400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

жас зкологиядан

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайындық тобы мен қоштасу слайд тапсырмалары мен ойындар әр түрлі тапсырмалар берілген баланың жыл бойы білім тексеру аналарының алдында көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас экология факультатив 4-сынып

Күні 07.11.17


Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы өзен көлдердің экологиялық жағдайы..

Сабақтың мақсаты: 1.Жерасты сулары, өзен,көлдер және олардың адамға тигізер пайдасы туралы білімін қалыптыстыру.

2.Байқағыштық ,танымдық қабілеттерін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

3. Дүниетанымдарын кеңейту, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ізденушілік,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар: Судың табиғаттағы күйі

Табиғаттағы су айналымы деген не?

Судың қандай қасиеттері бар?

Судың маңызы қандай?

Жаңа сабақ : Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Жел соқса ,ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған. Деп кім жазған?

(Ы.Алтынсарин )-өліңімен су туралы келесі тақырыпты ашқалы отырмын біздің ғаламшардың көп жері көглідір түске боялған.Ол су.Яғни мұхиттар,теңіздер,өзендер.Су-жер бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.


Су туралы келесі тақырыбымыз Жерасты сулары. Өзен, көлдер. Суды қорғау.

(балалар қолдарына қарындаш алады)

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.

-Тақырыптан түсінбеген сөздерің бар ма?


Жаңа сабақты түсіндіру.

Жерасты сулары дегеніміз жердің терең қабатында су бар.Адамдар қолдан жерді 3-4 метрге дейін қазып құдық жасайды.Одан алынған суды ішуге ,шаруашылыққа пайдаланады.

Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ дейді.

Бұлақ жылғалармен ағып барып өзендерге қосылады.Ал ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.

Өзөн дегеніміз -өзі салған арнамен ағатын су ағыны.Әлемдегі ең ұзын көл –Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы -6670 км. Ең қысқа өзен –АҚШ-тағы Ди өзені , оның ұзындығы 37 метр

Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.Ертіс, орал,Іле, Еділ,Жайық, Сырдария, Амудария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен кеме жүзе алады. Ірі өзен маңында су электр станциялары салынады. Су электр станциялары елдер мен өндіріс орындарын арзан электр энергиясымен жабдықтайды.

Ертіс---Семей,Павлодар, Өскемен.

Сырдария—Қызылорда

Іле------------Алматы

Жайық------Орал

Тобыл-------Қостанай

Есіл----------Астана

Талас--------Тараз

Шу-----------Тараз


Біздің Қазақстанда қандай көлдер бар?

Каспий----Ақтау,Атырау

Арал------- Қызылорда

Балқаш-----Алматы

Зайсан-----Өскемен

Көлдер. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әртүрлі болады.Үлкен көлдер теңіз деп аталады.Көл суы ағынды ,ағынсыз болады.Ағынды көлден өзен ағып шығады.Көлге тұз жинақталады,ол өзен суымен ағып кетеді.Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.Каспий –ағынсыз көл. Көлдердің шаруашылыққа пайдасы зор.Олардың ең бірінші байлығы –тұщы су.Көлдер кеме қатынасы үшін пайдалы. Мысалы Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады.Каспий теңізінен балықтардың түр-түрін аулайды.

Арал –көлемі жөнінен жер шарындағы үшінші орын алатын көл болатын. Бірақ оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын жер суаруға көп жұмсағандықтан ,соңғы кезде Аралдың деңгейі күрт төмендеп кетті.Оның көлемі 40 % -ға қысқарды.

Суы тартылған теңіз түбіндегі тұз құрғап ,одан көтерілкен шаң мен тұз бораны айналадағы ауаны ластады. Табиғаттың күрт нашарлауынан халық арасында түрлі қауіпті аурулар тарады. Міне, өзен мен көл суларын ойланбастан ,ретсіз пайдаланудың неге апарып соғатынын осыдан-ақ көруге болады.


Дәптермен жұмыс жүргізу

1-қатар:

РАФТ-стратегиясын қолданайық: 2-қатар: 5- жолды өлең құрастыру

3-қатар: Су туралы мақал-мәтел немесе тақпақ айту

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мараппатау.


Үйге тапсырма: Жерасты сулары. Өзен, көлдер. Суды қорғау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі