Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жаса Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашақ» балабақшасы МКҚК






Бекітемін:

«Болашақ» балабақшасы МКҚК

әдіскері: Нурмаганбетова ______

«14» «қазан» 2016ж















«Жаса Қазақстан»

5 «Ақыл» мектепалды даярлық тобының

ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

















Тәрбиеші: Амирова

Әдіскер: Амирова.Н

Нурмаганбетова.А






Құрық ауылы

2016ж



Білім беру саласы: Коммуникация, Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет, Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Жаса Қазақстан!

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы, рәміздері, қалалары туралы білім беру,туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.танымдық құзіреттілігін дамыту.

Көрнекілік: Қазақстан картасы,қазба байлықтарының карточкалары, ҚР рәміздер, Елбасы, Астана суреттерінің және мақал-мәтелдің слайдтары,сканворд жазылған плакаты, "ЖАСА ҚАЗАҚСТАН" сөзінің әріптері.

Билингвизм: Елтаңба, Туу, Гимн, күн шуағы, қыран құс, шаңырақ, қанатты тұлпар, жұлдыз.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива

циялық қозғау

шы


Балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Қайырлы таң! менің елім,

Қайырлы таң! туған жерім,

Қайырлы таң! аналарым,

Қайырлы таң! апайларым,

Қайырлы таң! менің досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын!

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы "Жаса Қазақсатан" екенін айтады.



Шаттық шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Іздену ұйымдастырушы


Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?


Елбасымыз Кім?


ҚР гимні "Менің Қазақстаным" айтуды ұйымдастырады.


Балалар,сендер қандай ән орындадыңдар?



Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз.

( рәміздер  туралы слайд арқылы жеке-жеке түсінік береді)

Мынау Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

         Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі. 


Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

           Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов. Үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп, гимніміз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.


Туған жер, ел,Отан туралы тақпақтар сұрайды.































Дидактикалық ойын: "Жалғасын тап"

Мақсаты: Туған жерге, елге,Отанға арналған мақал-мәтелдің жалғасын тауып, айту.

1. Отансыз адам – ......?(Ормансыз бұлбұл)
2. Отан ..... (Оттан да ыстық)
3.Отанды сүю-........? (Отбасыдан басталады )
4.Аққу көлін аңсайды ......(Адам туған жерін аңсайды )
5. Өзге елге сұлтан болғанша......(Өз еліңе ұлтан бол)

6. Жері байдың.....? (Елі бай)

7.Туған жердің күні де ыстық.....? (Түні де ыстық)


" Just Dance Kids 2 I Am A Gummy Bear" бейне таспасы арқылы сергіту сәтін өткізеді.


Ойын тапсырма: "Қызықты сканворд"

Мақсаты: Сканвордта жасырынған сөздерді табу.
























































Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н












































1.Балабақшаның атауы қалай аталады?

2.ҚР елордасы қай қала?

3.Біздің ұлтымыз кім?

4.Арыстанның баласы не?

5.Жыл мезгілінің бірін ата?

6.Өлі табиғаттың бірін ата?

7.Қасқырыдың баласы не?

8.Үй құстарының бірін ата?

9.Бізді өмірге алып келген жан кім?

(Қазақстанның картасын көрсетіп, қалаларын сұрайды)

Дидактикалық ойын: "Дұрыс орналастыр"

Мақсаты: Қазақстанның әр облысында өнідірілетін пайдалы қазбаларды, өсірілетін жануарларды, өсірілетін өсімдіктерді Қазақстанның картасына дұрыс орналастыру.







(ЖАСА ҚАЗАҚСТАН) сөзінің әріптері әр балаға тарылып, Қазақстан туралы тақпақ айтуды ұйымдастырады.



Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы

ҚР гимні "Менің Қазақстаным" гимнін айтпады.

ҚР гимні "Менің Қазақстаным"


Естерінде сақтайды.



Қызығушылық танытады.
































Нұраддин,Амира

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суғарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап жатып, су алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ақерке,Ақнұр

Отанымыздың жүрегі,
Тәуелсіздік тірегі.
Жеріміздің кіндігі,
Халқымыздың бірлігі,

Астанам – менің Астанам!


Сымбат, Өркен

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.

Мадина,Адия

Байтақ дала – жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін ,
Егеменді елім менің.





Ормансыз бұлбұл.

Оттан да ыстық.

Отбасыдан басталады.

Адам туған жерін аңсайды.


Өз еліңе ұлтан бол.

Елі бай.

Түні де ыстық.


Бойларын сергітеді.



Сканвордта жасырынған сөздерді табады.



1.Болашақ

2.Астана

3.Қазақ

4.Абдан

5.Қыс

6.Тас

7.Бөлтірік

8.Қаз

9.Ана
















Ақтау, Ақтөбе, Астана, Семей. Шымкент, Қызылорда. Тараз.

Қазақстанның әр облысында өнідірілетін пайдалы қазбаларды, өсірілетін жануарларды, өсірілетін өсімдіктерді Қазақстанның картасына дұрыс орналастырады.


Мадина-Өркен:

Жаса Қазақстаным!

Ислам-Алмаз:

Жаса, менің ұлы елім!

Ажар-Мейрлан:

Жаса қазақстан, жаса менің қазағым!

Адия-Ернат:

Артта қалды қиындық пен азабың!

Ақнұр-Алихан:

Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім!

Дариға-Руслан:

Атқан таңдай ашық болсын ажарың!

Сымбат-Бибіжамал:

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым!

Ерасыл-Нұржан:

Алтын бесік байтақ дала-арманым!

Қасымхан-Нұраддин:

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым!

Жан-Әліби:

Қөк аспанда желбіресін байрағың!

Жібек-Амира:

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым!

Фатима-Бағдаулет:

Байтақ дала жерім менің!

Ақерке-Альбина:

Арта берсін жерің сенің!

Ақдидар-Абылай:

Көк байрағың желбіресін!

Амира-Айсұлтан:

Егеменді елім менің!


Рефлекс

ті

коррек

циялау

шы

Біз қай Республикада тұрамыз?

ҚР Елбасы кім? Ұлтымыз кім?


ҚР елордасы қай қала?

Қазақстанда қандай қалалар мен қазба байлықтары бар?

Құрметті ата-аналар! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді аяқтаймыз.

« Қазақстан бақыты" әнін айтуды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасында

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,Қазақ

Астана

Атырау мен Ақтауда-мұнай, Қарағанды-көмір, Ақтөбеде-газ






"Қазақстан бақыты" әнін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ҚР туралы, өз Отанын, жерін, елін, Гимн, Елтаңба, Туу, Қазақстан картасы мен қалаларының атауын. өндірілетін қаз байлықтар, мақал-мател мен тақпақты жатқа айту,



Баланың қолынан келеді: ҚР туралы, өз Отанын, жерін, елін, Гимн. Елтаңба, Тууды таниды, сипаттап айта алады, авторларын ажыратады.Қазақстан картасын, қалаларының атауын. өндірілетін қаз байлықтарын біледі, әңгімелей алады, мақал-мател мен тақпақты жатқа айтады.




Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды, еліміздің, жеріміздің болашағы жайлы ойлаймын.
Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.
Атасы: Балалар, туған жерді гүлдендірер ұл - қызы, міне, сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі сендердің қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.










































Өркен:

Жаса Қазақстаным!

Алмаз:

Жаса, менің ұлы елім!

Ажар-

Жаса қазақстан, жаса менің қазағым!

Адия-

Артта қалды қиындық пен азабың!

Алихан:

Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім!

Руслан:

Атқан таңдай ашық болсын ажарың!

Бибіжамал:

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым!

Нұржан:

Алтын бесік байтақ дала-арманым!

Қасымхан

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым!

Әліби:

Қөк аспанда желбіресін байрағың!

Амира:

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым!

Бағдаулет:

Байтақ дала жерім менің!

Ақерке-

Арта берсін жерің сенің!

Абылай:

Көк байрағың желбіресін!

Амира-

Егеменді елім менің!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12