БҚО Зеленоа
ауданы
Новенький
ЖОББМ-ң
Бастуыш класс
мұғалімі
Жайлиева
Д.Е.
Жас қаламгер үйірмесінің
бағдарламасы
«Жас қаламгер» үйірмесі
2-3 сынып оқушыларына арналған . Үйірме
аптасына
1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме
оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани
дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал
жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады.
Оқушылардың қазақ тілі, әдебиеттік
оқу сабақтарына (шығарма, өлең жазу, мәнерлеп
оқу, өлең шумақтарын құрастыру)
қызығушылықтарын
арттырады.
Үйірменің оқу материалына халық ауыз
әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер,
мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер,
ертегі, өтірік
өлең)
сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін
жан-жақты толығып дамуына ықпал
етеді.
Үйірме сағатында жеке тұлғаны
дамытып, өлең шығаруға, шығарма жазуға,
мақа-мәтел, жұмбақ құрастыруға
қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,
ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп,
шығармашылықтарының
еркін дамуына жол ашу
көзделеді.
Үйірменің
мақсаты:
Оқушылардың сыныптан тыс
уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін баулып және
қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,
жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын көркем әдеби әдеби тілмен
өрнектей білуге машықтандыру. Оқушыларды сайыстарға дайындау.
Оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында түрлі басылымдарға
жариялау.
Үйірменің
міндеті:
- Оқушылардың оқу-тәрбие
үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап,
қабілеттерін шығармашылық тұрғысынан
шыңдау;
-
Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын
қалыптастыру;
-
Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
-
Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын
қалыптастыру, өлең, шығарма жазуға, мәнерлеп
өлең оқуға деген қызығушылықтарын
дамытуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ертегі, әңгіме,
өлең жазуға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді
бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді.
Өлең жазу барысында ұйқасына мән
беру, мәнерлеп оқу барысында
нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға
үйренеді. Оқуға, өлең, шығарма, жұмбақтар
жазуға деген қызығушылықтары
артады. Оқушылардың жұмыстары
баспаларға жарияланады.
№
|
Тақырыптың
аты
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
1
|
Кіріспе.
Үйірменің мақсат, міндеттерімен
таныстыру
|
1
|
|
2
|
Ертегілер еліне саяхат. Ертегі
құрастыру.
|
1
|
|
3
|
Ертегіні рөлге бөліп
оқу.
|
1
|
|
4
|
Мақал – мәтелдер мағынасын
ашу. Мақал-мәтелдерді тақырыптық жағынан іріктеу,
жинау
|
1
|
|
5
|
Мақал – мәтел
құрастыру
|
1
|
|
6
|
Жұмбақтар құрастыру,
жинақтау
|
1
|
|
7
|
Әріптік жұмбақ
құрастыру
|
1
|
|
8
|
«1001 мақал,
101
жұмбақ»
сайысы
|
1
|
|
9
|
Жаңылтпаштар
әлемі.
|
1
|
|
10
|
Жаңылтпаш
құрастыру
|
1
|
|
11
|
Жаңылтпаш айту
сайысы
|
1
|
|
12
|
Шешендік өнер. Өнер алды қызыл
тіл.
|
1
|
|
13
|
Өлең жазуды үйрену. Тармақ,
шумақ,ұйқас.
|
1
|
|
14
|
Өтірік өлең жазуды
үйрету
|
1
|
|
15
|
Буын ұйқасын
тап
|
1
|
|
16-17
|
Өлең ұйқастарын
құрастыру
|
2
|
|
18
|
Әңгіме мазмұнын
жалғастыр
|
1
|
|
19
|
Сурет бойынша әңгіме
жоспарлау
|
1
|
|
20-21
|
Жоспар бойынша әңгіме
құрастыру
|
2
|
|
22-23
|
Табиғат мезгілдеріне
байланысты әңгіме
құрастыру
|
2
|
|
24
|
Мәнерлеп оқудың маңызы
Мәнерлеп оқу
сайысына
қатысуға
дайындық.
|
1
|
|
25
|
Мәнерлеп оқу
сайысы
|
1
|
|
26
|
Ырымдар мен
тыйымдар
|
1
|
|
27
|
Диалог
|
1
|
|
28
|
Монолог
|
1
|
|
29
|
Сөздер ұйқасын
тап
|
1
|
|
30-31
|
«Отбасы» тақырыбына өлең
жолдарын құрастыру
|
2
|
|
32
|
«Біз бақытты баламыз»
тақырыбна өлең жолдарын
құрастыру
|
1
|
|
33
|
«Жас қалам» кітапшасын
шығаруға, аймақтық облыстық, республикалық басылымдарға баспаға
беруге дайындалу.
|
1
|
|
34
|
«Жас қалам» кітапшасын шығару.
Қорытынды сабақ
|
1
|
|