Жас зерттеушілер

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Жас зерттеушілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөбекжайдағы зерттеу жұмыстарын жүргізу, өскінмен жұмыс, жылыжайға саяхат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә лиасқарова Гүлнұр Әлиасқарқызы

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Таушық ауылы



Ұйымдастырылған іс – әрекет тақырыбы: «Жас зерттеушілер»

Мақсаты:

- Балаларды балабақша жылыжайын көркейтуге талпындыру.

Өскінді жұлмай, қамқор болуға тәрбиелеу , тұқымды себер алдында даярлау

туралы түсінік беру, көкөніс тұқымдарын ажырату жолдарымен және

өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін

үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету. Балалардың

өсімдікке, көкөніс , жеміске ұқыпты күтім жасауын қалыптастырып,

пайдасын,күтіп,баптау жолдарын түсіндіру. Адамның денсаулығына сеп

болатыны маңызды дәрумен көзі екені жайлы әңгімелеу.Жылыжайға егілген

өсімдік дәнінен алғашқыда жапырақ,содан кейін кішкентай өскін,кейін үлкен

өсімдік өсетіні жайлы түсінік беру.

Қажетті құрал-жабдықтар: өскіндер, су құйғыш, күрекшелер, интерактивті тақта, слайд, видео

Өткізілетін орын: балабақша жылыжайы, әмбебап зал

Тәрбиеші:

-Балалар шаттық шеңберін құрып, амандасып алайық

Армысың , Алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын, халқымыз!

Заман болсын ел тыныш!

Аман болсын аналар!

Аман болсын балалар!

-Жарайсыңдар балалар, балалар біз ненің жанында тұрмыз?

Балалар: Жылыжайдың жанында тұрмыз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бағбанға өзіміз еккен өскіндерді табыстайық

Бағбан: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай ақылды балалар едіңдер! Өз қолдарыңмен өскін өсірдіңдер ме? Жарайсыңдар! Еңбектерің жемісті болсын!

Логопед: Жарайсыңдар балалар! Сендер жарадыңдар! Енді біз бөбекжайымызға бару үшін Зымыран жаттығуын орындайық

Л ого- жаттығу: Зымыран

Тәрбиеші:

-Балалар , тұқымды екпес бұрын біз оны суға салдық. Тамырлануын күтіп топыраққа отырғызып күнде баптап суарып отырдық ия? Ендеше біз бірге зерттеу жұмысын жасап көрейік.

Зерттеу жұмысы: Топырақты зерттеу.

Мақсаты: танымын арттыру, сөздік қорын байыту, зейінін арттыру.

Логопед: Ал балалар, сіздер міне топырақты керемет зерттедіңіздер, енді осы құнарлы топыраққа қарбыздың тұқымын егіп, алдағы уақытта тағы күтіп көрсетіп, бағбанға апару үшін егіп қояйық.

Логопед пен балалар дәнді топыраққа егіп, суарады

Логопед: Енді балалар біз әдемі етіп, дәнді ектік. Ендеше мына экранға назар аударайық мұнда кюар берілген соны сканерлеп көрейік

Экраннан қарбыздың дәннен жеміс бергенге дейінгі видеосын тамашалайды.

Тәрбиеші:

  • Балалар, топырактың қасиетін көрдік. Олардың дәннен қалай жеміске дейінгі өсетінін көрдік ендеше бірге осы жемістер мен көкөністерден сіздерге табиғи шырынды бірге дайындайық

Асқабақ дәнінен және қарбыздан , киви , алма, қиярдан сусын жасау

Тәрбиеші:

Қарбыз туралы сіздерге қызықты мәліметтер айта кетейін.

Қарбыз – ол жеміске де, жидекке де тіпті көкөніске де жататын әмбебап өсімдікк екен. Оның бірнеше түрі болады екен. Оның сары түрі болады екен.

Табиғи шырын жасап болған соң, балалардан дәмі туралы сұрайды.

Логопед: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы Мен сіздерге «жас зерттеуші» атты медаль мен диплом табыстаймын!

Тәрбиеші:

-Балалар сіздерге бүгінгі іс әрекет ұнады ма?

-Қай бөлімі ұнады?

Балаларды мақтау – мадақтау

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі