"Жас Ұлан" ББЖҰ қатарына қабылдау іс-шара сценариі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жас Ұлан" ББЖҰ қатарына қабылдау іс-шара сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп тәлімгерлері пайдалана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Директордың ТЖО:

М.Молдакулова _____ Қ.Қырғызбаева _____





Оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау


(АКТ залы, «Жас Ұлан» ББЖҰ таңбасы бар баннер)

І жүргізуші:

Қайырлы күн, оқушылар мен ұстаздар. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

І жүргізуші

Қазақстан күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға, бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.

ТыңдаңыздарІ Мектеп түзел! ЖасҰлан туы енгізілсін!

ІІ жүргізуші

Түсініп терең, әмірдің мәнін

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат, жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Әнұран ойналады

І жүргізуші :

«Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі

ІІ жүргізуші:

Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

І жүргізуші:

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.


ІІ жүргізуші:

Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

І жүргізуші:

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

ІІ жүргізуші:

Қазақ тілін еркін меңгеріп, елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу, сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

І жүргізуші:

Жас Ұлан ұйымының мүшесі - Отанның адал азаматтары

ІІ жүргізуші

Жас Ұлан ұйымының мүшесі – Отанның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

І жүргізуші:

Жас Ұлан ұйымының мүшесі – батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

ІІ жүргізуші:

Жас Ұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте, және спортта өжет те қайсар

І жүргізуші:

Жас Ұлан ұйымының мүшесі – шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

ІІ жүргізуші:

Білімді – көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

І жүргізуші:

«Біз...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

І жүргізуші:

  • Ұранымыз

Оқушылар:

Жас Ұланбыз – Тәуелсіз ел қыраны

Патриотпыз, білім, бірлік ұраны

Жас Қыранға – үлгі болар әрқашан

Біз жайықтың болашақ ел ұланы .

(Жас Ұлан әнұраны ойналады)

ІІ жүргізуші

Қабылдау рәсіміне Жас Ұландар дайын





І жүргізуші

Егемен еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достық пен татулық тірегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.

ІІ жүргізуші

Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдер галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

І жүргізуші

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. («Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, антетеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды.

Анттың мәтіні:

Біз, «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып, Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге; Ата-анамызды қадірлеп; Үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Оқуда озат, еңбекте адал болуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!(хормен айтылады)

ІІ жүргізуші .

Ұйым қатарына кірген Жас Ұландықтарды құттықтау сөзін

Мектеп директоры М.Молдакуловаға береміз.

І жүргізуші:

Құрметті оқушылар, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз! Жас Ұлан туы шығарылсын.

ІІ жүргізуші

Ризамын деп осындай жастық шаққа

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа

Келеміз Егеменді ел төріне өрлеп

Ашылып алдымыздан алтын қақпа

І жүргізуші

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2021
605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі