15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас қаламгер
Бекітемін Келісемін
«Өтес» орта мектебі ММ Маңғыстау аудандық БҰО
директоры А. Назарова директоры С Бусаханова
«____» ______________ «____»_______________
«Жас қаламгер»
(Үйірмесі)
Бастауыш сынып мұғалімі: Амангелдиева М
3 «Ә» сынып
2017
«Жас қаламгер»
үйірмесінің бағдарламасы
Түсінік хат
«Жас қаламгер» үйірмесі Өтес орта мектебінің 3-сынып оқушыларына арналған . Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, ана тілі сабақтарына қызығушылықтарын арттырады.
Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады.
Үйірменің оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді.
Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Үйірменің міндеті:
-
Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;
-
Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;
-
Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
-
Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.
|
№ |
Тақырыптың аты |
Сағат саны |
Мерзімі |
Өткізілу түрі |
Пайдаланған әдебиеттер |
|
1 |
Үйірменің мақсат, міндеттерімен таныстыру |
1 |
|
Кіріспе әңгіме |
|
|
2 |
Ертегілер әлеміне саяхат |
1 |
|
Сурет салу |
«Ертегілер» кітабы, «Балдырған журналы» |
|
3 |
101 жұмбақ, 1001 мақал |
1 |
|
Дөңгелек үстел |
Мақал-мәтелдер кітабы |
|
4 |
Жаңылтпаштар жаттау |
1 |
|
|
Балалар әдебиеті |
|
5 |
Шешендік өнер. Өнер алды қызыл тіл. |
1 |
|
Шығармашылық жұмыс |
Халық даналығы |
|
6 |
Қызықты сұрақтар |
1 |
|
Әңгіме. Шығар. жұмыс |
«Балдырған», «Айгөлек» журналдары |
|
7 |
Өлең ұйқастарын құрастыру |
1 |
|
Мәнерлеп оқу |
Суреттер Ана тілі хрест |
|
8 |
Әңгіме мазмұнын жалғастыр |
1 |
|
Дөңгелек үстел |
«Балдырған», «Айгөлек» журналдары |
|
9 |
Менің айналысатын сүйікті ісім |
1 |
|
Сахналық қойылым |
|
|
10 |
Егер мен сиқырлы таяқ тауып алсам. |
1 |
|
Әңгіме. Шығар. жұмыс |
Балалар әдебиеті |
|
11 |
Буын ұйқасын тап |
1 |
|
Дөңгелек үстел |
|
|
12 |
«Табиғат- менің алтын ұям» |
1 |
|
Әңгіме. Шығар. жұмыс |
«Балдырған» журналы |
|
13 |
Төрт түлікке байланысты әңгімелер құрастыру |
2 |
|
Автор орындығы |
«Балдырған», «Айгөлек» журналдары |
|
14 |
Қазақстан. Отаным – алтын бесігім |
1 |
|
Автор орындығы |
Ана тілі хрестоматиясы |
|
15 |
Менің батыр бабаларым |
1 |
|
|
«Батырлар жыры» |
|
16 |
Жұмбақтар шешу |
1 |
|
Сайыс сабағы |
Халық даналығы |
|
17 |
Мәнерлеп оқудың маңызы |
1 |
|
|
«Балдырған» журналы |
|
18 |
Мәнерлеп өлеңдер оқу |
2 |
|
|
|
|
19 |
Диалог пен монолог |
1 |
|
|
Балалар әдебиеті |
|
20 |
Өлеңді рөлге бөліп оқу |
1 |
|
Мәнерлеп оқу |
Ана тілі хрестоматиясы |
|
21 |
Сөздер ұйқасын тап |
1 |
|
Пікірталас |
«Балдырған» журналы |
|
22 |
5 жолды өлең құрастыру |
1 |
|
Автор орындығы |
|
|
23 |
Мен өскенде кім болам? |
1 |
|
Әңгіме. Шығар. жұмыс |
Балалар әдебиеті |
|
24 |
Мазмұндама жазу |
1 |
|
|
Ана тілі хрестоматиясы |
|
25 |
Абай өлеңдері. |
1 |
|
Мәнерлеп оқу |
Балалар әдебиеті. Ана тілі хрестоматиясы |
|
26 |
Мәнерлеп оқу сайысы |
1 |
|
Дөңгелек үстел |
|
|
27 |
Жылдың төрт мезгілі |
1 |
|
Әңгіме. Шығар. жұмыс |
Суреттер Ана тілі хрест |
|
28 |
Төрт түлік толы даламыз |
2 |
|
|
Балалар әдебиеті |
|
29 |
Өнегелі ұлан болып өсеміз |
1 |
|
Әңгіме. Шығар. жұмыс |
«Балдырған» журналы |
|
30 |
Үлкенге құрмет-кішіге міндет |
1 |
|
|
Суреттер Ана тілі хрест |
|
31 |
Диалог құрастыру «Оқымысты бала |
1 |
|
Автор орындығы |
|
-
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы 3 сынып Атамұра, Алматыкітап.
-
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы №1,№2
-
Қ.Қ. Жамантаева «Сөйлесейік те жазайық, өз тілімізге үйренбей қалмайық»
-
Қазақ ертегілері
-
Мақал-мәтелдер кітабы
-
«Балдырған», «Айгөлек» журналдары
Тақырып:
Жол ережесі туралы.
Жол ережесі, жол белгілері туралы мәліметтер бар. Жол ережесін әр адам міндетті түрде жақсы білуі керек. Себебі жол ережесін білмеген адам апатқа ұшырауы мүмкін. Адамдар тротуармен сонымен қатар жаяу жүретін жолдарға арналған жолдармен, ал ондай жолдар болмаған кезде, жолдың шетімен байқап жүруі керек. Қолында көп немесе ауыр заттар боласа олар тротуар немесе ол болмаса жолдың шеткі жақтарымен жүріп келе жатқанда басқа да сол жолмен жүріп келе жатқан адамдарға кедергі келтіретін жағдай болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен қозғалуына болады. Тротуарлар, адамдарға арналған жол және жолдың жағалауы болмағанда, сонымен қатар олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, Адамдар велосипед жолымен және көлік жүретін бөліктің шеткі жағымен бір қатарда қозғалуларына болады. Елді мекендерден тыс жерлерде адамдармен көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүріп отыруы тиіс. Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші жая жүргіншілерр көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген