Материалдар / Жас сарбаз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас сарбаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әскери патриоттық тәрбиеге әскерге дайындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
1446
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Б.С. Куртаева


Шымкент қаласы білім басқармасы №103 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күніне арналған әскери - патриоттық спорттық іс-шара жоспары



Жас сарбаз әскери патриоттық сайысы


« Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен,тәнімізбен қызмет етеміз тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де,жастарды да тәрбиелеуіміз керек » Н.Назарбаев


Мақсаты : Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Қазақстан халқының ұлттық,әскери ,еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.


Жарыстың жоспары.

1.Өткізілетін орны және уақыты Мектеп спорт залы. 07. 12.2018 жыл

2.Жарысқа қатысушылар; 10 сынып оқушылары.

3. Киім түрі; әскери форма

4. Сараптаушы топ


Жарыс бағдарламасы;

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2.Мемлекеттік Тудың кіргізілуі;

3.Ән ұран

4. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

5. Марапаттау.


Жарыс түрлері

а/ сап түзеу,ән байқау

б/ әскери спорттық жарыс


1. Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары:

А) Саптық шеру, саппен ән байқауы

Бөлімшенің сапқа тұруы,сыртқы көрінісі,саптық жүрісі, топтың аты ұраны , бөлімшенің саптық жүрісі кезінде әскери сәлемдесуі,ән айтып өту.

Ә) Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Әр топтан бір ұл, бір қыз бала қатысады.

Б) Ату жаттығуы. Қатысушылар саны әр топтан бір ұл,бір қыз,

нысана -№7 ,арақашықтық -7 м,оқтар саны -3 уақыты шектеусіз,ату ережесі- тұрып ату ату,қару-пневматикалық винтовка.

В) Жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ) уақытқа кию (4а – 4б)


  1. Әскери спорттық жарыс :

а )Гир тасын көтеру. Әр топтан бір оқушы қатысады. Санаққа көтереді.

ә) Шалқасынан жатып денені көтеру. Әр топтан бір қыз бала қатысады. Уақытка.

б) Арқан тартыс сайысы әр топтан 6 оқушы ұлдар және қызадар бөлек қатысады


Викторина конкурсы .

Команданың барлық мүшелері қатысады.Әрбір командаға Қазақстан тарихынан, және әскери дайындық бойынша сұрақтар беріледі.

Қорытынды.

Бүгінде жаңа Қазақстанның жастарын тәрбиелеудегі басты құндылық – олардың отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Сондықтан білімді де, іскер де білікті патриоттар қалыптастыруда әскери-патриоттық сайыстардың маңызы зор.




АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушысы: Б.К. Нускабаев




















1 топ сұрақтары :

1.ҚР қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы,міндеті қандай құжатта атап көрсетілген қай бапта / Еліміздің ата заңында /

2.Қазақтарда офицерді қалай атаған ? / сардар/

3.ҚР Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызды әскери құжат /әскери ант /

4.Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы /Рақымжан Қошқарбаев /

5.Ұлы Отан соғысы басталған күн /22 маусым 1941 /

6.ҚР Қарулы Күштері қашан құрылды ? / 7 мамыр 1992 /



2 топ сұрақтары:

1.капитаннан кіші ,лейтенаттан үлкен әскери атақ /аға лейтенант /

2Атақты Панфилов гвардиялық дивизиасында рота,батальон,полк,кейін дивизия командирі қызметін атқарған ержүрек қолбасшы,жазушы,Кенес Одағының Батыры,Қазақстанның Халық Қахарманы /Бауыржан Момышұлы /

3.ҚР Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім ? /Н.Назарбаев/

4 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қорғаныс министірі

/Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев  /

5.Адыммен қозғалыс қалай болады /саптық,жорықтық/

6.Сержант құрамында қанша әскери атақ бар атап бер? /10: қатардағы жауынгер,ефрейтор,кіші сержант, сержант, аға сержант, үшінші сынып сержант, екінші сынып сержант, бірінші сынып сержант,штаб сержанты, шебер сержант/


3 топ сұрақтары:

1.ҚР Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар ?/ішкі қызмет тәртіптік,гарнизондық,қарауылдық қызметтері ,саптық жарғылар /

2.Майор,подполковник ,палковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді ? /аға офицер /

3.Суық қару түрлерін ата /қылыш,семсер,найза,пышақ,айбалтва,қанжар/

4.Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады /қатардағы сарбаздар/

5.Калашников автоматы қай жылы шықты ойлап тапқан ғалым /1974 Михаил Калашников/

6.Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды ? /1418 күн /







« Жас сарбаз » әскери-патриоттық спорттық сайысы


Бақылау парағы


Сыныптар

Саптық шеру

Саптық ән байқауы



АК-74 бұзып жинау



Пневм винтовка ату



Гир көтеру

ЖӘҚТ

Денені көтеру

Арқан тарту

Сұрақ, жауап

викторина

Ұпай

Орын

1





Shape2 Shape1









2














3















Коммисия мүшелері_______________________ ________________________ __________________________ _________________________
___________________________ _________________________
___________________________ _________________________


АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушысы: Б.К. Нускабаев









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!