400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас сәулетшілер үйірмесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәні: Қазақ тілі Т2 Сынып: 3 Тақырыбы: Жас сәулетшілер үйірмесінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл атындағы орта мектеп»КММ

Бөлім:

4. Сәулет

Педагогтің аты-жөні:

Айтбай Жаннат

Күні:

09.12.2025ж

Сыныбы: 3 «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3-сабақ. Жас сәулетшілер үйірмесінде

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.4.1 - кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

3.2.2.1 - берілген тірек сөздер негізінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлеу (3-4 сөйлем

Сабақтың мақсаты:

-Оқушы бас әріп пен кіші әріптің айырмашылығын біледі және олардың жазу ережелерін түсінеді;

-берілген тірек сөздер арқылы сөздердің орын тәртібін сақтап ауызша немесе жазбаша сөйлем құрайды.

Құндылықтарға баулу:



«Адал азамат» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

9 минут

Оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызамын, сәлемдеседі, оқушыларды түгендеймін.

Оқушылар сәлемдеседі.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға (сәулетші, үйірме т.б.) бірнеше сөздер жазамын.

Оқушылар тақтадағы сөздерді оқиды.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.

Плакаттар Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 минут









1-тапсырма

Киіз үй, көпір, мектеп, мұнара сөздерін үлгі бойынша дәптерге жазыңыз.
Әріптердің биіктігі мен көлбеулігін сақтаңыз.
Бас әріптен бастауға назар аударыңыз.

Үлгі бойынша сөздерді жазады

Дескриптор:

 ✓ сөзі бас әріптен бастайды;

 ✓ әріптердің биіктігі мен енін сақтайды;

 ✓ көлбеулігін және әріптердің байланысын дұрыс жазады.

Дәптер

қалам

2-тапсырма

Берілген тірек сөздерге сүйеніп сөйлем құраңыз.
Тірек сөздер: сәулетші – үй – салады

Үлгі: Сәулетші үлкен үй салады.

3-тапсырма

Қиялыңыздағы ғимаратты суреттеңіз (1–2 сөйлем).
Тірек сөздер: әдемі, терезе, аула, жоғары

Мысал: Менің мұнарам өте жоғары. Оның үлкен терезелері бар.


Тірек сөздер арқылы сөйлемдерді құрайды












Қиялындағы ғимаратты суреттейді

Дескриптор:

 ✓ тірек сөздерді орынды қолданады;

 ✓ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

 ✓ сөйлемді дауыс ырғағымен дұрыс айтады.


Дескриптор:

 ✓ сөйлемді тірек сөздермен дұрыс құрайды;

 ✓ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

 ✓ жазуда бас және кіші әріптердің стандартын сақтайды.


Оқулық, аудиотаспа, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі түсті маркерлер, желімқағаздар

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

10 минут


«Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтаймын. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қоямын:

Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.

Желімқағаздарға жазады,

тақтаға жапсырады.

формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.



Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 4-тапсырманы орындау беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажеттігі түсіндіріледі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.03.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі