Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас ұлан сценарий
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Өтетін күні: 14.12.2017ж.
Өтетін орны: АКТ залы
(АКТ залы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, қонақтар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.
І жүргізуші:
- Қайырлы күн қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
-
Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі 16-желтоқсан «Қазақстан Тәуелсіздігі» күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
І-жүргізуші:
-
Бүгінгі жиынымызға мектебіміздің озат, үлгілі, шәкірті ретінде 2- сыныптар «Жас қыран» ұйымына 45 - оқушы қабылданбақшы.
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі «Жас қыран» ұйымына қабылданатын бір топ оқушыларды ортаға шақырамыз!
Ұлан басшысы :
-
Жасақшылар теңел, тік тұр
-
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілсін.
ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім Беретін бойға күш-қуат,жігер Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Ұлан басшысы:
Жасақшылар түзел, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны орындалсын!
/Әнұран ойналады/
Ұлан басшысы:
«Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
Ұлан басшысы:
- ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
ІІ-жүргізуші: Ендеше, тәуелсіздік күніне
арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына
қабылдау рәсімін көре отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет,
ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
І жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақтың ұлттық болмысында, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
І жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
ІІ жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
І
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының
мүшесі - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал
азаматтары.
ІІ
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
І
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
ІІ
жүргізуші:
Жасұлан ұйымының
мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те
қайсар.
І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
І жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
ІІ жүргізуші:
Келесі кезекті Ұлан басшысының бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыру рәсіміне берейік.
Ұлан басшысы:
-Жасақшылар теңел тік тұр!
Құрметті директор мырза. «Жас Ұлан» тобы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы ұлан басшысы . Рапорт тапсырылды.
Мектеп басшысы: Рапорт қабылданды!
Ұлан басшысы: Жасақшылар теңел тік тұр!
І жүргізуші: Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылданушы 2А-сынып оқушысы, сынып үздігі береміз.
І жүргізуші:
«Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы 2 Б-сынып оқушысы, сынып үздігі береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
\АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!/
ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.
І жүргізуші: «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға төсбелгілерін тағу құрметін мектебіміздің директоры Шахабаев Мырзадәулет Омарұлына беріледі.
ІІ жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, сіздерді «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
І жүргізуші: Құттықтау сөзді мектеп директоры Шахабаев Мырзадәулет Омарұлына береміз.
Ұлан басшысы:
-
Жасақшылар түзел, тік тұр. «Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің ән ұраны орындалсын!
/Жас ұлан Әнұраны ойналады/
Ұлан басшысы:
-
«Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің Туы шығарылсын!
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамызды бастаймыз.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
ІІ-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
І жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін.
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым
Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының
басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де,
ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп,
үміттерін үзбеді. «Қазақстан тәуелсіздік жолында» атты бейнероликті
тамашалайық!
1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!
2-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.
Ән: «Желтоқсан желі» Орындайтын:
1-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты
халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей
маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым
бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан
алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
2-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ән: « » Орындайтын:
І-жүргізуші:
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
ІІ-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Ән: « » Орындайтын:
ІІ-жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз
І жүргізуші: Хор: «Ақ көгершін»