400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие берудің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие берудің жолдар оның қазіргі кездегі маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие берудің маңызы

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің АӘД және дене тәрбиесі оқытушысы

Тәбәрәк Еркінбек

Қазақстан республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы еліміздің Прездиенті Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан -2030» дамыу бағдарламасындағы негізгі жеті дамыу саласында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік деп атап көрсетті. Сол мақсатқа жету үшін ,егеменді мемелекетімздің гүлденіп дамыуы үшін,сыртқы күштердін шекарамызға баса көктеп кірмеу үшін,Отаным, елім, жерім дейтін патриот жастарды тәрбиелеу қазыргі кездегі маңызды салаларының бірі.

Патротизм- адамдардың өз Отанына деген сүйспеншілгі мен адалдығын көрсететін сезім.Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриотизм сезімі­- өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриотизм, сондай-ақ туған жерге, ата –бабасының отанына құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Қоғамның топтасуының басты бағыттарының бірі-қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы болуы тиіс. Шынайы патриотизмді қалыптастыру- жеке тұлғаның нақ саяси тұрғыда өзін-өзі нақты айқындауы деген сөз. Оны Мемлекет Туына, Елтаңбасына,Әнұранына құрметпен қарауға, заңға бағыну, үкіметті сайлауға тәрбиелеуден бастау керек.Әрбір адам баласы жасынан: “Қазақстан- менін Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты,менде ол үшін жауаптымын” деген қарапайым ойды санасына сіңіруі керек.

Республика жастарын Отан қорғаушысы ретінде жауынгерлік және адамгершілік жағынан жан-жақты тәрбиеленуде, елдің тағдыры, жас егеменді мемлекеттің қауіпсіздігі алдында жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыруда әскери қызметтің орыны зор.

Армия жасөспірімдердің азаматтық қалыптасуын аяқтайды десе де болады, жас әрі орнықпаған мінезін шыңдайды,ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретеді. Жастарды тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесінің құрамды бөлігі бола отырып, Қарулы Күштер-жастар үшін өмір мектебі болып есептеледі. Әскери қызметтің үйымшылдық рухы,оның қоғамдық құрылымы, тәрбиелеу процесінің кешенді сипаты жауынгерлердің саяси шынығуын,батыл, жоғары моралідық-адамгершілік қасиеттерге ие болып,әскери шеберлік, патриоттық пен интернационалистік қасиеттерді қалыптастырудың тікелей ортасы болып табылады.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»,- деп ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарби айтқандай, өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз деп есептейміз.

Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда екендігін айта кету керек. Олар Қазақстан тарихын терендетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып,болашаққа тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар аяулы ұлдары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубіәкіров, Талғат Мұсабаев, жерлесіміз Айдын Айымбетов, сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма,адамның ұлы бол» деп келіп, адамнынң ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе осиет етіп кетті. Бұл өсиет,пікірлер бүгінгі жастарымызға жеке тұлғаны патриотизм рухында тәрбиелеудің темірқазығы.

Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,-деп аманат қалдырған. Осындай Отан сүйген және ол сезімнен қуат алған,ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Сондықтан да біздер халқымыздың хас батырлары-Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті,Кенесары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасым хан мен Абылай ханды қәдір тұтып қастерлейміз.

Өз отаның сүйген ұрпақ тәрбиелеу білім беру мекемелеріндегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің және бүкіл халықтың ісі деп санайды.

Жастарды отанды қорғауға даярлау, жас азаматтың патриоттық танымдары мен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы үрдіс. «Отанды сүю от басынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі оқу орындарында қаланады.

Әскери- патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапасында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды,бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.сондықтан қазіргі заманға сай жастарға патриоттық тәрбие беру,тек алғашқы әскери дайындық сабағында ғана емес барлық сабақтарда қамтылыуы керек,және әскери бөлімшелермен тығыз қарым-қатынас орнатыу,білімгерлерге әскери өмірді көрсету,әскери –патриоттық тақырыпта жарыстарды жиы ұйымдастыру керек.





































пайданылған әдебиеттр:

1.Алғашқы әскери дайындық журналы -2103ж Талғат А.А

2.Србаз газет-2014

3.Алғашқы әскери дайындық Аманжолов К.Р,Тасболатов А.Б,Майхиев Д.К,

Аманжолова Б.К.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі