Материалдар / «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында әскери-патриоттық әндер фестивалі

«Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында әскери-патриоттық әндер фестивалі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанын сүйіп құрметтеуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2024
159
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында әскери-патриоттық әндер фестивалі

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.


1-жүргізуші: Армысыздар! Ұстаздар және бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.

(Екі жүргізуші бірге айтады )

«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестиваліне қош келдіңіздер!


Қазақстандық патриотизм – бұл мемлекеттiлiктi, отансүйгiштiктi ұғыну. Ол – адамның туып-өскен жерiне деген құштарлығы, ана тiлiне деген құрметi, Отанының мүдделерiн қорғауы, азаматтық сезiмдерiн бiлдiруi және Отанға деген адалдығын сақтауы, оның әлеуметтiк және мәдени жетiстiктерiн мақтан тұтуы, бостандығы мен тәуелсiздiгiн жырлауы, Отанының өткен тарихына және одан мирас болған дәстүрiне деген адалдығы, өзiнiң еңбегi мен күш-жiгерiн, қабiлетiн Отанының гүлденуiне арнауы.


2-жүргізуші: Әрбiр қазақстандықтың жүрегiнде Отанына деген сүйiспеншiлiктi, өз елiне деген мақтаныш сезiмiн оятатын патриоттық әндер болады. Бүгін біздің жүрегімізден орын алған патриоттық әндерге арналған фестивалді ашық деп жариялаймыз!


1-жүргізуші: Отан-әр адамның жүрегінде жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір

сүре алмайтындай Отансызда өмір сүре алмайды. Отанымыз - Қазақстан . Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы , Туы, Әнұраны бар .


2-жүргізуші: Шайқалмасың ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы .

Көгімізде әрқашан қалықтасын,

Қазағымның қастерлі -Әнұраны! дей келе шарамызды ҚР мемлекеттік әнұранын орындаумен бастайық


1-жүргізуші: «Жас Сарбаз» атты патриоттық әндер байқауын салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі .............................................................. беріледі .



2-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жаулау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Алдарыңызға өнерлерін көрсетуге 10 «А» сынып білім алушыларын АТАМЕКЕН әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар !


1-жүргізуші: Сарбаздарым – Отан-ана қорғаны,

Сарбаздарым – сайын дала орманы.

Өздеріңмен жалғасады әрдайым

Ер-жауынгер бабалардың арманы.Келесі бізде 2-ші болып өнер көрсететін 10 «Ә » сынып білім алушыларын «ӘН САЛ САРБАЗ» әнімен қарсы аламыз!


2-жүргізуші: Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсым көгімде.

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,

Әуелесін Қазақстан жерінде

Жарысымызды әрі қарай жалғастыратын 10 «Б» сынып білім алушыларын «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» әнімен шақырамыз.


1-жүргізуші: Сен - қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда! – дей келе «МЕН ҚАЗАҚПЫН» әнімен10 «В» сынып білім алушыларын шақырамыз


2-жүргізуші: Шарамызды әрі қарай жалғастырамыз. Екінші бізде кім күшті, кім шапшаң екенін анықтау үшін әр сыныптан бір оқушы шығып уақытқа автоматты шапшандықпен шашып жинау керек . Әр сыныптан бір-бір оқушыдан орта шыға қойыңыздар .


1-жүргізуші: Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! 
Ел туралы, жер туралы талай ақындар жырлаған патриоттық әндер жетерлік, енді сол әндерді қатысушыларға жасырып көрмекшіміз. Қазір сіздерге патриоттық әндердің үзінділері ойнатылады. Қатысушы топтар өлеңді тауып әнімен айту керек.

Бірінші өлең үзіндісі 10А сыныбына арналады

(Осылай барлық класс ретімен айтылады)


2-жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай енді қатысушы топтарға өлеңнің сөзің жасыратын боламыз. Ал сіздерге қойылатын шарт, сөзің әнімен айтып беру

Бірінші өлең сөзі 10В сыныбына арналады

(Осылай барлық класс керісінше ретімен айтылады)


1-жүргізуші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ.


2-жүргізуші: Патриоттық әндерді жаттап жүріңіздер! Бүгінгі «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі өз мәресіне жетті.

Келесі кездескенше сау болыңыздар! (Екі жүргізуші бірге айтады )





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ