«ЖАС ҚЫРАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМЫНА
ҚАБЫЛДАУ
Мақсаты:
оқушыларды
салтанатты түрде жиынға қабылдай отырып, Қазақстан мемлекетінің
дарынды , қайратты білімді азаматы болуға, әдептілікке,
адамгершілікке, бірлікке, адалдыққа үндей отырып, үлкенге құрмет,
кішіге ізет көрсететін жастар
тәрбиелеу
«Жігер»домбыра ансамблі
бастайды.
Айгерім:
Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Республикалық бірыңғай
«Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау
салтанатты жиыны биылғы жылы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Ендеше, атаулы
мереке құтты болсын!
Мектептің алғашқы әскери
пәнінің мғайұғалімі –Жігер Мұратбек айтады: Мектеп түзел! Тік
тұр!
Маржан:Қазақстан Республикасының туы
енгізілсін!
Мектеп ұланбасы – Қазбекова
Маржан адымдап келіп, мектеп тәлімгері - Мейрамгүл Аманжолқызына
рапорт береді:Тәлімгер-Мейрамгүл Аманжолқызы, 1, 2 – сынып
оқушыларынан барлығы – 26 оқушы «Жас Қыран» ұйымына қабылдануға
дайын. Баяндап тұрған мектептің ұланбасы - Қазбекова
Маржан
Аманжолқызы: Еркін тұр!
Алина :
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Әнұран
ойналады
Әнұран
айтылады.
Айгерім:
Өз басым тәуелсіздіктен кейін
туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен
келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік
аспаннан түскен сый емес еді.
Алина :
Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып
жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы.
Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының
арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен
ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен
ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра
ретінде сақталатыны анық.
Айгерім:
Құтты
болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі
Алина :
Ендеше,Тәуелсіздіктің 30
тұспа тұс келіп тұрған «Жас Қыран»
балалар ұйымына қабылданғалы тұрған
1
және 2 – сынып оқушыларын қарсы алайық!
«Көк тудың желбірегені» әні
қосылады.
Ортаға 2, 1- сынып оқушылары
шығады.
Алина :
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О,
халайық! Құтты болсын
қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі
ұғысқан.
Ата
бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің
Айгерім:
Құттықтау сөзді мектеп
директоры Асаубаев Доғдырбек Матайұлына
береміз!
Айгерім:
Мектебіміздің 10 – сынып
оқушысы, жас ұлан ұйымының белсендісі - Танжарыкова Алинаның
орындауында «Мен – қазақпын» әні қабыл
алыңыздар!
Айгерім:
Қазақстан күннен-күнге
өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде
туғанымызға бақыттымыз. Тәуелсіз мемлекетте туып,білім алып жатқан бақытты ұрпақпыз
Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Қыран»
балалар ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып
отыр.
Алина :
Біз Отанның
Ұланы,
Жер қайысқан қалың
қол.
Тәуелсіз ел
ұланы,
Ант беруге дайын
бол!
Бүгінгі жиынның ең жауапты
сәті, ант тапсыру рәсімін « Жас қыран» ұйымы қатарына қабылданушы
оқушыларға береміз.Әр сынып жекелкй ант береді, баолық сынып ант
етеміз дегенді қайталайды.
( «Жас Қыранның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант
етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»
балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан
талап етуге ант етемін.
Біздің
жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге
және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Айгерім:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас
Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір
галстук табыстау рәсіміне
шақырамыз.
Мектеп директоры, екі
завуч,акиматтан келген қонақ және басқа да ұстаздар, оқушылар
галстук тағады.
Алина :
Білімді –көкіректе нұр деп
түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде
міндеттісің!
1, 2 –сынып оқушылары
тақпақтарын айтады
Жүргізуші : «Жас қыран»
ұйымының мүшесі Ернарұлы Айсұлтанның орындауында «Жаса,Қазақстан!»
әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші
:
Құрметті, оқушылар «Жас Қыран»
ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің
еңселі азаматтары болуларыңызға
тілектеспіз.
«Жігер» домбыра ансамблінің
мүшелерінің орындауында күй
Айгерім:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Қыран» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын
қақпа.
Маржан: ҚР туы шығарылсын!
Алина :Ендігі сөз кезегін
директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары Сембинова Гүлнұр
Есентаевнаға берміз!
Жарты жылдық қорытындысын
айтып, мақтау қағаздарын береді.
Айгерім:
Тәуелсәздігіміздің 30 жылдығына және Республикалық бірыңғай «Жас
Қыран» балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз
мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Еліміздің туы әрқашан биік
болсын!
Айгерім мен Алина бірге
айтады:Тәуелсіздігіміз
мәңгілік жасасын!
«Келісемін»:
«Бекітемін»:
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары «Абай атындағы орта мектебі» __________ Г.Е.Сембинова
КММ директоры:
___________ Д. М.
Асаубаев
Тақырыбы:
«Жас Қыран» бірыңғай
балалар ұйымына оқушыларды қабылдау
Жауапты :
М.А.Аманжолова
2021-2022 оқу
жылы