400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жас ұстаз-білім бапкері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздармен өткізілген тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас ұстаз-білім бапкері» жас мамандармен жүргізілген тренинг сабақ

Мақсаты: Білім беру жолында жүрген жас ұсттаздарға әдістемелік көмек беру,оқу мен оқытудағы мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығын айқындау,өз тәжірибелерін жетілдіру,тәжірибе алмасу,ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру.

Ұйымдастыру бөлімі:

Ұлы Абайдың «Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады» деген сөзі бүгінгі ұрпақтың әлемдік ғылым мен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптасу үрдісінде өзекті мәселе болып отыр.Елдің дамығандығының белгісі ғылым мен техниканың,экономиканың жетістіктері болса,мұның барып тірелер жері мектеп,ал білім беру тетігі –мұғалім.Өйткені,аталған мәселелерді шешу мұғалімдердің кәсіби өсуі арқылы күнделікті педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асады.

1. Ойын: «Екі шындық,бір өтірік» танысу мақсатында жас мамандар шеңберге тұрады.Әркім өз бойындағы қасиеттерден,өнерлерінен,жалпы өздері туралы үш мәлімет айтады.Оның екеуі шындық,біреуі өтірік болуы керек.Басқалары өтірік айтылғанды анықтауға тырысады.Осылайша бір –бірінің қасиеттерін тануға да мүмкіндік болады.

2.Сұрақ-жауап кезеңі: Түрлі-түсті стикерлер таңдап алынады.Қызыл түс-өз ұстанымы жайлы,көк түс-құндылықтар туралы,сары түс-стратегиялық іс-әрекеттері жайлы әңгімелейді.

-Мұғалімнің құндылықтары жайлы қалай түсінесіздер?

-Мұғалімнің ұстанымы деген ойға сіз не қосар едіңіз.

-Мұғалімнің өзгерістер енгізу үшін алдын-ала қолданылатын стратегиялық іс-әрекеті қандай болу керек?

3.Жағдаяттан шығу.

Мысалы: 5-сыныпта оқитын ұлы үйіне ашуланып келе сала: «Мұғалімдердің бәрі әділетсіз!»,-деп күйіп-піседі.Екі жақты жауап беру керек.

-Баланың бастан кешкен сезімі.

-Сіздің іс әрекетіңіз.

4.Ықшамсабақ.Ресурстар дайындалып қойылады.Күнтізбелік жоспарларынан тақырып беріледі,соған сәйкес ықшамсабақ көрсету керек.Арнайы аздаған уақыт беріледі.

5.Өнерлінің өрісі кең.Сергіту сәті ретінде әркім қолынан келетін өнерін көрсетеді.

«Телеграмма » ойыны арқылы ой қорыту.Өздерінің аты-жөндерінің басқы әріптерін алып,берілген тақырыпқа телеграмма немесе құттықтау жазу керек.

«Ұстаздар мерекесі», «Балаларды қорғау күні»

Ы.Алтынсариннің «Ұстаз еңбегі-үнемі жарқырап,жасарып тұратын шығармашылық құбылыс» деген сөзі баршамызға мәлім,олай болса,егемен еліміздің болашақ ұрпағын білім нәрімен сусындатып,білімді де,білікті ұстаздар қатарында болыңыздар демекпін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі