Жаса, жайнай бер
Астана
Мақсаты: Оқушыларға мерекелік көңіл күй
тудыра отырып, Астанамыздың 20 жылдығына байланысты әр түрлі
ұлттармен достық қарым-қатынас ояту, және аудиторияға мерекелік
көңіл күй жасау.
Міндеті:
-
Астананың 20 жылдығында болған
іс-шаралармен таныстыру
-
Оқушылардың потриоттық сезімін
дамыту
-
Кеш барысында оқушылардың
мектеп ережесін бұзбайын қадағалау
Өтілу
түрі: Жаңа жылдық
кеш
Қатысушылар: 2 жүргізуші, Патшайым, Аяз Ата, ақшақар,
жалмауыз кемпір,
9а, 9ә, 10а, 11а, барлық
ұстаздар.
Жүргізушілер:
Орны: Кіші спорт
зал
Уақыты:
(Безендірілген шырша, баяу музыка.
Балаларды сынып жетекшілері сахна сыртында дайындап тұрады. Әр
сыныпты бөлек бөлек ортаға шақырамыз. Әр сынып ұлттар киімдерімен
толық келеді. )
( Сахнаға 2 жүргізуші шығады )
фанфар (Айдос ағай қосады)
1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар,
замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты
шәкірттер!
2-жүргізуші:
Тарихтағы түріктің, киелі көк
бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы,
Ассалаумағалейкум! «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Қазақстан
Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы
құтты болсын! 2018 жыл «ИТ жылы» елімізге молшылық пен береке алып
келсін. Елордамыз АСТАНА күннен күнге көркейіп, гүлдене
берсін.
1-жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын
бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
2-жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр,
далам,
Ақ мақтаны
жапқандай!
Бүкіл әлем – бір
ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
1-жүргізуші:
Келесі сөз кезегін
мектебіміздің директоры С.А.Тлепбергеновке ұсынамыз.
_________________________________________________________
(ағай сөйлеп болған соң,
жүргізушілер шығады)
2-жүргізуші:
Елордамызға Қазақстанның
ПАТШАЙЫМЫ ЕКСПО-2017 көрмесін тамашалауға келіпті, еліміздің
қонақжайлығын көрсету үшін әсем сазды әуенмен қарсы
алайық! (музыка
қосылады)
ПАТШАЙЫМ:
(патшайым сөйлеп болған
соң, ортаға Аяз ата мен Ақшақар шақырады) музыка
қосылады
Аяз
ата:
Аяулы ата - аналар, ардақты ұл
- қыздар, бүн балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың.
Асулармен
алысқан,
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан.
Ақшақар:
Амансыздар балалар, ұстаздар!
Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен
тауық жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз ит жылына
табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ал енді өнерлерінді көрсетіндер. Біз демалып
қайтайық!
1-жүргізуші:
Ән шашумызды қабыл
алыңыздар!________________________________
(оқушылар ән айтып болған,
жарық өшіп, қорқынышты музыка қойылып, жалмауыз кемпір жүгіріп
шығады)
ЖАЛМАУЫЗ
КЕМПІР:
Қарайгөр өздерін, Аяз Атаны
шақырады екен бұлар, ал мені болса ешкім шақырмай ма? Мен сендердің
мерекелеріңді бұзамын, болмайды сендерде ешқандай
мереке.
Ақшақар: Бізге біреу кедергі жасады ғой дим...Балалар
қорықпандар!
ЖАЛМАУЫЗ
КЕМПІР:
Қарайгөр мыналарды, көрсетемін
сендерге!(аяз ата мен ақша қарды
айналып,сыпырғымен ұшып жүргендей болып, қатырып
тастайды)
Патшайым:
Ой! Енді қайттік! Аяз ата мен
ақша қардағы сиқырды кетіру үшін бізге Қазақстан елінің
көпұлттылығын және қонақжайлылығын көрсету керек. Оның бірнеше
шарттары бар:
-
Әр ұлты өзін танысту керек
3мин
-
Ұлттық дәстүрге байланысты
көрініс 5 мин
-
Топтық
би
Ендеше бар өнерлеріңізді
ортаға салыңыздар!Аяз ата мен Ақшақарды ортамыздың оралуы үшін осы
шарттарды орындауымыз керек!(патшайым орнына
отырады,жүргізушілер ортаға шығады)
1-жүргізуші:
Сүйсіңдірер
маңайды
Ақшақармен
арайлы
Жалт - жұлт еткен
жүзінен
Күміс сәуле
тарайды.
Аяз ата мен
ақшақарға
Қалай тыныш
қараймын
Оларсыз қыстың сәні
жоқ
Әнмен, жырмен
балайтын.
2-жүргізуші:
Ежелден ақ қазақ болып
аталған
Қатал болды әр күн, әр түн
атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз
жалынды от
Ел болып келді, қалып қоймай
қатардан
Ендеше, «ҚАЗАҚ ұлтын» ортаға
шақырайық.
(қазақтар өздерін
таныстырып, көрініс көрсетіп, би
билейді)
2-жүргізуші:
Сыған халқы өр
халық,
Жүрер елге жыр
тағып.
Қазақ жерін
сүйеді,
Құшағына жүр алып. Дей
келе келесі ұлт өкілі «сыған ұлтын»
ортаға шықарайық»
(сығандар өздерін
таныстырып, көрініс көрсетіп, би
билейді)
1-жүргізуші:
Сенімді кімдер
ақтайды
Жерімді кімдер
мақтайды
Құдайдан қуат алған
ел
Қыдайдан шуақ
таппайды
Десекте Қытай ұлты өздерін
көрсеткісі келеді екен. Ендеше «қытай ұлтын» ортаға
шақырайық
(қытайлар өздерін
таныстырып, көрініс көрсетіп, би
билейді)
2-жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек
гүл
Қазақстан бар ұлысқа
шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп
тұр. Келесі ұлт өкілі сонау Үнді
елінен келген қонақтарымыз «үнді ұлтын» ортаға
шақырайық
(үнділер өздерін
таныстырып, көрініс көрсетіп, би
билейді)
Патшайым: Аяз ата мен ақшақардың
бойындағы сиқыр кетті ғой деймін! ОООО жақсы болды
ғой!
Аяз
ата: Ал халқым менің! Сендерге көп
рахмет!!! Біз ақшақар екеуміз қатып тұрғанда бәрін көріп тұрдық!
Қазақстан халқы көпұлтты, қонақжай халық екеніне көзім жетті! Мен
бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасын сырттай біліп, бақылап
жүрген едім! Биыл ғана ЕКСПО-2017 көрмесін Қазақстан елінде өткізіп
жатыр деген соң келіп қалған едім, келгеніме өте қуаныштымын!!! Ал
енді мен кетейін. Рахмет сендерге!(аяз ата мен ақшақар қоштасып
кетеді)
Патшайым: Сау
болыңыздар!
Жалмауыз
кемпір: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым,
қап ай! Бірақ сендер өте көңілді екенсіндер! Мені қуып
жібермедіндер! Енді мен сендермен бірге қала берейін,
рұқсатпа?
1-жүргізуші:
Ақылға келген мыстан әжейдің
құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір
билейік.
Біз тілейміз жаңа жылдың
шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың
пәктігін.
Ардақтаймыз ақ армандай
ойларды,
Аялаймыз ару құстың ақ
таңын.
Өтсін солай жаңа өмірдің
күндері
Шарпылмасын жүректердің мұң
лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың
оттары
Таусылмасын жаңа жылдың
дүрмегі.
Ал енді кешімізді көңілді етіп
жалғастырайық!!!( бәрі билеп кетеді, кеш
жалғасын табады.)