Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жас талап" интеллектуалды ойыны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Туған жеріңді, тарихыңды танып біл» атты тарих және география пәндерінің апталығы.
Мектепаралық «ЖАС ТАЛАП» интеллектуалды білім сайысы
Өткізген: Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы әкімдігінің
«Сарытерек орта мектебі» КММ
география пәнінің мұғалімі
Тлеуова Алима Есимхановна.
Таңқалдырған Қазақстан бар әлемді,
Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді.
Қазақстан адымдап келе жатыр.
Көрінер көкжиектен далам енді.
Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы
Қазақстандай егемен елімізді?!
Кім танымас тербелген тал бесікті,
Болашаққа айқара аштық кең есікті,
Барша ел аузын ашып тамсанумен
«Қандай ғана егемен ел!» -десіпті.
Армысыздар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар!
«Туған жеріңді, тарихыңды танып біл» атты тарих және география пәндерінің апталығының қорытынды кеші ретінде өткізіп отырған «ЖАС ТАЛАП» интеллектуалды білім сайысына қош келдіңіздер!
Ортаға ойыншы топтарды шақырып, таныстыруға рұхсат етіңіздер.
--------------------- орта мектебінен келген -------------------------тобы,
------------------- мектебінен келген -------------------------------тобы,
------------------- мектебінен келген ------------------------тобы,
----------------- орта мектебінен ----------------------------------тобы.
Ду қол соғып, қошеметтеп орындарына жайғасуды сұраймыз, барлық сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты ,–дей келе қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
4.
Әрқашан білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен.
Түскен кезде білімнің жарысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа
Талапкердің талабы таудай болар
Аямас тиіп кетсең намысына,- дей келе сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер!
Сайыс кезеңдері:
-
І кезең “Өткел”
-
ІІ кезең “Белес”
-
ІІІ кезең “ Бекет”
-
ІV кезең “ Асу”
-
V кезең “ Жерұйық"
І кезең «Өткел»
Шарттары:
Топ басшыларына тарих және
география пәндерінен 5 сұрақ қойылады.
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1топ басшысына сұрақтар:
-
1. Тас дәуірінің екінші кезеңі- мезолит
-
2. Еліміздің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі
-
3. Оғыздардың астанасы- Янгикент
-
4. Қазақ жері туралы алғашқы мәліметті кім жазды? - Геродот
-
5. 1680-1715 жж билік құрған хан- Тәуке
-
топ басшысына сұрақтар:
-
Садақ пен жебенің пайда болған кезеңі - мезолит
-
2. “Жылнамалар жинағы” еңбегінің авторы – Қ.Қ. Жалаири
-
3. Алтын Орданың алғашқы астанасы- Сарай Бату
-
4. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы – ылғалдану коэфициенті
-
5. 1723-1748 жж билік құрған хан – Әбілхайыр
3 топ басшысына сұрақтар:
1. Мезолитте пайда болған 100м қашықтыққа ұшатын қару - бумеранг
2. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті - Қ.И.Сатбаев
3. Түрік қағанатының астанасы - Суяб
4. Ұлттың бір бөлігінің өз елінен басқа жерде тұруы - диаспора
5. 1734-1771 жж билік құрған хан - Әбілмәмбет
4топ басшысына сұрақтар:
-
1. Тас дәуірінің үшінші кезеңі - неолит
-
2. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызық - изотерма
-
3. Қимақтардың астанасы - Имақия
-
4. Табиғи өсімнің күрт жоғарылауы - демографиялық жарылыс
-
5. 1748-1785 жж билік құрған хан - Нұралы
ІІ кезең “Белес”
Шарттары:
Әр топ берілген ұяшықтарды
таңдайды да, жасырылған сұраққа жауап
береді.
Егер топ жауап бере алмаса,
жүргізушінің « қарсылыстар» деген сөзінен кейін, бірінші болып қол
көтерген сайыскер жауап бере алады.
Ұяшықтарды бірінші болып І кезеңде жоғары ұпай жинаған топ
таңдайды.
Тарих 20
Қола дәуіріне жататын балқыту пештері қай өзеннің аңғарынан табылды? - Атасу
Тарих 30
Бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала - Тараз
Тарих 40
Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын “Қақпа әрі кілт” санаған және оны Ресейге бағындыруды жоспарлаған кім? І Петр
Тарих 50
1930-32 жылдардағы ашаршылықтан қырылған қазақтардың саны
2 млн 369 мың
География -20
-
Халықтардың шығу тегін, әркелкі орналасуын, мәдениеті мен тұрмыс жағдайын зерттейтін ғылым – этнография
-
География -30
-
Орал тауы мен Еділ өзені аралығында орналасқан, әктастан, бордан, т.б. шөгінді жыныстардан түзілген жер бедері - Жалпы Сырт қыраты
-
География -40
-
Еуропа мен Азия аралығында орналасқан ең үлкен тұйық көл. Тарихи атаулары Гиркан, Хазар,Хвалын және т.б. – Каспий теңізі
-
География -50
-
Ғалым А.Гумбольдтың Тянь-Шаньда вулкандық құбылыс бар деген көзқарасының терістігін дәлелдеген және 1887 жылы Верныйда болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинаған. И.В.Мушкетов
Ғалымдар20
Әбу Насыр әл-Фарабидің көне аты-Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлағ Тархани
Ғалымдар30
“ Үш теңіздің ар жағына саяхат” еңбегінің авторы –саяхатшы А.Никитин
Ғалымдар40
Жердің Күнді айналатынын Коперниктен 500мың жыл бұрын айтып кеткен ғалым - Әбу Райхан әл-Бируни
Ғалымдар50
“Өз жерінің қара тасын білмеген, бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас”. Қай ғалымның сөзі? - Қ.И.Сәтбаев
Өлкетану 20
Шіліктідегі Зайнолда Бұтабаевтың мазарын салған сәулетші - Баязит Сатпаев
Өлкетану 30
Зайсан ауданы қашан құрылды? 1928 жыл
Өлкетану 40
Көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров қай романын Зайсанда жазды? “Кім жазықты” романы
Өлкетану 50
Шілікті жазығындағы үшінші “Алтын адам” қай жылы табылды, археология ғылымында әлемдік сенсация жасаған ғалымды ата.
2003жылы Әбдеш Төлеубаев
Қазылар алқасы сайыскерлердің жинаған ұпайларын есептегенше -----------------------------------орындауында «Менің елім» әнін қабыл алыңыздар.
ІІІ кезең “Бекет”
Шарттары:
-
Әр топқа 2 суреттен жасырылады.
-
Суретте көрсетілген нысанды анықтап, сипаттама беру.
-
Әр дұрыс жауап 3 ұпай.
1-сурет ЭКСПО -2012 Корея, «Тұқымдар жиыны» (Ұлыбритания)
2-сурет Экспо-2012-нің ресми бойтұмары, теңіз мекендеушілерінің негізгі қорек көзі және атмосферадан көмірқышқыл газын алатын планктонды бейнелейді .
3-сурет Қытай павильоны «Шығыс Тәжі», ЭКСПО-2012 Корея
4- сурет Астана, Қазақстан ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы»
----------------оқушысы ---------------------------- орындауында көркем сөз.
ІV кезең “ Асу”
Шарттары:
-
Ойыншыларға асықтар ұсынылады. Асықтарда еліміздің 14 облысына байланысты сұрақтар жасырылған .
-
Әр топ 3 асықтан таңдайды. Таңдалған асықтардың сұрақтары экраннан көрсетіледі.
-
Әр дұрыс жауап 3 ұпай.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе – өлке, ақ тарысы мол ырыс,
Атырау – мол Қазақстан мұнайы,
Жамбыл – жайлау,қазыналы,шұрайлы.
Көкшетау – көп-көгілдір көл аймағы,
Қарағанды - қара алтынның қоймасы,
Қостанай –құт, қызыл бидай қамбасы.
Қызылорда – күрішті Сыр сағасы,
Орал – көне Ақ Жайықтың жағасы,
Өскемен – өр, шығыста Алтай аясы,
Павлодар – Қара Ертістің саясы.
Петропавл-солтүстігім орманды.
Талдықорған-жер жаннаты, көп бағы,
Ақмола – Арқада астық алабы,
Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы – дей отырып, сайыскер топтарға таңдау кезегін берейік.
№1 асық
Ұлы ғалым-археолог Әлкей Марғұлан дүниеге келген облыс
Павлодар облысы
№2 асық
-
1999 жылы екінші алтын адам табылған облыс
Атырау облысы Жылой елді мекені
№3 асық
-
1773-1775 жж аралығында шаруалар көтерілісін бастаған Е.Пугачевтың мұражайы орналасқан облыс
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№4 асық
-
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының күмбезі қай облыста?
Қарағанды облысы Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында
№5 асық
-
Атақты қобызшы Қорқыттың мазары орналасқан облыс
Қызылорда облысы Жосалы ауылы
№ 6 асық
-
1979 жылы неміс автономиялық республикасын құруға жоспарланған Целиноград қаласы қай облыста? Ақмола облысы
№7 асық
-
Қазақстанда тұңғыш мұражай қай облыста ашылды?
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы 1883ж –өлкетану мұражай №8 асық
-
Түркістан – Сібір магистральды темір жолы түйіскен Айнабұлақ стансасы қай облыста? Алматы облысы
№9 асық
-
1835 жылы негізі қаланған Күнтимес бекінісі орналасқан облыс
Қостанай облысы
10 асық
-
1984 жылы ұйымдастырылған жас қорық, Үстірт жерінде орналасқан. Маңғыстау облысы Үстірт қорығы
№11 асық
-
Транссібір және Трансқазақстан темір жолдарының қиылысында орналасқан, бұрынғы Қызылжар қаласы қай облыста орналасқан?
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
№12 асық
-
Орта ғасырларда Махмұд Қашқаридің деректерінде Испиджаб , Сайрам деп берілетін қалалар қазіргі қай облыстың аумағында орналасқан?
Оңтүстік Қазақстан облысы
-
№13 асық
-
1926 жылы Массон зерттеу жүргізген қала қай облыста?
Жамбыл облысы Тараз қаласы
-
№14 асық
-
Талғат Бигелдинов атындағы республикамыздағы жалғыз Әскери Жоғары авиация оқу орны бар облыс Ақтөбе облысы
-
Қазылар алқасы сайыскерлердің жинаған ұпайларын есептегенше -----------------------------------орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.
V кезең “ Жерұйық” Тікелей сұрақ
Шарты: Бір ғана сұрақ қойылады, қай топ бірінші қол көтеріп дұрыс жауап берсе, сол топқа 10 ұпай беріледі.
Осымен сайыс кезеңдері аяқталды, қазылар алқасы сайыскерлердің жинаған ұпайларын жинақтап, жеңімпаздарды анықтағанша
--------------оқушысы -------------------------орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.
Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау рәсімі
Ғасырлар өткен, сиреген халықпыз,
Қиянат дертінен сиреген халықпыз,
Тамұқтың отына күймеген халықпыз,
Ерлікпен елдес, тарихы сөнбес,
Ауызбен теңдес, дәстүрі өлмес,
Намысын бермес, елдігі дербес,
Ежелгі қазақ- ертеңі ғажап.
Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады бауырмал елдіктен,
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен!
Жеңістеріңіз құтты болсын, талаптарыңызға нұр жаусын!
Назарларыңызға рахмет, жақсы күндерде жолыққанша сау болыңыздар!
2017-2018оқу жылы