Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылту ауылы
№24 жалпы білім беретін орта мектептің ұстаздары:
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Шұлғаубаева Кәмшат Құныпияқызы.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Карабасова Жазира Катарбаевна.
Мерекелік іс-шараның тақырыбы: Жаса, жайна Қазақстан!
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Іс –шараның өтілу барысы:
Музыка ойнап тұрады.
1-жүргізуші: Армысыздар аса қадірлі ұстаздар!
2-жүргізуші:Қайырлы күн құрметті оқушылар!
Бүгінгі еңселі егемен еліміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы ұлттық мерекеміз - Республика күні баршамызға /екі жүргізуші бірге хормен / құтты болсын!
2-жүргізуші: Ұлық мереке Республика күніне арналған 6-сынып оқушыларының дайындаған «Жаса, жайна Қазақстан!»атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!
Ортаға 6-сынып оқушылары Қайсар мен Айару шығады.
Қайсар: Айару, қарашы, аспанмен таласып желбіреген көк туымыз қандай әдемі? Айару: Туымыздың аспан тектес көк болуында үлк -е -е -е –н-н мән бар Қайсар. Қайсар: Менің атам айтқандай көз тартарлық көгілдір түсі аспанымыздың ашықтығы мен халқымыздың адал, таза ниетін айқындап тұрады. Айару: Көк тулы, рухты, үнді қазағым асылдай. Екеуі хормен: Біздің ел бақытты! Біздің ел осындай!

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні. 6 -сынып оқушылары.
1-жүргізуші: Биыл егемен ел атанғанымызға 33 жыл толады. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған еді. Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты. Тәуелсіздік жылдарында елеулі жетістіктерге қол жетті, күрделі сын-қатерлерде аз болмады.
2-жүргізуші: Оқушылар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
1-жүргізуші: 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын айқындап, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.
1-жүргізуші: Осыдан тура 33 жыл бұрын 25 қазан күні Жоғарғы Кеңестің 307 қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіздікке нық қадам жасалды.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін күрескен есіл
ерлерді, Алаш зиялыларының елі үшін жасаған ерліктерін бір сәт
есімізге алайық. Ендеше 6-сынып оқушыларының дайындаған көрінісіне
кезек берейік.
Көрініс: «Алаштың арыстары» 6-сынып оқушылары.
1-оқушы: Біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Алайда, Республика күні 25 қазанда, яғни 1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күнмен байланысты. Бұл декларация еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық бірлігінің бастауы болды.
2-оқушы: Тәуелсіздік күні – патриотизмді арттыру, ұлттық рухты көтеру күні. Біздің әрқайсымыз елімізді сүйіп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Отанымыздың тарихын, мәдениетін білу, оны құрметтеу – біздің борышымыз. Отанымыздың әрбір жетістігі – біздің ортақ жетістігіміз.
3-оқушы: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
4-оқушы:
Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл, елдік таңбаңды. Елтаңба, Туың, Әнұран - Шырқатты биік арманды. Тәуелсіздікке тән белгі - Қасиетті осы рәміздер - Еліме рух, мән берді, Иесі оның – мына біздер.
5-оқушы:
Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі. Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.
6-оқушы:
Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.
7-оқушы:
Қазақстан – туған жерім, мақтанышым, Жемістерін ұсынады бақтарың, Одан сайын даңқы өтті әлемге, Байқоңырың, ең байлығын, ақ наның.
8-оқушы:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

1-жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын
күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде, Атыменен «Қазақ» деген халқыңның
–демекші 6 «В» сынып оқушысы Каиржан Айымды «Қазақстан» әнімен
ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн, Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде, Атыменен «Қазақ» деген
халқыңның.Қазақ биімен 6А сыныптың биші қыздарын
шақырайық.

1-жүргізуші: Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді.
2-жүргізуші: Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Азат, Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін! Баршаңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып, бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз!
Хор: «Атамекен».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаса, жайна Қазақстан!

шағым қалдыра аласыз