15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасай бер дархан ел
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Құмсай орта мектебі
Тақырыбы:
«Жасай бер, дархан елім!»
/патриоттық ән байқауы/
Өткізген: «Дарын » жетекшісі Ибраева Алтынай Жолшықызы
Қараша - 2015
«Жасай бер, дархан елім!» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі
- Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Елбасы мерекесіне, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткелі отырған «Жасай бер, дархан елім» атты патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!
Патриоттық
әндер байқауын Еліміздің Әнұраны «Менің
Қазақстаным»
әнімен ашқалы тұрмыз.
Жүректі
тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан
өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы
ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем
әнімен тербеткен халқымыз қуанса да,
жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен
өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің
құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай
жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр
дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы
ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да
түсуіне себепкер болған идеологиялық
қаруы. Бір кездері Кеңес заманында
біздің ата - әжелеріміз «Партия қайда
болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!»
деп екпіндете шырқады. Осы кезде
патриоттық әндер үгіт - насихаттың
ықпалын арттырып, жастардың жігерін
жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп,
азаматтық белсенділігін арттыруда
патриоттық бағыттағы әндердің маңызы
зор еді. Азаттық жолындағы еліміздің
тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас
қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті.
Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің
молая түскені аса маңызды.Патриоттық
әндер кеше де бүгін де ертең де ерекше
бағалы бола бермек. Сондықтан бұл
байқауды өткізудегі мақсатымыз Егеменді
еліміздің ертеңін сеніп тапсырар
намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу,
өскелең ұрпақтың бойында патриоттық
сезім қалыптастырып, аталарымыздың
ерлігін насихаттау, оқушыларымыздың
Отанға деген сүйіспеншілігін
күшейту.
Ендеше, Елбасы мерекесіне,
Тәуелсіздік мерекесіне орай өткелі
отырған «Жасай
бер, дархан елім»
атты патриоттық әндер байқауын ашық
деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
-Осы байқауға төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1/Құмсай ОМ-нің тәрбие ісі орынбасары Байғанина Қойсын Құбашқызы
2/Құмсай
ауылдық округінің мәдениет үйі қызметкері
Қонақова Назерке Қуанышқызы
3/Құмсай
ОМ-нің музыка пәні мұғалімі Мұқанов
Айболат Сарсенұлы
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін
ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін
меңгеру критерийлері бойынша және 0-4 кл, 5-7 кл, 8-11кл. осы үш буын бойынша бағалайды.
Қымбат маған жұлдызды түніменен,
Қымбат маған нұр шашқан күніменен.
Шын жүректен жырлап біз құттықтаймыз
Елімді Елбасының күніменен
Ортада Балымбетова Шаттық Тәкенқызының ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері « Әрқашан күн сөнбесін » әнімен
Кең жазира құтты мекен – Гүлстан,
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам – өзің, туған жер,
Бабалардан келген мұрам – Нұрстан.
Ортада « Менің Қазақстаным » әнімен 1 қазақ сыныбы
Таң атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ-дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын.
Ортада 2-3 орыс сыныбы « Жас ұландар » гимнін орындайды
Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым.
Алтын бесік – Қазақстан Гүлстан.
Ортада «Атамекен » әнімен 2 қазақ сыныбы
Бұл елімде дарындар дара туған,
Бұл елімде данышпан дана туған,
Шартарапқа шарқ ұрған – Шаңырағым,
Баға жетпес мәрмәрдан жараталған.
Ортада «Достық » әнімен 3 қазақ сыныбы
Отан дейміз, от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Ортада «Атамекен » әнімен 4 қазақ сыныбы
Отан дейміз, кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ортада « Қазақстан » әнімен 5 қазақ сыныбы
Көгінде күн күлімдеп күлетұғын,
Ата-баба дәстүрін білетұғын.
Жатсынбаймын халқым бар өзге ұлысты,
Қазағымды туысындай көретұғын.
Ортада « Астана » әнімен 5 орыс сыныбы
Әндетіп тауы, тасы, орман, көлі,
Жайқалған кең жазира жасыл белі.
Сұлулықтың барлығын сыйға тартқан,
Қайсарлықтан жаралған қазақ елі.
Ортада « Қазақ елі » әнімен 6 қазақ сыныбы
Бойда
қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы
заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі
үшін қажеттік
Сарбаздар ол елдігімнің
тірегі.
Ортада «Атамекен » әнімен 7 қазақ сыныбы
Қазақ
деген пейілі кең бай халық
Толды
арманы Егеменге айналып
Бейбітшілік
қорғанындай сенімді
Сарбаздары сап
түзеді сайланып
Ортада « » әнімен 8 қазақ сыныбы
Отаным, алтын ұям, абзал анам,
Жайнай бер, жайқала бер, болма алаң
Тамаша, дархан, бейбіт өміріңді,
Қорғайды, күзетеді мың сан балаң.
Ортада «Мой Казахстан » әнімен 8 орыс сыныбы
Қазақстан
– атамекен, құт қонған жер,
Кең дала,
суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай
белестері мақпал кілем,
Қырлары
қызғалдағы құлпырған жер.
Ортада «Көк тудың желбірегені » әнімен 9 қазақ сыныбы
Қазақстан,
замананың заңғарында,
Халқыма мекен
болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы
басын иген
Қайратты қарт Қаратау
қойнауында
Ортада «Байтақ елім, қазағым! » әнімен 10 қазақ сыныбы
Пай, пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер.
Ортада « Алаш ұраны » әнімен 11 қазақ сыныбы
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға.
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға.
Шүкірлік етемін қашанда
Осы бір Отанда тұрғанға,-дей келе «Жасай бер, дархан елім!» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы дайын болғанша әнге кезек беріледі.
Оқушылар
буын бойынша марапатталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген