Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаса Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Жаса, Наурыз, Дәстүрлі»

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып, Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру.

Жүргізуші: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр-ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезежүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.

Құрметті қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын!


Ендеше, бүгінгі ата-аналар арасында сайыс өткізбекшіміз.

Ата-аналарды екі топқа бөлінеді: (Асықтың түсін таңдау арқылы қызыл, көк)


1. Наурыз тобы

2. Шашу тобы


Осы сайысты бастамас бұрын әділ шешім айтатын әділқазы алқаларымен таныстырайық.


  1. Балабақша меңгерушісі: Сембаева А.Д.

  2. Балабақша психологы: Журтбаева М.Қ.

  3. «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Сулейменова С.Ж.


Құрметті ата-аналар, сіздерге ойын шартын түсіндіріп өтемін, мұқият тыңдап отырыңыздар, сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында жеңімпаз топ анықталмақшы.

Ұпай 5 санмен белгіленеді.


Ойын шарты:

  1. Кім ұтымды жауап береді?

  2. Кім білгір?

  3. Мағынасын ашыңыз?

4. Салт дәстүр.

І. Кім ұтымды жауап береді?

Топтарға 3 сұрақтан беріледі, жауаптары толық әрі нақты болу керек.



Наурыз туралы не білесіздер?


Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.

Наурыз жыры деген не?

Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.


Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады?

Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесіз?

Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

«Наурызкөк» дегеніміз не?

Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.


ІІ. Кім білгір?

Сұрақтар кезек қойылады, тез жауап беру керек, егер жауап болмаса келесі топ жауабын айтып, ұпай санын өзіне ала алады.


  • Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіндер (білгенінше)


  • Наурыз көже қанша дәмден дайындалады?
    (жеті)


  • Үрлеп ойнайтын музыкалық аспап (сыбызғы)


  • Өрнекті тақыр кілем (алаша)


  • Қазақтың қандай ұлттық мейрамдарын білесіндер (білгенінше)


  • «Киіз үй» құралдарын ата? (білгенінше)


  • Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (шолпы)



ІІІ. Онда келесі мағынасын ашыңыз,

Шарты: сөздердің мағынасын ашып беріңіздер:


  • Қонақасы- (қонақтарға арналған ас)


  • Көже –
    (сусын көже жаз мезгілінде дайындайтын)


  • Сорпа –
    (пісірілген еттен дайындалған сұйық тағам)


  • Тұздық –
    (пияз қосылып дайындалған сусын)


  • Қуырдақ –
    уырылған ет)


  • Айран –
    (ашыған сүт)


  • Құрт-
    (ашыған сүттен дайындалган тағам)


  • Шелпек –
    (ұннан жасалған тағам)


ІҮ. Салт дәстүр көрсету. Екі топқа билет беріледі, сол бойынша тапсырманы орындайды.

1.Баланы бесікке бөлу.

2.Балаға ат қою


Жүргізуші:

Әділқазы алқаларын тыңдап, ұпай санын біліп жеңімпаздарды анықтайық.


Жүргізуші: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11