«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің «Талдықорған
қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған
балаларға арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тәрбиеші: Қлышбаева Асель Қайратқызы
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Жаса, жайна –
Талдықорған!
Мақсаты: 1. Оқушылардың Талдықорған
қаласы туралы білімдерін меңгерту;
2.
Оқушыларды топ ішінде бірігіп жұмыс істеуіне
баулу, әр түрлі ситуациялық жағдаяттардан дұрыс шығуына үйрету,
оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
сөздік қорларын молайтып,
дыбыстарын қадағалау;
3.
Оқушыларды туған жерін, елін суюге,
табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер: ой толғау, шаттық
шеңбер, топтық жұмыс,
«сиқырлы сандар» ойыны, постер
қорғау, ситуациялық сұрақтар, кері
байланыс.
Тәрбие сағатының
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі
-Амандасу.
-Бүгінгі біздің тәрбие
сағатымыздың тақырыбы мына алтын қақпаның артында жасырылған. Бірақ
ол қақпаны ашу үшін біз мына тапсырмаларды
орындайық.
«Соңы кім»
ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді
толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын
молайту.
Шарты: Тақтаға кез келген сөз
жазылады. Бұл сөзге байланысты қандай асоциация болады соны
айтасыңдар.
Жаз---ыстық---жазғы
каникул---тамыз айы---кунге күю—суға
шомылу
Мектеп----сабақ оқимыз, білім
аламыз, достарымыз көп, ұстаздар.
«Қалалар»
ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз
құрастырып, дұрыс айтуға
дағдыландыру.
-
Мен тақтада қала атауының кез
келген буының көрсетемін, сендер сол буынға сәйкес Қазақстан
қалаларын айтуларың керек.
-
Тапсырма үлгісі: қар-
Қарағанды
-
Ас-
Астана
-
Тау-
Көкшетау
-
Рау-
Атырау.
-
Кент-
Шымкент
Слайд. Қақпа ашылады.
Талдықорған қаласының суретімен тәрбие сағаттың тақырыбы жазылып
тұрады.( Даша мультфильмдегі өлең)
-
Ой
толғау.
-Тәрбие сағатының тақырыбы
ашылғаннан кейін, оқушылардан Талдықорған туралы қысқаша мәлімет
сұрау.
- [Талдықорған қаласы туралы
не білесіңдер?]
-
Талдықорған қаласы Жетісу
жерінде орналасқан.
-«Жетісу» сөзі – Балқаш көліне
құятын жеті өзенді білдіреді.
-Талдықорған қаласы – Алматы
облысының орталығы.
- Талдықорған қаласы Қаратал
өзенінің жағасында орналасқан.
-1869ж. Гавриловка деген ауыл
салынды.
-1922 жылы Гавриловка ауылының атауы-
Талды-Қорған ауылы болып
өзгертілді.
-1993ж. қаламыз Талды-Қорған емес,
біріктіріліп Талдықорған деп жазылатын болып
өзгертілді.
III. Шаттық
шеңбер.
Ортаға тұрады. Қолдарына дайын
әріп жазылған стикер таратамын. Сол стикерде қандай әріп тұр, сол
әріпке басталатын жананыңдағы адамға жылы лебіз (комплимент)
айтады.
Мысалы: А- ақылдысын, С-
сүйкімдісін, Қ- қарапайымсың, Ж-
жаксысың.
IV.Топқа
бөлу.
Мозайка
әдісімен. (Талдықорған қаласының көрікті
жерлерін бөлшектеп қиып қоямын. Сол бөліктерді құрастыру арқылы
оқушылар топқа бөлінеді).
1-ші топ
Достық.
2-ші топ
Жастар.
-Бүгінгі тәрбие сағатымызды
сайыс түрінде өткіземіз. Тәрбие сағат барысында топтық жұмыс
болсын. Әр топ мүшелері бір- бірімен ақылдасып, көмек беріңдер. Әр
бөлімде дұрыс ойланып, сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Ойларыңды
толық жеткізіп, дыбыстарыңды
қадағалаңдар.
V. Бағалау парағымен
таныстырып өту.
-Біздің тірбие сағатымыз
таныстыру, сиқырлы сандар, постер қорғау, ситуациялық сұрақтар
деген бөлімдерден тұрады. Әр бөлімнен кейін топтар бір-бірін
бағалап, бағалау парағына бағаларын көретіліп тұрады. Балдар 1-5
аралығында қойылады.
Топтардың атын бағалау
парағына жазып қою.
VI. 1-ші бөлім:
Таныстыру.
-Әр топ атына байланысты ұран
құрастырып, ортаға шығып қорғайды. (оқушылар өзара ақылдасып, А3
қағазына жазып, оқып шығады).
- Екі топ бір- бірін
бағалайды. Әр топқа жұлдызшаларды
беру.
VII. 2- ші бөлім: «Сиқырлы
сандар» ойыны.
Тақтада сандар жазылып тұрады.
Әр топ бір санды таңдағанда, Талдықорған қаласының көрікті жерінің
бір бөлігі ғана ашылады. Сол бөліктен қандай жер екенің табу керек.
Таппаған жағдайда кезек келесі топқа беріледі. Қай топ табады сол
көрікті жері туралы қысқаша айтады.
Әр топқа жұлдызшаларды
беру.
VIII. 3-ші бөлім: Постер
қорғау.
Екі топқа бірдей
сұрақ.
-Талдықорған қаласының
болашағын қалай елестетесіңдер?
-Әр топ Болашақ Талдықорған
қаласының суретін салып, ортаға шығып, өз ойларың жеткізу керек. (2
минут сурет салуға, 2 минут қорғауға
беріледі).
(музыка ойнатылып
тұрады)
Әр топқа жұлдызшаларды
беру.
IX. Сергіту
сәті.
-Орнымыздан тұрып бойымызды
сергітіп алайық. (1 мин). Қыдырып
қайтайық.
X. 4-ші бөлім: Ситуациялық
сұрақтар.
-Екі конвертке сұрақ жазылып,
салынады. Топтан бір оқушы шығып таңдайды. Топ ішінде жағдаятты
талдап, көрініс ретінде көрсету
керек.
1) Бір турист Талдықорған
қаласына келді. Ол қаланы білмейді. Сенен қаланы көрсетуін сұрады.
Туристті қаламен қалай таныстырасың? Сенің
әрекетің?
2) Бір кісі адасып кетті.
Кездескен жолаушыдан баратын бағытын сұрайды. Жолаушының әрекеті?
Адасып кеткен кісіге баратын бағытын қалай
түсіндіресің?
Әр топқа жұлдызшаларды
беру.
XI.
Бекіту.
Рефлексия. Күн шуағы
стратегиясы.
Тақтада күн шуақсыз ілініп
тұрады. Шуақтарын оқушыларға үлестіріп беру. Күн шуағына бүгінгі
тәрбие сағатынан қандай әсер алғандарын жазып, тақтаға
ілу.
-
Мен қаланы жақсы
көремін.
-
Маған тәрбие сағаты
ұнады.
-
Келесі тәрбие сағатын осылай
өткізейікші.
-
Біздің қала ең жақсы
қала.
-
Тәрбие сағаты қызықты
өтті.
Қорытынды.
-
Осындай күлімдеген күнмен біз
тәрбие сағатын аяқтаймыз. Әрқашанда бір- бірімізге күлімдеп,
көмектесіп жүрейік. Жылы шуағымызды шашып, бөлісіп жүрейік. Алда да
қолұштарыңды беріп, бір-бірлеріңе жылулық сыйлаңдар. Талдықорған
қаламыз әрқашан жайнай берсін, өсе берсін, өркендей берсін.
Қаламыздың өркендеуі сендердің қолдарыңда. Әрдайым үлестеріңді
қосып жүріңдер.
-
Сау
болыңыздар.