жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жас ұлан» ұйымы арқылы ұлттық және отбасылық тәрбие беру «АСЫЛ МҰРА» бағдарламасы.
Абай Құнанбаев атындағы №2жалпы орта білім беретін мектеп

«Жас ұлан» ұйымы арқылы ұлттық және отбасылық тәрбие беру
«АСЫЛ МҰРА» бағдарламасы.
Аға тәлімгер: Макажанова Сымбат
Ермаханбетовна
Екібастұз қаласы
Түсініктеме
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы - әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа баулып, дауға - дәру, жауға - қару, араздыққа - араша, татулыққа- тамыр, тазалыққа - нәр, пәктікке - пәрмен, дәстүрге - дәрмен, өнерге - тұлпар, көкте - сұңқар етіп тәрбиелеген. Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. [10,8 бет]
Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған деп айтуға болады. Өйткені, тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап ағайын-туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлылық жасаған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған.
Сол себепті ұлтымыз:
«Балаң өзіңе тартса - жұбан,
Қоғамға тартса - қуан» - деп бекер айтпаған. Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан қызын - арға, ұлын - нарға бағалаған.
Мектеп - қазақ халықтың
ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас
жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше егемендік алған елімізде
мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы
молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру
қажеттілігі заман талабы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Халықты
халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім»,- деп атап
көрсеткеніндей, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең
мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана -
болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ата-бабадан
қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына
дарыту – мектеп міндеті. Бүгiнгi қазақ мектептерінің
алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып,
тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар
бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi
сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп.
Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң,
ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты,
өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден,
мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс
атқару - біздің басты
мiндетiмiз.
Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. Сондықтан, қазіргі уақыттың маңызды проблемасы оқушылардың тәрбиесінде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды.
Ел ертеңі – болашақ ұрпақтың қолында демекші Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, халқының тарихы мен мәдениетін , тілін дінін, салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында патриоттық сезімі бар бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы бала
тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс
осы "Жас
ұлан" ұйымы
арқылы насихаттап жүзеге асырамыз
деген ойдамын.Осы «Жас Ұлан» оқушылар
ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін “Ата мұра ”
бағдарламасы әзірленіп, тәжірибелік сынақтан
өткізгеліотырмын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
жолдауында жарялаған "100 қадам" бағдарламасына
тоқталатын болсақ .Осы жолдау бағыттарында ұлттық отбасылық
құндылық жайында баса назар аударылған . «Сол үшін де ұлттық
тәрбиені жаңғырту маңызды. Ал, отбасы ұлттық тәрбиенің ұстаханасы
десек, ана мен әкенің, әже мен атаның рөлін күшейту керек»
. Мектеп пен жанұя бірлігі тек
жиналыс, сұхбаттармен ғана емес, осындай игі шаралармен түрленсе
ғана өзінің нәтижесін бермек. Ол мектеп үшін ғана емес, әр баланың
жүрегіне мейірімділік шуағын төгіп, қуаныш сыйларына сеніміміз
мол.
"100 қадам" бағдарламасын пайдалана отырып "Жас ұлан" балалар мен жасөспіріп ұйымының 7бағыт бағдары арқылы “Ата мұра ” бағдарламасын енгізіледі.

Бағдарламаның мақсаты:
Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін құру және ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, отбасылық құндылықтарды тарату мақсатында ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Байқаудың міндеттері:
1.Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық
жағымды құндылықтарын насихаттап,жандандыру,
2. Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа
моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын
айқындау;
3. Мектеп оқушыларына ұлттық және отбасылық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында “Ата мұра ” бағдарламасын құрастырып оны қолданудың кешенін жасау;
4. “ Ата мұра ” бағдарламасы және оны қолданудың әдістемелік кешенін іс-тәжірибеден өткізу.
Жоба мынадай бағыттар арқылы жүзеге асады.
-Отан патриоттық бағыты;
-ұйымдастыру бағыты;
-еңбек бағыты;
-зерттеу бағыты;
-насихаттау, ағарту бағыты;
Зерттеу
әдістері: зерттеу барысында төмендегідей
әдістер қолданылды: мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау;
сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау
және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік
сұрақтар.
Бұл жобаның іске асыру мерзімі: 2016-2017жыл
Жобаға
қатысатындар: Мектеп оқушылары; Сынып жетекшілер; Мектеп психологі,
әлеуметтік педагог; Ата-аналар; Шағын аудан
тұрғындары
Күтілетін
болжамы: Отбасылық ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып,
оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың
педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық
сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені
білім беру мен тәрбие ісі отбасының ұлттық мәдени құндылықтар
негізінде іске
асырылады.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру барсында мынандай іс-шаралар жоспарлануда
|
№1 Модуль – «Зерде «Зерде» модулі бойынша –« Жасұландықтардың» интелектуалдық мәденитін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл-ой деңгейін және шығармашылық қабілеттерін қалыптатыруға және дамытуға, туындаған мәселелерді шешу, жоспар құру және өзіндік өмірлік іс-әрекеттерін басқаруға, бүгінгі жаңа ғылыми дүниетанымды иегеруіне,балалардың интелектуалдық ойындарға, дебаттарға, олимпиадаларға,коференцияларға жобларға және зерттеу жұмыстарына арналған модуль. |
||||
|
Қазақтың салт-дәстүрі туралы «Алтын қақпа» викториналық сұрақтар байқауы |
Желтоқсан 5 сыныптар |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
Әдептілік – әдемілік тақырыбында психологиялық кеңес |
Ақпан 5-8сынып |
Психолог:Каримова А.А |
||
«Достар әлеуметтік желілерде, қазақша жазып,қазақша сөйлейік» үгіт насихат (сауалнама) |
Ұдайы 7-11сынып |
«Жас ұлан» мүшелері |
||
|
№2 Модуль – «Руханият» Руханият модулі бойынша – «Жасұландықтар» өзіндік және басқа халықтардың адамгершілік,этикалық,бейнелеу – эстетикалық негіздерін дамытуға және қалыптастыруға, өз түсініктерін басқа дамдармен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен бірігуге, жеке тұлғаның әдептік ұстанымын , оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүлерімен келістіретін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыратын модуль. |
||||
|
«Қыз өссе елдің көркі» шаш өру сайысы |
Қаңтар 5-9сыныптар |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Ата-ана бақыты» акциясы Жасұландықтардың үйіне барып ата-аналарына алғыс білдіру |
Мамыр |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
«Әжем айтқан ертегі » әжелермен немерелер сайысы |
Ақпан 5-6 сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
№3 Модуль – «Отан» «Отан» модулі - «жасұландықтардың» санасындағы Қазақстандық танымның және мәдени түсініктің қалыптасуына, адамзаттық парыздың орындалуына, толеранттылық пен патриоттық, отанға қызмет етудің маңыздылығын, өз халқы үшін мақтаныш сезімін, мемлекеттік рәміздерді,мемлекеттің және туған өлкенің идеологилық негіздерін білуге жағдай жасайтын модуль. |
||||
|
Екібастұз қаласының Жастар орталығымен кездесу «Қазақ халқының ұлттық салт-дәтүрін білемізбе?» еркін пікіралсу |
Қазан 9-10сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Отбасыдағы ұлттық тәрбие» ата-аналармен дөнгелек үстел |
Желтоқсан 10сыныптар |
ДТЖО,сынып жетекшілері |
||
|
Абай шығармаларының ұрпақ тәрбиесіндегі орны.(өлеңдер,қарасөздер ) оқу сайысы |
Жеке жоспар бойынша |
ДТЖО, қазақ тілі мұғалімдері |
||
|
«Ата Мұра » орталығының айтыскері Алмагул Жүгінісовамен кездесу. |
Сәуір 6-9 сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
Мұсылман әйелдері лигасының әжелерімен кездесу |
Қараша 7-8 сынып |
ДТЖО,сынып жетекшілері |
||
|
№4 Модуль – «Салауат» «Салауат» модулі бойынша – «жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, энциклопедиялық және өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға әсер ететін модуль. |
||||
|
«Толағай» отбасылық спорттық сайыстар |
Қыркүек 4-5 сынып |
Жапарова А.Б «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Алтын сақа» асық ойнау ойындары |
Ақпан 3-5 сыныптар |
|||
|
№5 Модуль – «Еңбек» «Еңбек» модулі бойынша – «жасұландықтардың» бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсіцлі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін, олардың мамандырылған бейініне әсер ететін, бизнес-инкубаторлар мен балалар кәсіпорындарын құру арқылы кәсіптік білім беретін, кәсіпкерлік, эканомикалық және құқықтық біліктілерін қалыптастыратын модуль. |
||||
|
«Қазақтың Ұлттық қолөнері» көрме ұйымдастыру |
Наурыз , 7-9 сынып |
Жакупова А.С «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Бұрымды ару» сайысы |
Наурыз 7-10 сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Алтын ұя» отбасының шежірелік тамыры.коллаж жасау |
Қазан 2-6сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
Қазақтың ән-күй өнері» әуенді табу байқауы |
Сәуір 5-6 сынып |
Әнкүй мұғалімі «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
№6 Модуль – «Жеті Жарғы» «Жеті Жарғы» модулі бойынша – «Жасұландықтар» тұлғалық,әлеуметтік,құқықтық бірліктерін,азаматтық белсенділіктерін және саяси сауаттылығын,өз міндеттерін орындау және өз құқұғын қорғай білу қабілеттерін қалыптастыратын модуль. |
||||
|
Еліміздің ұлттық мерекелерін атап өту .(Наурыз мейрамы, Ата Заң, Тілдер мерекесі және Тәуелсіздік күні кездері ) |
Жеке жоспар бойынша |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері ДТЖО,сынып жетекшілері |
||
|
Ата-аналарымен «Мен тандаған мамандық!» дөңгелек үстел |
Сәуір 9,11сынып |
Психолог: Каримова А.А |
||
|
«Достық» ұлттар орталығына саяхат |
Желтоқсан |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Ақ бата- асыл-мұра» бата беру сайыс-байқауы |
Маусым 2-4сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері сынып жетекшілері |
||
|
№7 Модуль - «Экоәлем» «Экоәлем» модулі бойынша – «жасұландықтардың» материалдық құндылықтырды сақтауға байланысты қоршаған ортаға дұрыс қатынас орнату және табиғат қорларын тиімді пайдалануға бағытталған модуль. |
||||
|
«Ең белсенді отбасылық демалыс» сурет галерия сайысы |
Қыркүйек 2-6сынып |
Сурет мұғалімі Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
Ұлттық киімдер,тағам,әдет-ғұрыптар презентациясын Әжесі немесе анасымен жасау |
Қыркүек 3-4сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
Ұлттық киімдер,тағам,әдет-ғұрыптар ,презентациясын Әжесі немесе анасымен жасау |
Қыркүек 5-7сынып |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері |
||
|
«Ауылым алтын бесігім» Екібастұз маңындағы ауылдық жерлеріне бару |
Маусым Шілде |
Макажанова С.Е «Жас ұлан» мүшелері ДТЖО |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген