400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты жиыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фанфары


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты жиынына қош келдіңіздер.


Қ.Р. гимні орындалады.

2 - жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1 - жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты: - Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2 - жүргізуші: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын.

1 - жүргізуші: Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар, құрметті қонақтар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр. 


2 - жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!


1 - жүргізуші: Болашаққа жол бастайды Жас Ұлан!

Жарқылдайды жасындайын Ер Ұлан

Ізгілікті, парасатты ұлы елдің

Үміт артқан арда ұрпағы Жас Ұлан!

2 - жүргізуші: Парызымыз - Ұлы Отанға адалдық,

Бойымызда ізгі ниет, балалық,

Бар балаға үлгі - өнеге боламыз,

Біз - Жас Ұлан адалдықтан жаралдық!


Ұланбасы: Құрметті Жас Ұландықтар!

Салтанатты қабылдауға дайындықтары туралы рапорт тапсырылсын!


Тапсырушы Ұланбасы:

  • Құрметті И.Тайманов атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы! Мектептің 2,5 сыныптарының жас ұландары салтанатты қабылдауға қатысуға дайын.

Рапорт тапсырылды.


Ұланбасы:

  • Рапорт қабылданды.

  • Жас Ұлан! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

Жас Ұлан ұйымының туы кіргізілсін!


1 - жүргізуші: Ақ туымыз желбіреп,

Биіктен көз тартады.

Жас Ұлан, ол - ержүрек

Ертеңгі ел қорғаны!


2 — жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларымыздан ант алу үшін ортаға 5 « » - сынып оқушысы __________________________ ортаға шақырамыз.


Ұланбасы: Біз Отанның Ұланы -

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!



АНТ


Мен, ________ , Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге

Ата-анамды қадірлеуге

Білімге табандылықпен ұмтылуға

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге,

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде


қалған мүшелері  «Ант етеміз!»  деп 3 рет айтады. 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! (бәрі бірге хормен)


1 — жүргізуші: Құрметті Жас Ұландар! Бүгінгі ерекше есте қалар салтанатты сәтті өздеріңмен бөлісуге келіп отырған құрметті қонақтармен таныс болыңыздар!


2 - жүргізуші: Қонақтармен таныстыру.


__________________________________________________


___________________________________________________


___________________________________________________



1 - жүргізуші: Құрметті ардагер ұстаздарды галстук-төсбелгі тағу рәсіміне шақырамыз.


Ұланбасы: Құрманғазы, Динадай дүлдүлдердің күйімен, Исатайдың ұранымен, Махамбеттің жалынды жырларымен сусындаған, Әйтеке, Қазтуғандай орақ тілді билердің, Әбілқайыр, Жәңгір, Барақтай жүрегі түкті батырларын қастерлеп өсіп келе жатқан қасиетті Атырау елінің Жас Ұланы! Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге дайын бол!


Жаңа қабылданған жас ұландар: Әрқашанда дайынбыз!


«Жас Ұлан» ұйымының гимні орындалады.


2 - жүргізуші: Құрметті Жас Ұландықтар!

Уәделеріңе болаттай берік болып, әрқашан тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете беріңіздер!

Жас Ұлан! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!


1 — жүргізуші: Сүйікті Отанымыз Қазақстанның дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті, мемлекет болуы үшін сапалы білім алып, ата-дәстүрін жалғастырып, еліміздің туын, елтаңбасын, гимін сыйлап қастерлеңдер!


2 - жүргізуші:

Ризамыз дәл осындай жастық шаққа,

Не жетер, Жасұлан деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа!


1 — жүргізуші: Мектебіміздің Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі