400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Жаса, жайна, гүлдене бер Қазақстан!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жаса, жайна, гүлдене бер Қазақстан!"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаса, жайна, гүлдене бер Қазақстан!»



Балалар музыка әуенімен залға кіреді, қолдарында жалауша, түрлі-түсті ленталары, гүлдері бар төрт қатарға тұрып жаттығу қимылдарын орындайды.

Жүргізуші:-  Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 27 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілік мерекемізді бастаймыз.

1бала:-Бүгін думан, бүгін той, 2бала:- Кеңейсін туған жердің керегесі,

Босқа қарап тұрмаңдар. Жыл сайын арта берсін берекесі.

Бабалардың арманы, Қазағым құтты болсын қуанышың,

Тәуелсіздік тиді аңсаған, Тәуелсіздік 27-жылдық мерекесі.

3бала:-Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Гимні!

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол-Әнұран.

Сезім биігі, төзім шыңы-ол Әнұран.

Әннің асылы, ұранның басымы –ол Әнұран.

Балалар Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды.

Жүргізуші:- Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтеміз.

4бала:-16 - шы желтоқсан 5бала:-16- шы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн Тәуелсіздік алған күн

Мерекені ел тосқан Ерекше болып мәңгілік

Атамменен барған күн. Ел жадында қалған күн.

16 -шы желтоқсан Мерекге шығады

Тәуелсіздік алған күн Бүкіл халық біліп қой,

Мерекені ел тосқан Отандастар ұғады,

Шырқатып ән салған күн. Тәулсіздік – ұлы той.

ӘН: «Он алтыншы желтоқсан»


(Әнді орындап болғаннан кейін балалар отырады. Муз. ырғағы)

Жүргізуші:-Балалар бүгінгі мерекемізге бір қонақ кележатырған сияқты, қарсы алайық.(Осы кезде ортаға Батыр келеді.)

Батыр-Ассалаумаалейкум, барша жұртым! Сәлеметсіңдер ме, балаларым!

Балалар- Сәлеметсіз бе, Батыр аға!

Батыр- Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

Тәуелсіздік мәгілікте сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Тәуелсіздік құтты болсын!

Жүргізуші: - Батыр аға қош, келдіңіз төрлетіңіз!

Батыр- Балалар 1991жылы 16-желтоқсан қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Батыр ағаларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззәт Асанова, т.б әкпе, ағаларымыздың арқасында қазақ елі өз Тәуелсіздігін дүние жүзіне паш етті. Қазақстан -деген елді бүкіл әлем таниды. Барлық ұлтты бауырына басып, бірлігін жарастырып , іргесін бірге ұстаған елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевқа мың алғыс. Тәуелсіз еліміздің жастары заман талабына сай білім алуда. Сол болашақтың тірегі мына сендерсіңдер. Бейбітшілігіміз берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Балалар айтыңдаршы біздің Отанымыз қалай аталады ?

6 бала- Біздің Отанымыз егеменді Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.

Батыр- Біз қандай мейрамды тойлап жатырмыз ?

7бала- Тәуелсіздік мейрамын тойлап жатырмыз. Және Тәуелсіздік алғанымызға

биыл 27жыл толып отыр.

Батыр- Елбасымыз кім?

8бала- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Батыр- Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

9бала- Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,

Мағыналы ән ұранымыз бар,

Тұнғыш президентіміз бар,

Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.

Батыр- Жарайсыңдар, сондай ақылды, шыныменде білімді балалар екенсіңдер.

-Балалар, сендер маған рәміздерді талдап айтып бере аласыңдар ма?

10бала: - (қолында туы бар) Бұл ту. Тудың түсі көк, ашық аспанды білдіреді.

11бала:- Қыран құс елдің тыныштығын, бірлігін білдіреді.

12бала: - Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігі.

13бала:- (қолында елтаңбаның суреті) – Бұл қазақ халқының елтаңбасы: Шаңырақ үйіміздің жарық түсер саңлауы. Масақ тоқшылық белгісі. Жұлдыз жол сілтеуші жарық белгі.

Батыр:- Бәрекелді, балалар, сендерге ризамын, жарайсыңдар.

Жүргізуші:-Көк байрағы бабамның

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың

Қазақстан жалауы.- балалардың орындауында «Тәуелсіздік ән ұраны» әні шырқалады.

ӘН: «Тәуелсіздік ән ұраны».

(Осы кезде слайдтан Алтын адамның суреті көрсетіледі)

Жүргізуші:-Балалар бұл кімнің суреті таныдыңдар ма?

Балалар- Ия, таныдық. Алтын адамның суреті.

Жүргізуші:- Дұрыс айтасыңдар. Алтын адам ол бұрынғы замандағы сақ тайпасында қазақ халқының негізін қалаған жауынгері болған. Алтын адам осы Тәуелсіздіктің түп тамыры болып сонау бабалар арманы.

Батыр:- Ия, егер еліміздің өткеніне көз жіберсек, өскелең ұрпақ тәрбиесі кез келген уақытта халқымыздың өзекті мәселесі болған және болып қала береді.

Жүргізуші:- Олай болса, ортаға «Бабалар арманы» ел тарихынан сыр шертетін сахналық көріністі тамашалайық.

Қатысушылар балалар.Баяу күй музыкасы естіліп тұрады, өлең оқылады.

Жер ана:- Күн туды қазақ басына

Жоңғар деген нәубеттен.

Аздырды елді, тоздырды,

Намыс отын қоздырды,

Бөгенбай сынды батырлар

Абылай сынды асылдар

Дұшпан бетін қайтарды,

Ел тағдырын қолға алды.

Тарих сыны қазаққа

Осыменен бітпеді…

(Хан ордасына Абылай, Төле би, қасында, Бөгенбай сынды баһадүр қолбасшылар келе жатады. Қарсы жақтан Бұқар жырау шығады.)

Бөгенбай:- Бұқар жырау келеді! Арқаның ардагерін қарсы алайық!

(Ордаға Бұқар жырау  келеді. Абылай хан амандасып, оң жағынан орын береді)

Бұқар жырау: -Армысың, Абылай?!

Абылай: -Бармысыз, Бұқар баба?!

(Бұқар сәл ойланып, Абылайға қарап сөз бастайды)

Бұқар:- Біз бармыз-ау, хан ием.Қазақтың халін айтсаңдаршы, сол мендегі зар, сол мендегі запыран…Қандауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң,ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар. Берекесі жоқ елдің бірлігі жоқ. Не қылмақ ойың бар, Абылай?

(Ордада үнсіздік)

Бұқар:- (Абылайға қарап) Бар сенгеніміз сенсің, Абылай! Баста мына еліңді!

Төле би:- Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Тұрған жерін тұрақтаған,тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Бөгенбай: -Қарт баба дұрыс айтады. Үш жүздің қазағының басын қос, баста мына еліңді!

Бұқар:-Сайдың тасындай даңқты батырларың мен қаны қазақ сені қолдамаса, маған кел! (Абылай ойланады)

Абылай: - Ақиқатты ғана айтасың-ау,жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес, қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз.



Абылай:-Азаттық жол-азапты

Төземісің әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет

Зорлықты жеңер ар-намыс

Шығарар тардан тәуекел

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы

Болмасын дер қара жер

Жойқын жаудың жолында,

Жойылмасын деп қайран ел

Азаттықтың қаны үшін

Болашақтың бағы үшін

Ұлы жорық бастаймын!

Еремісің әлеумет!

Бөгенбай:- (Оң қолын кеудесіне қойып, сөз сұрайды) Хан ием, қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар. Жорыққа аттануға біз дайынбыз. Құдай қаласа,қазақ жері азат болады!

Барлығы: -Аттанайық, аттанайық , аттанайық!

Бұқар:- Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек! Қазақтың жағдайы қыл үстінде тұр, ағайын.

Бәрі шулап:Төлеби:-Иә, жырау! Бөгенбай: -Табанды боламыз!

Абылай: -Жауға құл болғанша, өлгеніміз артық! Барлығы: -Аттан, аттан!

( «Көшпенділер» фильмінен  үзінділер  көрсетіледі. Сахнада Бұқар қалады.)

Ат ойнатып сен тұрдың, Білді сонда қас жауың

Шаңдатып хан шатырын. Кім екенін Сабалақ.

Жекпе-жекте өлтірдің Ақ туыңның астында

Қалмақтың бас батырын. Абылайлап тұрды елің

Жалпақ дала аспанын Сен теңдікті әпердің

Даңқың кетті аралап, Туған елің – Қазаққа...

Жер-Ана:Армысыңдар, бауырымнан түлеген өрендерім! Мен талай ғасырлардың куәсі қойнауым құтқа толы құдіретті Жер-Анамын! Жасыл шүйгін, кең жайлау, асқар тау, кербез орман, көркем бел, ерке жел. Талай  жанға сая болған-қайран елім! Менің елім ! Тәуелсіз елім! «Менің» деп меншіктеп айтар жерің мен еліңнің болғаны қандай бақыт! Ат үстінде күн кешіп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» жүріп қорғап қалған, аманат етіп сіздерге қалдырған ұлы жер ғой, ұрпағым! Бүгінде міне, бақыт таңы, тәуелсіздік таңы атты.

Бөгенбай:- Дүниеде тәуелсіз  Қазақ елі бар:

Абылай: -Әлемде егемен Қазақстан бар:

Төле би:- Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар:

Бұқар: -Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар:            

Төле би:- Сол күнге берік сеніміміз бар!

Бәрі бірге: -Келешектің іргетасын бірге қалаймыз! 

Жүргізуші:- Біздің ата-бабаларымыздың көксегені тәуелсіздік еді және олар тәуелсіздік жолында талмай күресті. Ал біз ата-бабаларымыздың батыл, ержүрек, лайықты мұрагерлері болып өсуіміз керек. Елдікке жетпей теңдікке жетпейтінімізді жадымызда сақтайық балалар!

Батыр- Жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, талаптарың оң болсын. Енді меніңде қайтатын уақытым болды. Сендерге тілейтінім білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттеріміз ер жүректі батыр болсын, қыздарымыз көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!

Балалар- Рахмет сізге Батыр аға, сау болыңыз!

(Батыр балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші:- Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Енді ортаға сұлу қыздарды шақырып, бақыт құсы «Ақ көгершін» биін тамашалайық.

Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт келер мұхит, келер шыңды,

Қанатыңды қаққанда бірге естілсін,

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.

Би: «Ақ көгершін»

Жүргізуші:- Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.- Балалардың орындауында

«Тәуелсіз елім менің»
әні шырқалады.

Ән: «Тәуелсіз елім менің»
Жүргізуші:- Күлімде күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ! - Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз.Тәуелсіздіктің тұғыры биік, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз!

(Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
875
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі