жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жас ұлан ұйымына қабылдау
Жас ұлан ұйымына қабылдау рәсімі -2017жыл
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны.
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.
І
жүргізуші:
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі !
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы қатарына ұл-қыздарымызды қабылдау салтанатты
жиынына қош келдіңіздер!
ІІ
жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі Қазақстан жас азаматтарды еліміздің нағыз
патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге
құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп
тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны
қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» және
«Жас қыран» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына
мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды
ашық деп жариялаймыз! Бүгін Сағашилі орта мектебінің /Тізім/
оқушылары мектептің үздік, озат және ел мақтаныштары елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Жас ұлан» және «Жас қыран»
балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданғалы
отыр.
І
жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде
туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық
бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен
жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып
отырсыздар.
І
жүргізуші:
Мектеп түзел, тік тұрыңдар! ҚР Мемлекеттік Туы
енгізілсін!
ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
ҚР Әнұраны орындалсын!
І-жүргізуші:
Ендеше, Тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас
Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен
ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
І-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір
мүшесі:
2
жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық
келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың
өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік
парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз
сүйеді.
І
жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және
Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік
әнұранды жатқа айту керек.
Қазақ тілін
еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін,
салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта , сақтау үшін ынталы еңбектенетін
болады.
2
жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
І
жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі
мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік
тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге
асыру болып табылады.
І
жүргізуші:
«Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
ІІ
жүргізуші:
Ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас
Ұлан» - 3
рет.
№
4. «Жас Ұлан» әні
І
жүргізуші:
Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар
дайын.
ІІ
жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас
Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға
дайындалыңыздар.
І
жүргізуші:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас
Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір
галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне
шақырамыз.
ІІ
жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру
рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына
қабылданушы оқушыларымыздан ант алу үшін ортаға --------------------
ортаға
шақырамыз.
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан
Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан
талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі
өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге
салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
І жүргізуші:
1.Бүгінгі ұйымға өтіп жатқан оқушыларымызды құттықтау үшін ортаға Мектеп директоры Медеова Ақмарал Сұлтанкерейқызына сөз беріледі.
2. Еңбек ауылдық округінің әкімі Қабақбаев Баубек Аманғалиұлына сөз беріледі.
3. Құттықтау сөз мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байланова Заида Зариванқызына беріледі.
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!
ІІ бөлім –концертімізді жалғастырамыз.
І
жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Видео : Қазақстанның Тәуелсіздік күні.
Ақпатша: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 24 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.
2-жүргізуші:
Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!
Видео - желтоксан.avi ( 2 - ге бөлемін)
1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 28 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық (1 минут үнсіздік).
5а- сынып тақпақтар.
Мой Казахстан –Республика моя,
На Приишимье солнце полыхает
Пусть краше расцветает вся земля,
Мой Казахстан – Республика родная!
Слово для поздравления предоставляется 1б-класс и мини центр.
Ерке қыз тобының орындауында «Бейбітшілік» биін тамашалаңыздар.
Алпыспай Айназ орындауында мәнерлеп оқу «Мен қазақпын»
«Песня о Казахстане» 5 б класс
Диана:
Свободен, величав и первоздан
Звезде подобный средь земель и стран
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой лучезарный Казахстан.
Гулдер тобынің орындауында « Я солай »
«Көк тудың желберегені» әнін орындайтын 7а-класс оқушысы Жеңісқалиев Ерасыл.
МАД және Шот тобының бүлдіршіндерін өз өнерлерін көрсету үшін ортаға шақырамыз.
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
«Мой Казахстан» би 7а- сынып
Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
7а-класс оқушысы Балмаханова Диананың орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.
Ақпатша: Міне содан бері 24жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын.
Диана:
Народы - как одна семья,
Хотя язык и разный,
Все дочери и сыновья
Своей страны прекрасной!
Ән. «Қазақ елі осындай» Алпыспай Айназдың орындауында
Ән: «Қазақстан» Байтөлекова Нұргүл
Осымен бүгінгі желтоқсан оқиғасының және Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Байтөлекова Гүлнафиз Жеткергенқызына беріледі.
Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!
А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
2017-2018 оқу жылының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бойынша
«Ел болашағы- Жас Ұлан» атты патриоттық іс-шараның анықтамасы.
Тақырыбы: «Ел болашағы –Жас Ұлан »
Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру аясында оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту,өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеу, Тәуелсіздік туралы кең ұғым беру, Желтоқсан оқиғасы туралы білімдерін жетілдіру және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
Өткен орны: акт залы
Өткен уақыты: 21.12.2017ж
Бүгін мектебімізде Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру
аясында «Ел болашағы- Жас Ұлан» атты патриоттық іс-шараның
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен
жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
болды.
Мектебіміздің озат,үздік, үлгілі оқушыларымыз қабылданды. Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың қолдауымен 42 жасұландықтарға галстук пен төсбелгілерді мектеп әкімшілігі мен озат оқушылар үлгі ретінде табыс етті. Мектеп директоры Шеримкулова Гулназ Айтбайқызы мен директордыңтәрбие ісі жөніндегі орынбасары Давлетова Улбибі ханымдарға сөз берілді.Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Даулетбекова Бағила ханымға құттықтау сөз берілді. Оның ішінде 22 оқушы «Жас қыран» ұйымына, 20 оқушы «Жас ұлан» ұйымына өтті.
ҚР-ның Мемлекеттік Туы енгізілді. Мемлекеттік әнұран орындалды. Жасұландықтарға төсбелгі мен галстукті табыс ету үшін басшыларды ортаға шақырдық. Қабылданушы оқушылардың арасынан Қыдырбек Бикелді Ұранын, Антын қабылдауға ортаға шықты. Соңынан «Жасұлан» әнін хормен орындады. Қр-ның Мемлекеттік Туы шығарылып, салтанатты жиынымызды аяқтадық. Әрі қарай концерттік бағдарламамызды жалғастырдық. Қазақстанның тәуелсіздік күніне желтоқсан құрбандарына арнап видео-фильм көрсеттік.
5а-сынып оқушылары желтоқсан туралы тақпақтарын жеткізді. 10а-сынып оқушылардың көрінісін тамашаладық. 1- сынып пен 4- сынып оқушыларының керемет өнерлерін тамашаладық.Құлахмедова Әсел «Мен қазақпын» өлеңін айтып шықты. 5бсыныбы«Алға Қазақстан » әнін айтты.5а-класс оқушысы Қалдыбай Нұртас «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. 5ә- класс оқушылары «Бәрі жақсы болады» әнімен биледі. Болатбек Ақбота «Қазақ елі осындай» әнін шырқады. Тоқтамысұлы Бекарыс «Қазақстан» әнін айтты. Балмаханова Диана мен Жансая «Астана» әнін орындады. 4а-класс оқушылары «Бейбітшілік» биін биледі. Осымен «Ел болашағы- Жас Ұлан» атты іс-шараны аяқтадық.
Мектеп директоры Г.Шеримкулова
Түркістан қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің басшысы Б.Шойбековке
Сұраныс
А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі Сізден төменде көрсетілген оқушыларды « Жас Ұлан», қатарына қабылдауыңызды сұранамыз.
|
№ |
Оқушының аты -жөні |
Мектебі |
Сыныбы |
Оқушылар туралы мәлімет |
«Жас Ұлан» ұйымына |
|
1 |
Қалдыбай Нұртас |
№1 |
5 «а» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
2 |
Әбіл Назгүл |
№1 |
5 «а» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
3 |
Қайырбек Балнұр |
№1 |
5 «а» |
Топ басшысы |
Жас ұлан |
|
4 |
Құрбанғали Сая |
№1 |
5 «а» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
5 |
Тоқтамысұлы Бекарыс |
№1 |
5 «а» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
6 |
Амантай Сая |
№1 |
5 «а» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
7 |
Қоныс Асылай |
№1 |
5 «а» |
Тазалық секторы |
Жас ұлан |
|
8 |
Бейсен Аружан |
№1 |
5 «а» |
Белсенді |
Жас ұлан |
|
9 |
Насыр Нұрғазы |
№1 |
5 «ә» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
10 |
Кулахмедова Асель |
№1 |
5 «ә» |
Топ басшысы |
Жас ұлан |
|
11 |
Қыдырбек Бигелді |
№1 |
5 «ә» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
12 |
Орынбасар Гүлім |
№1 |
5 «ә» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
13 |
Болатбек Ақбота |
№1 |
5 «ә» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
14 |
Тұрсын Мереке |
№1 |
5 «ә» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
15 |
Абласан Нұрсалина |
№1 |
5 «ә» |
Спортшы |
Жас ұлан |
|
16 |
Қалдарбек Берік |
№1 |
5 «б» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
17 |
Умирзаков Нұрмұхамед |
№1 |
5 «б» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
18 |
Мансур Асылзат |
№1 |
5 «б» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
19 |
Алдаберген Дінмұхамед |
№1 |
5 «в» |
Топ басшысы |
Жас ұлан |
|
20 |
Абдулхалил Қажыгүл |
№1 |
5 «в» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
21 |
Камарадинова Алуа |
№1 |
5 «в» |
Оқу озаты |
Жас ұлан |
|
22 |
Жумаханқызы Жанерке |
№1 |
5 «в» |
Белсенді |
Жас ұлан |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген