400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас тарихшы интелектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушылар ұстаздар үшін керек дүниедеп ойлаймын. оқушылар материалдағы мәліметтерді біледі, ал ұстаздар сол мәліметтерді өз сабақ процестерінде пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас тарихшы» атты интеллектуалдық сайыс


Өткізген: Ермуханова Гулдана Куракбаевна

Махамбет атындағы орта мектептің тарих пәнінің ІІ санатты мұғалімі

Атырау облысы,Индер ауданы, Жарсуат ауылы


Мақсаты:
Оқушылар алған білімдерін еске түсіреді, тарихи білімнің маңыздылығын анықтайды, бірлесе жұмыс жасау қабілеттері дамиды, жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттырады.
Міндеттері:
-Қазақстан тарихы пәнінен, өлке тарихынан білімдерін шыңдау;
-Сөздік қорын,ойлау қабілеттерін арттыру;
-Отан тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;

Эпиграф:

«Өз тарихын сыйламаған халық,өзін де сыйламайды» Н.Ә.Назарбаев.


Мұғалім сөзі:
Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз. Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген — жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Құрметті ұстаздар, оқушылар,сайысқа қатысушы үміткерлер, «Жас тарихшы» атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті-бірді жығады,
Білімді-мыңды жығады.
Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер –

Махметова М.А. – оқу ісінің меңгерушісі.

С.Таскарина. – тарих пәнінің мұғалімі.

 М. Азербаев– тарих пәнінің мұғалімі

Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстыратын болсақ:

1. Бисенова Жангүл – 7 сынып оқушысы;

2. Құбайдолла Әділхан – 7 сынып оқушысы;

3. Мерекеқызы Айару – 7 сынып оқушысы;

4. Тымақбай Нүрпейіс – 8 сынып оқушысы;

5. Қанәділов Аманбек – 8 сынып оқушысы;

6. Аманова Нұрай – 9 сынып оқушысы;

7. Орынғалиева Балауса – 9 сынып оқушысы;

8. Бисенова Алтынай – 9 сынып оқушысы;

9. Жанатова Гүлжанат – 9 сынып оқушысы;

10. Азаматқызы Айгерім – 10 сынып оқушысы;

11. Меңдіғалиев Сұлтан – 10 сынып оқушысы;

12.Асқарұлы Айтуған


Құрметті сайыскерлер ойынымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
Сайыстың шарттары:


І-кезең «Азаттықтың жаршысы ер Махамбет»

Бұл турда М.Өтемісұлының өмірі, ерлік істері тақырыбында эссе жазу. Берілетін уақыт 15 минут.


ІІ-кезең «Тарих ғасырлар куәсі»

Оқушыларға 20 сұрақтан тест беріледі, әр дұрыс жауапқа 1 ұпаймен бағаланады.

10 минут уақыт беріледі.

1. ҚР - ның жер көлемі қанша шақырым? A. 2млн 724, 9 мың B. 3млн 867,8 С.4млн 653,3 Д. 2млн 859,5

2.Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? А. Жапония В. Франция С. Түркия Д. Италия


3.
ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? А. 3000 шақырым В. 2000 шақырым С. 4300 шақырым Д.1600 шақырым


4. ҚР - да ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енгізілді?

А. 1995ж. 30 тамыз В.1998ж. 8наурыз С. 1991ж. 25қазан Д.1993ж. 15 қараша


5. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды? 

А. 1991 ж. 21 мамыр  В.1991 ж. 16 желтоқсан  С.1992 ж. 4 маусым Д. 1995 ж. 30 тамыз

6. Әнұран авторларын ата.

А. Ш. Ниязбеков, Н. Назарбаев В. Ш. Уәлиханов, Ж.Нәжімеденов С. Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов Д. Ж. Мәлібеков, Ш. Ниязбеков


7.ҚР мемлекет рәміздері қашан қабылданды?

А. 1992 ж. 4 маусым В. 1998ж. 22 наурыз С. 1995ж. 15 қаңтар Д. 1991ж. 16желтоқсан


8.Қазақстанның солтүстік көршісін ата.

А. Өзбекстан В. Ресей С. Қытай Д. Қырғыстан


9.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? А. 30 тамыз 1995ж. В.16 желтоқсан 1998ж. С. 22 наурыз 1995ж. Д. 7 мамыр 1992ж.


10. Қазақстан Республикасының туының авторы кім? А. Ш. Уәлиханов В. Ж. Мәлібеков С. Ш.Ниязбеков Д. Ш. Қалдаяқов


11. Қазақстанның нышандары А. тіл, парламент В. халық, үкімет С. әнұран, ту, елтаңба Д. халық, заң

12. Қазақстанның президенті қашан сайланды? А. 1994 ж В. 1989 ж С.1991 ж Д.1995ж


13. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? А. Т. Мұсабаев В. Т.Әубәкіров С. М. Ғабдуллин Д. А. Айымбетов

14. Қазақстан Республикасы БҰҰ- на қашан мүше болды?

А. 1992ж 2 наурыз В. 1995ж 9 мамыр С.1992ж 15 маусым Д. 1998ж 9 тамыз


15. Елтаңба авторлары кімдер?

А. Ж. Мәлібекұлы, Ш. Уәлиханов В. Ш. Ниязбеков, Ж. Мәлібеков С. Ш. Қалдаяқов, Ш. Ниязбеков Д. Ж. Нәжімеденов, Ш. Уәлиханов


16. Қазақстанда неше облыс бар? А. 25 В. 8 С. 14 Д. 21

17.Қазақстан астанасы қандай қала?

А. Ақмола В. Қызылжар С. Астана Д. Алматы

18.Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай? А. монғол тілі В. қазақ тілі С. орыс тілі Д. ағылщын тілі


19. Қазіргі Астана қаласының ескі орны, қыпшақ хандығының астанасы болған ортағасырлық қала?

А. Сарайшық. В. Сығанақ С. Отырар Д. Бозоқ


20. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым

А. Ә.Марғұлан В. Қ.Сәтбаев С. М.Жұмабаев D. М.Айтхожин


ІІІ-кезең «Туған өлке - тұнған тарих».

Әр қатынасушыға Жарсуат ауылына байланысты 1 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1. Жарсуат ауылының іргесі қашан қаланды?

2. Жарсуат ауылына қарасты қандай мәдени ескерткіштерді білесіңдер?

3. М. Өтемісұлы ескерткіші қай жерде орналасқан?

4. Жасуат ауылында жерленген айтыскер ақын кім?

5. Жарсуат ауылында дүниеге келген ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек с сіңірген қайраткері кім?

6. Махамбет атындағы орта мектеп қашан салынды?

7. Ардагер ұстаздарды атаңдар?

8.Жарсуат ауылы туралы кітап жазған ұстаз кім?

9. «Қылыш қорған» ескерткіші туралы не білесіңдер?

10.Ұлы Отан соғысына қатынасқан Жарсуаттықтар кімдер?

11.Ауған соғысына қатынасқан Жарсуаттық азаматтар кімдер?

12.Жарсуттан шыққан танымал әнші кім?

IV-кезең «Ойлы болсаң, озып көр» (суреттерге анықтама беру)

Оқушылар жасырынған суретті ұяшықтарды жылжыта отырып табады және ол туралы мәлімет айтады.

1.Отырар қаласы. (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.

2. Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласын пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғ.Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғ. алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пиала) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады.

3. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек биАбылай хан, Есім хан, Хақназар ханТәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған

4. Ежелгі Тараз қаласы І-ХІХ ғғ. Жамбыл облысыТараз қаласының орталық базары аумағында орналасқан. 8-10 ғғ-дағы қатпарлар осы кезеңдегі қала өмірінің аса қауырт болғанын айғақтайды. Табылған темір ақшалар 7-8 ғғ.-ды көрсетеді. Күйдірген кірпіштен салынған (0,22 х 0,22 х 0,05 м), едені төселген бөлмелер, төселген тастар құрылыс техникасының өзгергенін дәлелдейді. Толық пісірмей жасаған қыш заттары ішінде қызғылт ойып салынған өрнектері бар жылтыр кружкелер мен құмыралар көп кездеседі. Әбден суарылған ыдыстар ақ, ашық, көк және қоңыр түспен жылтыратылған және өсімдік өрнектері салынған. 11-12 ғғ. металл ақшалармен ерекшеленеді. Қабаттар астынан темір пышақ, қалайы бұйымдар сынықтары, шыны мен тастан жасалған алқалар, шыны ыдыстар табылды. Көп мөлшерде суарылған ыдыстар шәшкелер, тәрелкелер, шырақ сауыттары шықты. Сіңірілген бояу түстері ашық және ақ. Бөлмелер монша едені астынан салынған ыстық өткізгіш каналдар көмегімен жылытылған Тараз моншасының салыну техникасы, қабырғаларының өрнектері мен безендірілуі сондай-ақ 11 ғ. мерзімімен белгіленген бұхар темір ақшаларының табылуы моншаның 11-12 ғғ.-да, қаланың экономикалық гүлденуі кезеңінде болғанын дәлелдейді.

5. Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 17711781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс ханБарақ ханӘз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

6. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (19121993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінежұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

7. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

8. Тұмар (б.з.б.570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

9. Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999). 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

10. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбаларысынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.

11.  Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орт. Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытайқолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. 

12. «БЕСЕУДІҢ ХАТЫ»1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин,М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазды. Онда көтерілген мәселелер:  1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.  2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.  3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.  4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде

Ү. Қорытынды:

Тауды биік деме сең,

Талаптансаң шығарсың,

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың дей отырып сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегі әділ — қазыларға береміз.

«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген екен Елбасымыз. Сондықтан әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің тарихын біліп болашағы үшін қызмет етіп, отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
08.04.2019
1736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі