400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Жасай бер , мәңгі Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
16 Желтоқсан Тәуелсізкке арналған Тақырыптық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жасай бер, мәңгі Қазақстан!»

Міндеттері: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу,Отан туралы түсініктерін кеңейту,патриоттық сезімдерін ояту.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

-Құрметті кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Жасай бер, мәңгі Қазақстан!»   атты тақырыптық іс-әрекетті  назарларыңызға ұсынамыз.


ҚР гимні орындалады.

Мерекелік тақпақтарымен балаларды ортаға шақырамыз.

\Анель, Айлин, Ж.Айзере, Ажар\

Тілші: -Сәлеметсіздер ме балалар,қонақтар! Басталып кетіпті, мені кешіріңіздер,мен Қазақстан телеарнасынан келген тілшімін,бүгінгі тәуелсіздікке арналған мерекелеріңіз туралы сұхбат жүргізбекшімін рұқсат болса?

-Әрине рұқсат.

(Тілші балаларға сұрақ қояды)

Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

ҚР алғашқы президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  • Қазыр ҚР президенті кім? \ҚасымЖомарт Тоқаев\

ҚР рәміздеріне не жатады? (Ту,елтаңба, гимн)

 Біздің бас қаламыз қай қала? \Астана\


-Тақпақтарымен балаларымызды ортаға шақырамыз: \Асылым, С.Іңкәр, Әмина, Аяла\

Ән: «Отан - ана» 


-Жарайсыңдар балалар,Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтеріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты.Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды.Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Осы аға — апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.

Сурет бойынша әңгімелеу



Ойын: «Ненің суреті?»

Міндеті: ойлау қабілетін арттыру, зейінді болуға жаттықтыру


Тілші: -Балалар сендер Отан, туған жер туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

         

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


Отан –елдің анасы,

Ел – ердің анасы

       

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

  

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Ұжымдық жұмыс: Бәйтеректі жапсыру

Міндеті: Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Флешмоб: «Жаса, Қазақстан!»


Тәрбиеші :-Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын! Осымен ұйымдастырған іс –әрекетіміз аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!



 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
11.12.2023
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі