400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Жас шебер" сайысының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Жас шеберлер» сайысының бағдарламасы




Сайыстың мақсаты:



Білімділік: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.


Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.


Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби біліктілікке, өз бетімен еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:.......... Безендірілген зал, көрнекіліктер, сайысқа арналған қажетті материалдар мен құрал-саймандар.




Сайыстың шарттары:



І кезең «Сәлемдесу, өзін таныстыру»


ІІ кезең «Жарнама» сайысы


ІІІ кезең «Сұрақ-жауап» сайысы


ІV кезең «Өнер» сайысы


V кезең «Көрме»








«Жас шебер» сайысының бағдарламасы

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас.»

Төле би.

-Уа халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Шеберлердің елінде

Шеберлердің тілінде

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.


Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер!

Бүгін «Технология» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас шеберлер» сайысын өткізгелі отырмыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі білім, шеберлік және өнер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!


Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Білімменен шеберлікпен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға.


Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің 6 оқушысы білімдерін, шеберліктерін және өнерлерін ортаға салады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің әр нәрсеге ебі бар

Бәрінің де жеңіске деген үміті бар,-деп ортамызға сайыскерлерді шақырамыз.


  1. 8 а сынып оқушысы Сәлен Диана

  2. 8 ә сынып оқушысы Әбдраман Айдана

  3. 8 б сынып оқушысы Тасболат Балжан

  4. 9 а сынып оқушысы Әсілхан Айкен

  5. 9 ә сынып оқушысы Жылқыбай Аружан

  6. 10 ә сынып оқушысы Әмзехан Назерке







Жол сілтеген биікке ұстаздарым

Ішімізден шығады талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.


Мүшелері:

Оқу ісі орынбасары

Мектеп психологы Худайбергенова Гүлзада

Тәрбие ісі орынбасары Джакенова Зухра

Бейндік ісі жөніндегі орынбасары Қадырбаева Гүлнар

Қосымша білім беру педагогы Мамбетова Гүлназ

Сайысқа қатысушылар өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алады.

Сайысқа қатысушылар сайыс шарттарымен танысады.


І кезең «Сәлемдесу,өзін таныстыру»



Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін

Бір басына өнері жетсе деймін,

Бәске түске сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп сөз кезегін сайыскерлерге береміз.

Сайыскерлер реттік нөмірі бойынша өздерін таныстырып шығады.

«Таныстыру» бөлімі 1-5 ұпай жүйесімен бағаланады.


9 ә сынып оқушыларының орындауында би



ІІ кезең «Жарнама» сайысы


Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттардың ұлттық киімін, салт дәстүрін, мәдениетін, тағамын жарнамалайды.

«Жарнама» бөлімі де 1-5 ұпай жүйесімен бағаланады.


ІІІ бөлім «Сұрақ-жауап» сайысы


Бұл бөлімде әр сайыскер өздерінің білімін, жан-жақтылығын көрсетеді.


Сайыстың бұл бөлімі де 1-5 ұпаймен бағаланады.


ІV бөлім «Өнер» сайысы

Мықты болсаң-алдағыны басып оз.

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-тайғанама, құлама!

Мықты болсаң-бірінші жет мәреге!-деп ақтық сынымыздыбастаймыз.


Бұл бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыстың бұл бөлімі де 1-5 ұпаймен бағаланады.

V кезең «Көрме» сайысы


Бұл соңғы кезеңде сыныптың көрмесі бағаланады. Көрме жұмыстарының сапасы, саны, эстетикалық әсемдігі бағаланады.

«Марапаттау» (Қорытындылау)


Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Енді осы кештің көркін келтірген сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтауға әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз анықталып, білімімен, өнерімен, шеберлігімен көзге түскен сайыскерлер марапатталады.

Бүгінгі «Жас шеберлер» сайысына қатысқан жастарды барлық көпшілік қауым атынан, мектеп атынан шын жүректен құттықтай отырып, биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз! Келесі кездескенше аман-сау болып тұрыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі