Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас ұрпақты әлеуметтік тәжірибиелеуге қатыстыру арқылы мамандық таңдауына көмек беру, жауапкершілікті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру олардың қоғамға бейімделуіне, жауапкершілігін арттыруға және мамандықты дұрыс таңдауына көмектеседі. Әлеуметтік ортада тәжірибе жинаған жастар өз қабілетін танып, болашақ кәсібін саналы түрде таңдай алады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті - жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақала


Жас ұрпақты әлеуметтік тәжірибиелеуге қатыстыру арқылы мамандық таңдауына көмек беру, жауапкершілікті қалыптастыру

Жас ұрпақты кәзіргі қоғамға сай тәжирибиелеудің бағыт-бағдары мен жолдары қай халықтың да тыныс-тіршілігінде, ой-санасында ерекше орын алуда.

ҚР Конституциясында «Қазахстан Республикасы, өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемкелет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқұқтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Сондықтан біздің де байлығымыз, болашағымыз - жастарымыз.

Жеткіншіктерді өміргі, қоғамға қалыптастыру үшін дұрыс тәрбие берудің де сан салалы амал тәсілдері бар. Соның бірі-баланы қоғамға әлеуметтік тәжирибиелерге сүйене отырып тәрбиелеу, сол арқылы әртүрлі мамандыққа тәрбиелеу. Мамандыққа тәрбиелеу де жеткіншіктердің қабілетіне, біліктілігі ментал, жан-жақты, көп білетін балалармен мен қатар, анғал, сенгіш көп нәрсеге мән бермейтін оқушылар да кездеседі. Сондықтан алдымен жеткіншектерді әртүрлі мамандық салалармен жеке таныстырып, ол мамандықтың қыр сырымен түсіндіріп, сол мамандық иесімен кездестіріп өткізу де артық емес. Сол арқылы баланың қызығушылыгын дұрыс мамандық таңдай білуін қалыптастырамыз.

Халықтардың ұлт болып дамуына, ұрпақ өсіруіне, әлемнен, өзіне тиісті орнын алып, әрекет етуіне жол көрсететін қоршаған орта, ата-ана, ұстаз. Осы орта жастардың бойына ұлттық, халықтық тәрбиені сіңіре отырып, өз елінің өмір жолын, тарихын, мәдени-рухани құндылықтарын, менталитетін, тілін, дінін ұмытпауына көңіл бөледі. Сондай-ақ білікті мамандар өмірден жинаған үздік амал-тәсілдерін зерделеп, оқу-тәрбиесінің ғылыми әдістерін дамытып, молайтып, жас ұрпақтың шәкірттірінің дұрыс мамандық таңдай білүіне бағыт беріп отырады.

Заман ағымына қарай адам мен қоғамның да дамуына өзгерістер мен жануарлар болып тұрады, сондықтан жастардың да сана сезімінде, түсінігінде жетілу, өсу болады. Бұл өзгерістер білім мен тәрбиенің, мамандық таңдаудың жаңаруын қажет етеді. Соған орай ұрпақ тәрбиесін дамыту арқылы оның әр ісіне жауапкершілігін, түсінігін арттырамыз. Жастар бойына жауапкершілік сананы сіңіру қалыптастыру бірінші кезектегі басты тәрбие ол өмір бойғы қағида болу керек. Жауапкершілік оның түсінік-түсінігіне, пайым-парасатына, ұлттық санасы мен мәдени өрісіне байланысты болмақ. Адамдық болмысы, білік-білім сапасы жоғары және әр ісіне жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Балаға әр істі, тапсырманы орындауга мұқият көңіл бөлуін қатағалап, нәтижиесін анықтап, тиісті бағасын беріп, дұрыс-бұрыстығын түсіндіріп айтып отыру керек. Қателігі болса, ескертіп, келесі жолы қайталанбауын, сондай жағдайға ұрынбауын ақылмен айтқан жөн. Өз тәжірибиемізге ондай оқиғалар жиі болмаса да кездесіп тұратыны жасырын емес. Берілген тапсырмаларды уақытында орындамайтын, кейінге қалдыратын не ұмытып кететін жастарымыз да дер кезінде қолға алып, заман ағымына қалыптастырмасақ, кейін кеш болмақ.

Қазіргі күнде жас жеткіншектеріміздің мінез-құлқында, түсінік-туйсігінде, пайым-парасатында, тіпті кескін-келбетінің өзінде тақарлық өзерістер болып жатыр. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде күнделікті қадағалап отыру, ең алдымен әрбір ата-ананың, ұстаздың тіпті әрбір азаматтық түбірлі міндеті болу керек екенін ұмытпау керек.

Еліміздің экономикасы мен тұрмыс-жағдайы, әл қуаты артып, саялы әлеуметтік санасы өскен сайын ата-бабадан жалғасқан текті тәрбиенің, ұстанымның үдесінен шығу әрбір Отанын сүйетін, қадірлейтін жастың міндеті. Ол үшін әрине алдымен өзіміздің балаларға әртүрлі әлеуметтік тәжірибиелерге сүйене отырып, мамандық тандауға бағыт береміз. Кейінірек кезде еліктеғіш, қайсар мінезі жоқ, көзқарасы құқай мамандықтың құбылмалы жас қай мамандықтың ұнайтынын, қолынан қандай іс келетінін білмеуі мүмкін. Сондықтан ондай балалармен ұзақ жұмыс жүргізуге тура келеді. Сондықтан ондай баламен алдымен ата-анасы, олардың мамандығы, кімді үлгі тұтаны туралы сөйлесу керек. Баланың пікіріне орай мамандық түрлері мен таныстарын, қоғамға қажеттілігін, болашағын түсіндіру қажет. Кімге болса да өзінің ұнатқан мамандығымен, саласымен жұмыс істесе, оның болашағы зор.

Қазір жастарымыздың көпшілігі ата-атаның ықпалымен оқу орнына түсіп, кейін ол мамандықпен қызмет істей алмайды. Қанша жылғы еңбек босқа кетеді. Сол үшін әркім өзі қалаған жоғары білімін алып, сол салада еңбек еткені дұрыс. Сондықтан да біздің міндетіміз жастарды әлеуметтік тәжірибиелерге қатыстыру арқылы мамандық таңдауына көмек беріп, қолдау көрсетіп, қоғамнан өз орнын табуға бағыт-бағдар сілтеп, жол көрсетуіміз керек. Бұл – адамзаттық парызымыз әрі міндетіміз, өйткені елдің, Отанның болашағы-жас ұрпақ, келешегімыз-жастар. Дамыған, озық елдің қатарына қосылу жастардың қолында. Біз жастарға сенеміз!

Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы дамып, елде саяси тұрақтылықтың түбегейлі орнығып, Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттар біркісідей жұмылып еңбек етсе, әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттер қатарына қосылуы сөзсіз. Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылға таяп қалды, осы жылдары талай өзгерістер болды, дамыды, алайда істелер іс, енгізілер жаналық, өзгерістер көп. Ол үшін бізге өте білімді мамандар дайындауымыз керек. Ондай мамандықтарды әрине жастарымыз игеруге тиіс. Болашақ Қазақстанның тағдыры, өркендеуі, халықтың бейбіт, еркін, демократиялық өмір сүруі үшін өсіп келе жатқан жастарымыздың қолында. Ендіше сәт сапар!



Қалықбай Б.Қ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12