15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
«Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік ұландары» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Желтоқсан, 2017 ж
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік ұландары» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Өтетін уақыты: 15 – желтоқсан 2017 ж. Сағат 16 : 00
Өтетін орны: «Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары
І жүргізуші:
Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 26 жыл толса, Біріңғай «Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 6 жыл толып отыр.
І жүргізуші:
Жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.
ІІ жүргізуші:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
І жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Ұланбасы:
Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны астында «Жас Ұлан» ұйымының туы кіргізілсін!
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік ұландары» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялайды.
Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатар түзеп тік тұрыңдар!
Ұланбасы /тәлімгерге келіп/:
Жолдас, аға тәлімгер, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты жиынға дайын.
Тәлімгер:
Рапорт қабылданды!
Ұланбасы:
Бірлестік, еркін тұрыңдар!
ІІ жүргізуші:Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы Жұмағазина Маржан Бектұрғанқызына беріледі.
Хор: «Желтоқсан тағылымы»
Орындайтын: 6-сынып
І жүргізуші:Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
І жүргізуші:
Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әр бір мүшесі қандай болуы керек екендігін айта кетейік.
11-сынып оқушысы Батырхан Гүлдана: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
9-сынып оқушысы Әділбекқызы Шаттық: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.
9-сынып оқушысы Маратқызы Еменай: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
9-сынып оқушысы Алиева Мадина: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
8-сынып оқушысы Алиева Аружан: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
11-сынып оқушысы Жақан Сырқан: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
8-сынып оқушысы Аралбаева Регина: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
8-сынып оқушысы Тұрарбек Назерке: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
9-сынып оқушысы Жұбанғалиев Дәулет: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
8-сынып оқушысы Сәдірқызы Феруза: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек (оқушылар кол шапалақтап, қошемет көрсетеді).
І жүргізуші:
ӘН: «Жаса Қазақстан»
Орындайтын: 11-сынып оқушысы Дөңес Нұрдәулет
ІI жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
І жүргізуші:
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Ұланбасы: 2а-сыныбының топбасшысы мәлімдемеге!
(2а-сыныбының топбасшысы мәлімдеме тапсырады)
2ә-сыныбының топбасшысы мәлімдемеге!
(2ә-сыныбының топбасшысы мәлімдеме тапсырады)
5-сынып топбасшысы мәлімдемеге!
(5-сыныптың топбасшысы мәлімдеме тапсырады)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
І жүргізуші:
Құттықтау сөз Абдуллаев Нұрсұлтан ағай, Туралиева Ардақ апай, Кадырова Нұрсұлу апайларымызға беріледі.
І жүргізуші: Құрметті мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тағу рәсіміне шақырамыз.
Көркемсөз
Оқитын 11-сынып оқушысы Жақан Сырқан
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
(ҚР әнұраны орындалады)
Мектеп! Тік тұр! «Жас Ұлан» ұйымының туы шығарылуға дайын.
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші:
“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді
“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды
“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді
“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады
“Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады
“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”
І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген