400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас тілшілер форумы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас тілші форумы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала шақтан-болашаққа


Иә, мен 10-шы сынып оқушысы, әрі қара шаңырақ ҚазҰУ-ға түскісі келетін жас талапкермін. Мақсатыма жетуге сәл ғана мотивация жетпей жүргенде, “Жас тілшілер форумын” байқадым. Иә,мүмкін бұл маған берілген мүмкіндік шығар деп, бел буып конкурс аяқталуға 1-ақ күн қалғанда, 40 минутта дайындалып, “Кино мен музыканың жастар өміріндегі рөлі”деген тақырыпта 3 минуттық аудио подкаст жасадым. 


Шыны керек, аяқ асты дайындалған дүнием әлі шикі,дұрыс өңделмеген өнім деп ойлап, орын алмаймын-ау деген сенімсіздіктер пайда болды. Дегенмен, менің ең басты мақсатым, қара шаңырақ ҚазҰУ ды, өзіммен қатарлас талапкерлерді көру болды. Дәл солай 27.03.2025 жылы ҚазҰу өткен жас тілшілер форумына келдім. Форум бастан аяқ жоғарғы деңгейде өтті. Көптеген журналистика факультетінің студенттерін көріп,өзіме үлкен мотивация,әртүрлі әсерлер алдым. Студенттердің менен 3-4 жасқа ғана үлкен болса да, өте тәжірибелі әрі өздеріне сенімді, нық сөйлей алатынын байқадым. Сонымен қатар,олар әр қонақ болып келген талапкерге жылы лебіздерін білдіріп, болашақта ҚазҰУ университетіне түсуге өз кеңестерімен бөлісті.


Сын сағат туып, “үздік аудио подкаст”номинациясына кезек беріліп, 2-ші орын иеленген кезде, өз-өзіме сенбедім. Себебі, қаншама талапкердің ішінен суырылып,осындай нәтежиеге жету мен үшін үлкеееен жетістік болды. Сонымен қатар, тек 2-ші орын ғана емес, “Space english” білім беру орталығының 1 жылдық VIP сертификатын қанжығаладым. Бұның бәрі мен үшін , менің мақсаттарыма жету жолымдағы баспалдақтар болып қаланды.


Осы 1 ғана форум менің бойымда өзіме деген сенімімді арттырып, ары қарай қадам басуға ынталандырды. Сол себептен алдағы 2026 жылы тағы да өзімнің бағымды сынап , 1-ші орын иегері атануға еңбектенетін боламын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.06.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12