15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«ЖАС ҰЛАН» Балалар мен Жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиынын өткізу тәртібі
Республикалық бірыңғай «ЖАС ҰЛАН» Балалар мен Жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау
салтанатты жиынын өткізу тәртібі
Өтетін орны: «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт залы
Өтетін мерзімі: 14.12.2018ж.
5 «Е» сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар!
Жүргізушілер: 1. Оразтаев Асылбек 10 «В» сынып оқушысы
2. Мухаммадова Меруерт 10 «В» сынып оқушысы
1.жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар ман оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келіпсіздер!
Біз
жас ұлан – Отан ана өркені
Үміт
артқан баламағы ертеңі.
Туған
елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге
бөлеп, жасартамыз өлкені!
2.жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесіне орай мектебіміздің үлгілі,тәрбиелі 2 сынып және 5 сынып оқушыларын «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылдағалы отырмыз. Жас ұрпақтарымыздың еліміздің нағыз патриоттары,өзгерістерден қамықпайтын, еңбек құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейті бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалармен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1.жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімін жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін егеменді елімнің
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер,
Шырқалсын шаттық әнұран әнім.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
2.жүргізуші: Рапорт берілсін.
1.жүргізуші: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде көше отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндетін, ережелерімен, нышандарын таныстыруға рұқсат етіңіздер.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» жасөспірімдер ұйымы
2.жүргізуші: Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі
1.жүргізуші: 5 «В» сынып оқушылары Жолдыбай Диас және Джорабекова Меруерттің орындауында «Мекенім Қазақстан» әнін тамашалаңыздар.
2.жүргізуші: 2 сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына өтуге дайынба?
(Әр қашан дайынбыз) барлығы айтады. Топ басшы: дайын деп жауап береді.
1.жүргізуші: 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына өтуге дайынба?
(Әр қашан дайынбыз) барлығы айтады. Топ басшысы дайын деп жауап береді.
2.жүргізуші: 5 «Ж» сынып оқушысы Әлімбаев Жаппардың орындауында «Өз елім менің» тамашалаңыздар.
1.жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті,ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының анты айтылсын. Антты айту үшін 2 сынып оқушылары __________________________________________________________,
5 сынып оқушылары
5 «Б» сынып оқушысы Кенжеқара Асылзат, 5 «Д» сынып оқушыс Сәден Мұқағалиди шақырамыз.
Анттын мәтіні
Мен,________________________________Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұймының қатарына кіре отырып:
Өз Отанымды-Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға; «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнанг талап етуге ант етемін 3 рет. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
1.жүргізуші: Біз: «Жас Ұланбыз»
Біздің ұран:
Барлығы: Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан (3 рет)
2:жүргізуші: Құрметті Ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан», « Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
1.жүргізуші. Құттықтау сөз және галстук,төсбелгілерін табыстау үшін мектеп директоры Акылбекова Жанар Сатанқызына, және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мошқал Сұлтан ағай мен Бердешова Алия апайға,педагог-ұйымдастырушы Қабылбеков Сәрсенбек ағайға береміз.
2.жүргізуші: Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының әні (орындалады)
1.жүргізуші: Сап түзе, Жас Ұлан ұйымының Туы шығарылсын!
2.жүргізуші: 5 «А» сынып оқушылары «Қазақша» би
1.жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп
Ашылып алдымыздан алтын қақпа,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.
2.Жүргізуші: 5 «Ә» с ынып оқушысы Абдиханова Аселдің орындауында «Туған жер» әнін тамашалаңыздар.
1.жүргізуші. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Дайындаған: Байдуллаева Ботакоз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген