15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы
«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.
1 ж: Ассалаумағалейкум, қымбатты көрермендер.
2 ж: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар.
1 ж: Сіздердің назарларыңызда «Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.
2 ж: -- Жапонияда төменгі сынып оқушыларына үй тапсырмасын бермейді екен.
1ж: Естігенім бар, бірақ жоғары сынып оқушыларына артылған жүк бастан асады.
2 ж: Ия, Жапонияның жоғарғы сынып оқушылары әлемдегі жұмысы көп жандар болып саналады екен.
1 ж: Ол ештеңе емес, ал АҚШ - та мектепке жаңа барған оқушыға ата - анасы ештеңе алып бермейді, яғни қажетті құрал жабдықтарымен мектеп толық қамтамасыз етеді.
2 ж: Ең қызығы Финляндияда оқушыларына алғашқы 6 сынып бойы мүлдем баға қойылмайды екен.
1 ж: Расыңда да, қызық, әр елдің білім жүйесі әр түрлі, бүгін бізде тарих пәні бойынша «Жас тарихшы» атты зияткерлік сайыс, қатысушылармен таныс болыңыздар.
2 ж: Алғашқы сайыскеріміз -------------------------- 6 сынып оқушысы.
Армысыздар жиналған көрермендер және ойын қатысушылары. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни айтқандай «Бақытты болудың негізі білім» осы мақсатта осы ойынға келіп тұрмын.
1 ж: Келесі білімді ойыншымыз --------------------------- 7 сынып оқушысы.
Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде
Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем деймін.
2 ж: Зияткерлік сайыс ойында бағын сынайтын келесі қатысушымыз 7 сыныбының қатысушысы ----------------.
Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін енің бұл сайысқа қатысып отырғандағы ең басты мақсатым, білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздың өлең жолдары:
Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегімен ақылың екі жақтап.
2 ж: Келесі ойыншымыз 6 сынып оқушысы --------------------
Армысыздар, жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға».
1 ж: Келесі қатысушымыз ізгілік жолын білімнен іздейтін 7 сынып оқушысы -----------------.
Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу, ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру.
2 ж: Соңғы қатысушымыз 6 сынып оқушысы ----------------
Армысыздар ардақты Алаш елі.
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын.
1 ж: Қадірменді ойыншылар, қымбатты көрермендер. Ал енді алғашқы айналымның ойын шартын түсіндіре кетейін. Қазір сіздерге тест түрінде ортақ 10 сұрақ оқимыз, әр сұраққа жауап ретінде5 нұсқа берілген, сіздер берілген нұсқаның ішінен дұрыс жауапты табуыңыз керек, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі. Дұрыс немесе бұрыс жауабын әділқазылар беретін болады.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп,- тартысқа толы алғашқы айналым «Бәйге» бастаймыз.
Сұрақтар.
1. Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады?
a) Алғашқы қауымдық құрылыс
b) Құл иеленушілік құрылыс
c) Феодалдық құрылыс
d) Капиталистік құрылыс
2. Заттай деректер негізінде адамзаттың тарихын зерттейтін ғылым:
a) Этнография
b) Археология
c) Нумизматика
d) Геральдика
3. Ең алғашқы адам қаңқасы қай жылдары табылды?
a) 1950 - 1959жж.
b) 1950 - 1963жж.
c) 1959 - 1963жж.
d) 1960 - 1963жж.
4. Адамның алғашқы пайда болған Отаны:
a) Африка
b) Азия
c) Америка
d) Австралия
5. Индонезиядағы Ява аралынан питекантроп адамы қай жылы табылды?
a) 1895ж.
b) 1894ж.
c) 1893ж.
d) 1891ж.
6. 1927 жылы синантроп қай жерден табылды?
a) Африка
b) Қытай
c) Америка
d) Франция
7. Германияның Неандерталь мекенінен қай жылы адам қаңқасы табылды?
a) 1895 ж.
b) 1894 ж.
c) 1856 ж.
d) 1891 ж.
8. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың қаңқа сүйегін тапқан академикті атаңыздар.
a) З. Самашев
b) К. Ақышев
c) Ә. Марғұлан
d) П. Окладников
9. Францияда кроманьондық адамның сүйегі қай жылы табылды?
a) 1868 ж.
b) 1894 ж.
c) 1856 ж.
d) 1891 ж.
10. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады?
a) Жабайы адам
b) Тік жүретін адам
c) Епті адам
d) Саналы адам
Жауаптары: а, б, с, а, д, б, с, д, а, д
2 ж: Екінші кезекті екінші кезеңге берейік. Алғашқы айналымымыздағы ұпайлар толығымен сақталады, сіздерге 5 сұрақтан тұратын әзірленген ұяшықтар ұсынылады, әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Егер ойыншы сұрағына дұрыс жауап бере алмасы, жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін келесі ойыншы жауап бере алады. Осы сайыстан кейін ұпайы аз 3 ойыншы ойынды тоқтатады. Ендеше жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаймыз, келесі кезең « Жорға».
1 ж: 1 ойыншы ----------------- « ----------- қандай арманың бар?». Қай ұяшықты таңдайсыз?
2 ж: 2 ойыншы --------- «-------- көңіл - күй қалай?»
1 ж: 3 ойыншы ---------- «------- бос уақытыңды немен айналысасың?»
2 ж: 4 ойыншы -------- Бүгінгі ойында кім жеңімпаз болуы мүмкін. Болжай аласың ба?
1 ж: 5 ойыншы ------ Қандай спорттық ойын түрлерімен айналысасың?
2 ж: 6 ойыншы -------- Келешекте қандай маман болғың келеді?
1 ж: 2 айналым бітті ұпайлары аз –––––––––––––––––––––– сіздермен қоштасамыз.
1 -ұяшың сұрақтары:
1. Қай дәуір «қыш құмыралар заманы» деп аталады? (неолит)
2. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам)
3. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)
4. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің мерзімі (б. з. д. 2 – 1 мыңжылдықтар)
5. Үйсіндерде малдың қай түрі байлықтың өлшемі болып есептелді? (жылқы)
2- ұяшық сұрақтары:
1. Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы. (Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы)
2. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)
3. 1970 жылы Есік қорғанын ашқан археолог кім? (К. Акышев)
4. Рулық қауымдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім (Тотемизм)
5. Үйсін қаласы «Қызыл Аңғар» қайда орналасқан? (Ыстықкөл)
3- ұяшық сұрақтары:
1. Қола дәуірінде адамдар қандай нәсілге жатты. (Европоидтық)
2. Сақ тайпалары жайлы алғаш рет кімнің еңбегінде айтылды? (Геродот)
3. Рулық қатынастар ыдырағаннан кейін орнаған бірлестіктер. (Тайпа)
4. Берел қорымынан табылған жәдігер. (Жылқының қаңқалары)
5. Астана қаласының бұрынғы атауы. (Ақмола, Целиноград)
4- ұяшық сұрақтары:
1. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан қала. (Қызылорда)
2. Аналық рудың ыдырауынан кейін, оның орнына келген қатынас. (Аталық)
3. Сақ - парадарайялар кімдер? (Арал теңізін мекендейтін сақтар)
4. Жалпы адамзат тарихындағы палеолиттің хронологиялық шеңбері (б. з. б. 2 млн. 6, 00 мың - 12 мыңжылдықтар)
5. Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталды? (Қола)
5 ұяшық сұрақтары:
1. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі... (б. з. б. 5 - 3 мыңжылдықта)
2. Үйсіндердің шаруашылығының қай түрінің маңызы зор болды? (мал шаруашылығы)
3. Жезқазғаннан қанша миллион тонна кен өндірілген? (1 миллион)
4. Астана қаласының символы (Байтерек)
5. Белгілі сақ патшайымы кім? (Тұмар)
6 ұяшық сұрақтары:
1. Жезқазғаннан кен өндірілгенін кім зерттеді? (Қ. Сәтпаев)
2. Үйсіндердің астанасы болған қала (Қызыл Аңғар)
3. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді? (Абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер)
4. Мезолит дәуірінің қамтитын кезең. (Б. з. б. 12 - 5 мыңжылдықта)
5. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы… (Үңгірлер)
2 ж: Қымбатты оқушылар, үшінші айналым «Ғажайып әлем» бойынша сіздерге 3 тақырыптан тұратын 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық 20 сұрақ ұсынылады. Осы сұрақтардың ішінде бейне сұрақ және арнайы сұрақ бар.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Тарих қойнауында
1. Есімдер сыр шертеді
10 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
20 ұпай. Абай Құнанбаевтың шын есімі: Ибраһим
30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия
50 ұпай. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай. «Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алған кім? (Шырақ)
20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. (Ыбырай Алтынсарин)
30 ұпай. «Қазақтың бас ақыны, одан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Мына сөздер кім туралы айтылған? (Абай)
40 ұпай. Күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Ол кім? (Тұмар)
50 ұпай. Арнайы сұрақ Н. Назарбаев
3. Тарих қойнауында
10 ұпай:
20 ұпай
30 ұпай
40 ұпай: Сен білесің бе? Осындай өрнектерді сақ дәуірінде қандай стиль деп атады.
50 ұпай: Арнайы сұрақ
2 ж: Міне, тартысқа толы 3 кезеңде аяқтадық. Ендігі жеңімпазды анықтауды қазылар алқасы анықтағанға дейін, әсем әнге кезек берейік.
1 ж: «Жас тарихшы» зияткерлік сайысының жеңімпазы анықталды. Жеңімпазды марапаттау үшін ортаға -------------------------------- шақырамыз. Барлық сайысқа қатысқан ойыншылар да ортаға шықсын.
2 ж: Құрметті көрермен, ғылым теңіз, білім қайық, бүгінгі ойын тартысты өтті. Ендеше келесі ойындарда кездескенше!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген