Жамбыл атындағы орта мектеп
(Зияткерлік ойын)
Тақырыбы:
Дайындаған: Қ.
Жұмабаева
Көшек батыр ауылы
Мақсаты: Оқушылардың білімді, жан-жақты болуға үйрету, білімге
деген қызығушылығын арттыру, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын
дамыту. Білімді, дарынды озық болуға тәрбиелеу. Жылдамдыққа,
тапқырлыққа үйрету.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біз
мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының
ұйымдастыруымен «Жас Қыран» - көшбасшысы»
атты сайыс өткізгелі
отырмыз.
Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымы 2012 жылдың 6- шілде айында құрылған. Ұйымның құрылымына
келетін болсақ ұйым негізгі екі буыннан құралған. Бірінші буын «Жас
Ұлан» ұйымы, екінші буын «Жас Қыран» ұйымы. Осы жас қырандықтардың
арасынан көшбасшыны анықтау мақсатында бүгінгі сайысты ұйымдастырып
отырмыз. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен
азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уалиханов ағамыз айтып өткендей
бүгінгі таңда адамға ең бірінші білім қажет. Ендеше, сайысқа
қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.
-
Дихан
Ақтөре
-
Сәрсенбек
Ақерке
-
Кеңесбек
Сәбит
-
Жақсыбек
Жарқынай
-
Бескемпір
Бексұлтан
-
Жанұзақ
Нұрсұлтан
-
Елемес
Гауһар
-
Пәрінбек
Аружан
Шын жүйріктер сыналады
жарыста.
Жарыстың ба орта жолда
қалыспа,
Әділ қазы бағалайды
сіздерді.
Жеңіс – мәре жақын ба, әлде алыс
па, дей келе сіздерді
бүгінгі сайыстың әділ қазыларымен таныстырып
өтейін.
1.------------------------------------------
2.------------------------------------------
3.------------------------------------------
Сайыстың шартарымен таныстырып
өтейін
Сайыс 4- кезеңнен тұрады.
1 –
кезең: Зейінді
зерделе
-
–
кезең: Жеті жұрттың тілін
біл
3 – кезең: Қызықты жетілік
4 –
кезең: Жорға
І кезең Зейінді зерделе
–
Қатысушы сайыскерлерге мына
бейне таспадағы оқушылардың сұрақтарына жауап беру керек. Сұрақ
ортақ беріледі және жылдамдықты талап етеді. Әр жауап 1 ұпайдан
есептеледі. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз немесе
мүлдем ұпайы жоқ 2 оқушы ойыннан шығады, келесі кезеңге өте
алмайды.
Сонымен оқушылар іске сәт. Бірінші кезеңді
бастаймыз.
Бейне таспаға назар аударамыз.
Жандарбек Мәлібеков)
2. Елімізде 1-Мамыр қандай мереке ретінде аталып
өтіледі?
3. Бөбек қорының президенті және «Өзін-өзі» тану
адамгершілік рухани бағдарламасының
авторы.
4. Ризалық белгісі, алғыс айту кезінде қолданылатын
сөз.
5. Мұсылман қауымының қасиетті
кітабы.
6. Жеті қазынаның бірі.
7. Басты байлық не?
8. 12-сәуір қандай күн?
І кезең бойынша қорытынды ұпайларды есептеп ұпайы аз немесе ұпайы
жоқ оқушыны сайыстан шығарамыз.. (Ұпай санда есептеліп айтылады)
Сайыстың аты сайыс, бірі жеңеді, бірі
жеңіледі.
Олай болса: Ана тілің -арың
бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте- дей келе сайысымыздың келесі кезеңі «Жеті жұрттың тілін
біл» кезеңіне келіп жеттік. Бұл кезең бойынша сайыскерлерімізге
жұмбақ немесе мақал-мәтелдің жалғасын табу тапсырмасын беремін.
Жауабын нақты тауып оны қазақ тілінде, орыс тілінде айту керек.
Жауабын дұрыс тауып қазақ тілінде, орыс тілінде дұрыс аударма
жасалса 20 ұпай беріледі, ал аударма жоқ болса 10 ұпай
беріледі.
ІІ кезең: «Жеті жұрттың тілін
біл»
Мұнда сіздер қазақша, орысша тілді дұрыс сөйлеумен қатар,
қатесіз жазуларыңыз тексеріледі.
-
Жылт-жылт еткен
жылғадан өткен. (Су - вода)
-
Жүз теңгең
болғанша
Жүз............болсын. (Дос -
друг)
-
Өнер алды қызыл.....
(Тіл - язык)
-
Мұрты бар, иегінде
сақалы жоқ.
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң
Далаға кіріп шығар сапары жоқ (Мысық -
кот)
-
Ұрсаң жерде
зулайды
Жерде қарғып тұрмайды
Тиіп кетсе басыңа,
Ешбір зиян қылмайды. (Доп - мяч)
-
Қабат-қабат
қаптама,
Ақылың болса аттама. (Кітап -
книга)
-
Үй үстінде ұсақ
тас,
Ұстайын десем ұстатпас. (Жұлдыз -
звезды)
-
......етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей. (Еңбек - труд)
ІІІ кезең: «Сиқырлы
шаршылар»
10
10
10
20
30
20
30
30
20
Бұл кезеңде сіздер
өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап
бересіздер.
10
Мына сызбаға назар аударыңыздар.
Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 10 ұпайлық сұраққа жауап беруге болады.
Әрі қарай ұпай жоғарылаған сайын сұрақ та күрделене түседі. 3
кезеңде қалған оқушыдан ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады. Ендеше
бастаймыз.
10
10 - периметрді қалай табамыз?
(Барлық қабырғаларын қосу арқылы)
–
сөйлем
мүшелері нешеге бөлінеді? ( екіге:Тұрлаулы,
тұрлаусыз)
10
20
–
сұрақ: Мына шаршының ішінде
неше үшбұрыш бар?
-
-сұрақ: Бокстан алтын алған Бейжің олимпиадасының
-
чемпионы
-
20
( Бақыт Сәрсекбаев)
-
-сұрақ Ы.Алтынсарин кім? (Қазақтың көрнекті ақын жазушысы, тұңғыш
ағартушы ұстаз, алғаш қазақ мектебін ашушы).Оның қандай
шығармаларын білеміз? («Таза бұлақ», «Баланың айласы»,
«Өзен»)
-
20
-сұрақ: Жеті қазынаны ата? (
Жүйрік ат, Құмай тазы, Алғыр
-
қыран,Түзу
мылтық,Қара қазан,Алмас кездік, Шаңырақ.)
30
сұрақ: Абайдың бес асылы мен бес дұшпанын ата?
(Талап,
еңбек, терең
ой,қанағат, рахым, 5 дұшпан өсек, өтірік,
30
мақтаншақ,еріншек,бекер мал
шашпақ)
30
сұрақ:
Дүние
жүзіне саяхат жасап ел тарихын зерттеген зерттеуші, саяхатшы кім?
(Ш.Уәлиханов)
сұрақ: Математикадағы көбейту заңдылықтарын атап көрсет? (3 заңы
бар,
ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)
ІҮ кезең:
«Жорға»
С
3 33313
2
1
іздер бұл кезеңде 20 сұраққа жауап беру арқылы ұпай санын жинай
аласыздар. 1 жауапқа 1 ұпай болып есептеледі.
Әуелі 2 нұсқаның
бірін таңдап берілген уақытта жауап беруге тырысу
керек.
1 – ойыншының
сұрақтары.
Сиырдың пірі. (Зеңгі
баба)
Жылдан құр қалған
жануар. (Түйе)
Бір заттың
кішірейткенін көрсететін сан. (Масштаб)
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ
тілі)
Абайдың шын аты?
(Ибрахим)
Ел басқару
саясатындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға.
(Президент)
Қара алтын.
(Мұнай)
Ұя салмайтын құс.
(Көкек)
Бір жылда неше ай,
неше күн бар? (12 ай 366 күн)
«Кел, балалар,
оқылық» өлеңінің авторы. (Ы.Алтынсарин)
Абайдың әжесі.
(Зере)
Көру мүшесі
(көз)
9*9
(81)
Алматыдағы мұз
айдыны. (Медеу)
Жер бетінің қағазға
кішірейтіліп салынған бейнесі. (Карта)
Заттың санын
білдіретін сөз табы. (Сан есім)
9 – мамыр қандай
күн? (Жеңіс күні)
Жаңа туған балаға ат
қойып, оны бесікке бөлеу жорасы. (Бесік
той)
Күйді орындаушы
адам. (күйші)
Ақан Серінің
тұлпарының аты (Құлагер)
2 – ойыншының
сұрақтары.
Түйенің пірі.
(Ойсылқара)
Қазақтың атақты
палуаны. (Қажымұқан)
Жердің бетіндегі
өсімдік өсетін борпылдақжұмсақ қабаты.
(Топырақ)
Күн мен түн
теңелетін жыл мезгілі. (Көктем)
ҚР-ның ұлтаралық
тілі. (Орыс тілі)
Адам денесінің
тірегі. (Қаңқа)
Үкіметті кім
басқарады? (Примьер министр)
Оңтүстік Қазақстанда
өсетін ақ алтын. (Мақта)
Орман дәрігері.
(Тоқылдақ)
«Менің атым Қожа»
повесінің авторы. (Б.Соқпақбаев)
«Абай жолы»
романының авторы. (М.Әуезов)
Есту мүшесі.
(Құлақ)
7*7
(49)
Қырғызстан астанасы
(Бішкек)
Жер қыртысын
толтырып жатқан денелер. (Тау жыныстары)
Заттың қимылын
білдіретін сөз табы. (Етістік)
1 – қыркүйек қандай
күн? (Білім күні)
Баланы тәй-тәй
бастырып күрмеу жібін кесетін кезең қалай аталады?
(Тұсаукесер)
Біржанмен айтысатын
ақын қыз. (Сара)
Қобыландының
тұлпарының аты? (Тайбурыл)
Жүргізуші:
Кезекті әділ-қазылар
алқасына береміз. Ұпайды көп жинаған оқушы «Жас Қыран» көшбасшысы
дипломымен марапатталады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз
және де сіздерге сыйлығымызды табыс етуге рұқсат
етіңіздер.
Қорытынды: Құрметті
ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі «Білім» телеарнасындағы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» теле жоба
желісіндегі
«Жас Қыран»
көшбасшысы атты зияткерлік ойынымыз өз мәресіне
жетті.
Азат еліміз, байтақ
жеріміз.
Жаны жомарт
ұл-қыздарымыз аман болсын!