400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жас тарихшылар» зияткерлік сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,оқушыларға қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің

Тарих пәні мұғалімі:Табигат Мунара

Сабақ тақырыбы: «Жас тарихшылар» зияткерлік сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.Тарих сабағыннан алған білімдерін тиянақтап, тарихи танымдылығын арттыру.

Дамытушылық: Бабалардың ерлік рухын сезіндіру, азаматтық тәрбие беру арқылы тарихты оқып – үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру.Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, тілін, жерін сүюге, ұлттық салт-дәстүрмен ұлттық рухқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ



Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,топпен және жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, карта

Сайыстың кезеңдері:

І-кезең «Кім жылдам?»

ІІ-кезең. «Тарихи реттілік»

ІІІ-кезең. «Жұмбақ жылдар»

ІV -кезең «Тарихи оқиғалар»

V-кезең «Тұлған таны»

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті әріптестер, оқушылар бүгінгі «Жас тарихшылар» атты танымдық сайыс сабағына қош келдіңіздер!.Тарихқа тұнған Ұлы даламызда болып өткен оқиғалардың беттеріне сайысымыз арқылы үңілейік. Бүгінгі сайысымыздың қатысушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Әр топ өз топтарының аты мен эмблемасын таныстырып өтеді. Жақсы қорғаған топқа қосымша ұпайлар қойылады.

Сайыстың барысы:

І-кезең «Кім жылдам?»

Шарты:5-6 сыныпта өткен тақырыптардан 10 сұрақ қойылады. Жалаушаны бірінші көтерген топ жауап береді.Әр сұрақтың дұрыстығы 1 ұпаймен есептеледі.

1.Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі Тас дәуір

2.Мезолит заманының үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы Микролит

3.Неолит дәуірінің ең үлкен жаңалығының бірі Қыш құмыра жасауды үйрену

4.Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші Ботай

5. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым Ә.Марғұлан

6. .Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы Томирис

7.Үйсін тайпаларының мекендеген жері Жетісу

8. .Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы Еділ

9. .Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің мүсіндік бейнесін жасаған Герасимов

10. 13 қола жебе табылған қорған Шілікті

ІІ-кезең. «Тарихи реттілік»

Шарты: Оқушылар болған оқиғаларды уақытына қарап, ең ертесінен бастап орналастыру керек.

Әр топқа тапсырмалар тарқатылып беріледі, әр сұрақтың дұрыстығы 1 ұпаймен есептеледі. Тапсырманы экранда берілген дұрыс жауаптар арқылы топтар басқа топтың жұмысын тексереді. Аз ұпай жинаған топ сайыстан шығарылады. Бірдей ұпай жинаған топтарға қосымша сұрақтар қойылады. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.

Тапсырма: №1

1. Марафон шайқасы

2. Мезолит

3. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

4. «Есік обасы» ашылған уақыты

5. Кир жорықтары

6. Ғұндардың 2-ге бөлінуі

7. Епті адам

8. Каталаун даласындағы шайқас.

Дұрыс жауаптары:

1. Епті адам 1 млн 750 мың жыл бұрын

2 Мезолит б.з.б 12-5 мың жыл

3.Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б 12-8 ғ

4. Кир жорықтары б.з.б 530 ж

5.Марафон шайқасы б.з.б 490 ж

6. Ғұндардың 2-ге бөлінуі б.з.б 55 ж

7. Каталаун даласындағы шайқас-Галлия 451жыл

8. «Есік обасы» ашылған уақыты- 1969жыл К.Ақышев археолог-ғалым



ІІІ-кезең. «Жұмбақ жылдар»

Тапсырма:№2
Шарты: Топтарға мемлекеттердің өмір сүрген уақыттары жазылған тапсырма тарқатылады.Оқушылар берілген жылдарда өмір сүрген мемлекеттердің жылдарын тауып жазу керек.Әр дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады.

Аз ұпай жинаған топ сайыстан шығарылады. Тапсырмаға 5минут уақыт беріледі.

№

Жылдар

мемлекеттер

1

942-1210 жж


2

603-704 жж


3

1128-1213 жж


4

756-940 жж


5

552-603 жж


6

Х-ХIII ғ


7

IX-XIғ






Дұрыс жауаптары:

№

Жылдар

мемлекеттер

1

942-1210 жж

Қарахандықтар мемлекеті

2

603-704 жж

Батыс түрік қағанаты

3

1128-1213 жж

Қарақытай мемлекеті

4

756-940 жж

Қарлұқ мемлекеті

5

552-603 жж

Түрік қағанаты

6

Х-ХIII ғ

Наймандар мемлекеті

7

IX-XIғ

Қимақ қағанаты

ІV -кезең «Тарихи оқиғалар»

Шарты:Жылдар оқылады,сол жылдары болған оқиғаларды табу керек.Жалаушаны көтеру арқылы жауап береді.Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

1.1773-1775жж – Е.Пугачев көтерілісі
2.1783-1797жж – С.Датұлы көтерілісі
3.1723-1727жж – «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары
4.1837-1847жж – Кенесары Қасымұлының көтерілісі
5.1836-1838жж – Исатай мен Маханбеттің көтерілісі
6.1914-1918жж – І дүние жүзілік соғыс
7.1939-1945жж – ІІ дүние жүзілік соғыс
8.1918-1920жж – Азамат соғысы

V-кезең «Тұлған таны»

Шарты: Тақтада берілген суреттерді оқушылар таңдай отырып тұлғаны танып жауап беруі керкек. Топтың ойлануына 5 мин уақыт. Дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.

1. Тұлғаның өмір сүрген кезіңін табу.

2. Тұлғаның ерекшелігі.

3. Қазақ елі үшін жасаған еңбегі

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз береміз!

Ойынды қорындылап, жеңіске жеткен оқушыны марапаттау. Жеңімпаз топ ұпай сандары арқылы анықталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті оқушылар : «Жас тарихшылар» атты зияткерлік сайыс сабағымызды аяқтайық. Қазақстанның болашағы сендер болған соң білімді де тәрбиелі ұрпақ ретінде еліміздің көркеюіне үлестеріңді қосасыңдар деген сенімдемін. Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенінімізді ұмытпайық.Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1077
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі