияткерлік ойын жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ жоспарын жоспарлауда көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№11 мектеп-лицейі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Мунусова Гаухар Кабдусалямовна


«ЖАС ПОЛИГЛОТ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ


«Көптілділік – жан азығы,

таусылмас білім қазығы»


Мақсаты:

Білімділік: 
Оқыту қазақ тілді емес мектептерде білім алушылардың тілдік-коммуникациялық құзыреттіліктерін арттыру.

Дамытушылық:
Өңірлік «Полиглот» бағдарламасының жүзеге асыру аясында бірнеше  тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға  қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.  
Тәрбиелік:  

Өз тілін сүюге, өзге тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Өткізу формасы: Интерактивті әдіс – тәсілдер қолданылатын зияткерлік ойын.
Түрі: Сыныптан тыс шара

Қатысушы командалар:

«Дарабоз», «Ақбозат» (4 «В», 4 «Б» сынып оқушылары)

Іс-шараның көрнектілігі:

«Үштілді күнтізбе», «Тұлпарлар» қалыптастырушы бағалау макеті, топтық белгілер, «Ұшқыш тәрелкелер» слайдтары, «Мейірімділік» ертегісінің аудио-видео нұсқасы, «Музыкалық кілт», «Ұлттық табақтар», командалар төсбелгісі.

ІС-ШАРА БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Жас полиглот» атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер!

-Сайысымыздың мақсаты:

  • Қазақ тілінен 4-сынып оқушыларының тілін ұстарту

  • Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін арттыру

  • Оқушылардың үш тілден білім деңгейлерін анықтай отыра, тілдік-коммуникативтік әлеуеттерін дамыту

-Сайысқа 4 «В» және 4 «Б» сынып оқушылары қатысады. Ендігі сөз кезегін осы сыныптардың командаларына берейік! Ортаға 4 «В» сыныбы шақырылады! («Дарабоз» командасы «Жігіттер» әніне дайындалған биілерімен ортаға шығады, өздерін таныстырады)

«Дарабоз» командасының ұраны:

Дарабоз біздің атымыз,

Білімді біздің затымыз.

Сайыста біз құстаймыз,

Жеңіс туын ұстаймыз.

«Ақбозат» командасының ұраны:

Біз білімді баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сайыс туын құлатпай,

Ақбозаттай шабамыз.

Келесі ортаға 4 «Б» сыныбы шақырылады! («Ақбозат» командасы «Адай» күйіне дайындаған билерімен ортаға шығады, өздерін таныстырады)

-Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

  • Сайыс арасында әр команда өнерпаздары «Музыкалық кілтті» таңдап, өз өнерлерін көрсетуі керек.

Құрметті қонақтар, өздеріңізден сайыстың әділқазылары болуын өтінеміз. Әр сайысты бағалай отырыңыздар. Бағалау парақшалары үстел үстінде.


ІІ Негізгі кезең

Сонымен ойынымызды бастайық, командалар!

(«Дауылпаз»-дыбысы- қосылады)

  • Бірінші сайыс – «Кім жылдам?» сайысы.

  • Осы кезең екі жұмыс түрінен тұрады. Бірінші, балалар, алдарыңда жатқан табақ үстіне сурет қималарынан бір тұтас сурет етіп жинауларың керек. Екіншіден, берілген қима суреті бойынша конвертте берілген сөздерді жапсырып, дұрыс сөйлемдерді құрап, ақ плакатқа орналастырыңдар!

  • Ендігі кезекте ойынымыздың екінші кезеңі – «Жас полиглотқа» көшейік.

  • Ол үшін интербелсенді тақтаға қараңдар. Бұл ойынға 2 топ қатысады.

Олар кезекпен жауап береді.

Бұл ойынға 2 топ қатысады (Олар кезекпен берілген сұрақтарға жауап береді). «Дарабоз» командасы жасыл ұшқыш тәрелкесіне, «Ақбозаттар» көк ұшқыш тәрелкесіне отырасыңдар.


  • «Музыкалық кілт» (4 «В» тобы – «Қара жорға» биі, 4 «Б» сыныбы – Саксафондағы «Розовая пантера» музыкалық сәлемі)


  • Ал енді бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық! Ол үшін команда капитандарына «Музыкалық кілт» ұсынамын. Сендерге «1» нөмірі түсті, бірінші өнерлеріңді көрсетіңдер. Ал енді кезек, екінші команда, сендерге.


  • Қазір, балалар, сайысымыздың үшінші кезеңіне көшеміз.

  • Бұл сайысымыз «Үнсіз ертегі» деп аталады. Ертегіні сендер бейнесюжеттен көресіңдер және де оқиға желісін баяндайсыңдар.

  • Ал енді дұрыс жауабын интербелсенді тақтадан қарайық!

  • Сайысымыздың төртінші кезеңіне көшейік.

  • Берілген тақырып бойынша үш тілде үш-үш сөйлемнен тұратын сұхбат құраңдар.

ІІІ Қорытынды

Бүгінгі сайыстың қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Нәтижелер айтылғанша дейін «Чемпиондар» әні орындалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
1320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі