15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жас Ұлан" қабылдау
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау.2018-2019ж сценариі
1 жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, қонақтар!
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран » балалар ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі «Жас ұлан» балалар ұйымының мерекесіне арналған жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1 жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін қонақтар, ұстаздар және оқушылар «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
2
жүргізуші: Түсініп
терең, өмірдің мәнін
Жалынды
жастар, сендерсің сәнім.
Беретін
бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын
шаттық гимнім әнім!
/ҚР гимні орындалады/
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерей тойы қарсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 2011 жылы 6-шілдеде бірыңғай «Жас ұлан» мен Жасөспірімдер ұйымы Республикалық қауымның бірлестігі құрылды. Елбасы,тарихымызда мәңгі сақталатын ірі тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымызды біріктіріп, еліміздің атын асқақтатты. Жақында елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында көптеген мағлұматтар беріліп жатыр. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз Президентіміздің еңбегіне бас иеміз, ақылына сүйсінеміз!
«Туған жер» әнін қабыл алыңыздар
Армысың туған жерім ауылым, Жайлауы жазы қандай.
Құшақ жайып қарсы алар бауырым, Жайдары жаны жаздай.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Туған жер топырағыңнан айналдым
Жадымда мәңгі есімің
Мөп-мөлдір бұлағыңнан нәр алдым Ауылым ақ бесігім 2-рет
Армысың туған жер атамекен ,
Өзіңнің жоқ қой теңің
Сағыныш сезіммен тартады екен
Кіндік қан тамған жерім
2 жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр. Оқушыларды «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра , алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1 жүргізуші: Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
2
жүргізуші:
Білімді
–көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап,
ережені,
Орындауға бәріңде
міндеттісің!
4 сынып және 3 сынып оқушылары
1Сейділда Айдос: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен
бостандығы үшін күресуші
2Пернебай Жаннұр: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын
құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға
3Әмірханқызы Шұғыла: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және
спортта өжет те қайсар.
4Қалан Нұрбек: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан
да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
5Шалабек Ерзат: «Жас Ұлан» тек биікке жетелейді!
6Күмісбек Жанел: Біз қазақпыз!
Ежелден – ақ қазақ болып аталған ,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
7Байділда Нұрдос: Жас Ұландай ұйымым бар мәртебелі,
Көтерген биікке бар беделімді.
Мақтанам қазағымның ұландары
Елеулі боп еліме жеткеніңді.
8Наби Аянат Қыран мен ұланы бар елімнің,
Болашағы болады дербес елдің.
Мәңгілік ел кірпіші боп қаланады,
Қазіргінің келешек өрендері.
9Несіпбай Әмірсайд Мақтанам жас ұландай ұйымыммен,
Мақтанам желбіреген көк туыммен.
Әлемге аты шықса ұйымымның
Менің де төбем көкке жетер деймін.
10Байсал Ақмаржан Алдағы болашақтың кілті өзіңде,
Жас ұлан қалыспағын гүлде күнде.
Тәртіппен уәдеге сен берік болсаң,
Азамат боп шығасың сен жігерлі.
11Жандарқызы Нұрай Елбасы өзі құрған ұйымысың,
Рухани азық берер бір сыйымсың.
Қазағымның болашағы болар ұйым
Жасай бер, Жас Ұландай көркем сыйым!
12Құралбек
Жансерік
Біз,
Жас ұлан! – туған елдің өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Сол үмітті арқалаған ұландар,
Болашаққа ізбасарын ертеді.
13Жуасбек
Жайна
Ризамын
деп осындай жастық шаққа,
Не жетер
«Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
14Забибулла Бейбарыс Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз айтып кеткендей өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боламыз.
Әбдібек Бекжан «Жас ұлан» – шыншыл патриот
Жетпісбай Рабиға «Жас ұлан» –нағыз топжарған
Забибулла Ақмаржан «Жас ұлан» – қоғамға қызмет етеді
Нұрғали Аяулым «Жас ұлан» – жауапты азамат
Орынбасар Алина «Жас ұлан» –сенімді дос
Данабек Бауыржан «Жас ұлан» – болашақ «Жас Отан»
Хор:
Егеменді
еліміздің тірегі
Мектептің
болашағы жігері
Достықпен татулық
тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз
түлегі.
2 жүргізуші: Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына 2-сынып және 5 сынып оқушылары
қабылданады.
2 жүргізуші: Мектеп директорының міндетін атқарушы Тәженова Шолпан әпки, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шардарбекова Зеберкүл әпки, Әлеуметтік-педагог Кенжеев Бақытжан ағай, Педагог-психолог Темірбеков Қанат ағай көк түстес көгілдір галстукті, төсбелгіні табыстау рәсіміне шақырамыз.
1
жүргізуші: Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына
кіре отырып: Қазақстан Республикасының
патриоты болуға;
Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Отанымызды
мақтаныш етуге;
Ата-ананы
қадірлеуге;
Білімге ұмтылуға;
Салауатты
өмір салтын ұстануға;
Табиғатты
аялауға;
«Жас Ұлан» ережесін
бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан
талап етуге; Жерлестеріміздің даңқты
ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке
үйренуге және Отанға шексіз қызмет
етуге салтанатты түрде ант етесіңдер
ме?
2 жүргізуші: Топ басшылары бүгінгі бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы мәлімдеме тапсыруға дайындалсын.
Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.
1 жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Анттың мәтіні:
Мен
____________________, «Жас Ұлан» балалар
ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз
Отаным – Қазақстан Республикасының
патриоты болуға;
Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған
елім, жерім, Отанымды мақтаныш
етуге;
Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге
табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір
салтын ұстануға; Табиғатты аялауға;
«Жас
Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және
оны өз достарымнан талап етуге ант
етемін.
Біздің жерлестеріміздің
даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке
үйренуге және Отанға шексіз қызмет
етуге салтанатты түрде АНТ
ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
2
жүргізуші: Ризамын
деп осындай жастық шаққа,
Не жетер
«Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз
егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып
алдымыздан алтын қақпа.
6 сынып оқушыларының флешмобы «Қазақстан алға!»
1 жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын , тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің.
Мектеп директорының міндетін атқарушы Тәженова Шолпан әпки, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шардарбекова Зеберкүл әпки, Әлеуметтік-педагог Кенжеев Бақытжан ағай, Педагог-психолог Темірбеков Қанат ағай сіздерге сөз кезегін береміз .
1
жүргізуші:
«Жас
Ұлан» балалар ұйымы қатарына салтанатты
қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті,
салтанатты жиынымызды жабық деп
жариялаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген