400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау

Материал туралы қысқаша түсінік
көздейтін «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау.

Оқушыларды  «Жас Ұлан» және «Жас Қыран»

ұйымына қабылдау

 

/«Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиын/

1 жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, қонақтар! «Жас Ұлан» »балалар ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

 

2 жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,  ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі балалар ұйымының мерекесіне  арналған жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

 

1 жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін қонақтар, ұстаздар және оқушылар «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

 

2 жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім!

/ҚР гимні орындалады/

 

1 жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымының туы  енгізілуге дайындалсын.

Ту енгізілсін!

 Ал, енді ҚР тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған шағын әдеби монтажымызды бастаймыз 5 сынып


2 жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады. Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

1 жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

2 жүргізуші: Бүгін 5 сынып 13 оқушы «Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына қабылданады.
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

 

1 жүргізуші: Қабылдауға жас ұландар дайын.. Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.Топ басшысы...

Анттың мәтіні:
Мен  ____________________, «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


2 жүргізуші: Құрметті қонақтар мен 10 және 11 сынып оқушылары, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.



1 жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Маулен Темірғалиұлына және тәрбие ісі  орынбасары Шолпан апайға береміз.


2 жүргізуші:

 Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымының туы шығарылсын.

1 жүргізуші:

 «Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. 


Анттың мәтіні:
Мен  ____________________, «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі