жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан!
Сабақтың тақырыбы: «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан!»әдеби-музыкалық көрініс
1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Армысыздар!
1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 28 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын, ағайын!
2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)
Бақыт:
Желтоқсанның
желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай
қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан
сол күн алаңға
Азап шекті қайсар
қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын
да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де
солдыра,
Ел билеуге алып келді
Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың
орнына.
Егемендік – бұл елімнің
елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың
теңдігі.
Егемендік – елін, жерін
қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың
ерлігі.
Желтоқсаным
– тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды
қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап
ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау
керек үнемі
Диана:
Қыран ұшты
Қыран
ұшып қарға келді ендігі,
Мынау халық
– қарғалардың жемтігі.
Қазақ кетіп
орыс келді тағы да,
Екі бастың бар ма
енді теңдігі.
Шыдай алмай жастар
шықты алаңға,
ОМОН-дар да қаптап жүрді
алаңда.
Шаштан сүйреп, тепкіге сап
қыздарды,
Төгіп кетті жастарды бос
далаға.
Ауыр тиді бұ да енді
балаға,
Студенттер шыға алмады
далаға.
Тергеушілер қойып қалып
өтірік
Талай адам ұшырады
жалаға.
Студентті хат жазбауға
көндіріп,
Балаларды бүлікші деп
сендіріп,
Талай жасты оқуынан
шығарып
Қой соңында жүрді олар
ерігіп.
Айтып отса өтірік емес
бұл деген,
Тек қазақ па ақ патшаға
сенбеген.
Тәуелсіздік кетпей қазақ
жерінен
Әй, қазақтар енді өзгеге
жүгінбең!
Айым:
Көзіме
бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір
істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік
жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді
есімізге алайық.
Жүрмейікші жүнжіп
босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін
білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай
келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан
жіберіп.
Жиырмадағы
жалындаған жасында,
Қаншама жас азап
шекті расында.
Желтоқсанның ызғары
өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин
қосқан қосынға.
Соны ойласам
елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап
қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы
халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі
тірегім.
Аяулым:
Ашу-ыза,
намысым боп,
Буырқанған
Желтоқсан!
Азу
тісті талайдың,
Уы
тамған Желтоқсан!
Қарындастың
көз жасы –
Мұз
боп қатқан Желтоқсан!
Темір
төсек жамбасқа,
Сыз
боп батқан Желтоқсан!
Қазағымды
«ұлтшыл» деп,
Жалалы
болған Желтоқсан!
Ұл-қызының
қанына,
Табағы
толған Желтоқсан!
Темір
торға жазықсыз,
Қамалғансың
Желтоқсан!
«Нашақор»
мен «бұзақы»,
Саналғансың
Желтоқсан!
Сапар
шеккен Қайрат боп,
Мәңгілікке
Желтоқсан!
Кең
далада қалықтаған,
Жаңғырық
та сен Желтоқсан!
Әлем
саған елеңдеп,
Құлақ
тұрген Желтоқсан!
Бодандықтың
шекпенін,
Лақтырған
Желтоқсан!
Ар-ұятым,
абыройым,
Қасиетім
сен соққан.
Ерік-жігер,
күш-қуатым,
Бәрі
де сен – Желтоқсан!!!
Айдар:
Асылжан:
2-жүргізуші: Бостандығым!
Тосқан күнім азалдан,
Жиырма сегіз жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
1-жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті Шындәулет Қарақаттың орындауындағы “Туған жер”атты әуезді әнге берейік.
2 -жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (видео көрсетіледі)
1-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?
2-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.
1-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. Назарларынызға әсем би
Бекжан-
Дарина:
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қой
Маған, Саған Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік, Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!
Бейбіт:
Тәуелсіз жеріме 28 жыл!
Ұлан-байтақ неткен жер,
Дәнді-дақыл еккен жер
Жеттік міне арманға
Қазақстан-ерікті ел!
Талай боздақ өткен жер
Мандай терін төккен жер
Тәуелсіздікке қолы
Қиындықпен жеткен жер
Өзінде бар елбасы
Туында бар,әрине
Елтаңбаң бір ертегі
Әнұраның тәрбие.
Индира:
Жиырма
сегіз жыл, жиырма сегіз жыл азаттық,
Өзімізді
құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз
ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту
менен бостандық.
Желтоқсанның
қанды суық ызғары,
Қалың әскер
қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті
қолдаған жастардың
Отан үшін табандары
тозбады.
Жүректе
намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері
жастардың сарқылмаған.
Отан үшін
олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей
тасқындаған.
Болмасам
да сол кезде мен сеземін
Жүректе
намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың
төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен
келмегенін.
Құтты
болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты
болсын елімнің керегесі.
Татту-тәттібоп
халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған
жердің берекесі.
Меруерт:
Ақерке :
Армандарды
жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа
жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік
- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты
болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей
күлген шығыстан,
Асыл елім жан -
жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап
өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан
- Гүлстан!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан елім менің
2-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.
1-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің, Егесімін күллі түркі жұртының. Назарына түспесе де дұшпанның, Жанарыма тұнған шықты іркідім.
2-жүргізуші: Иә.... Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз.
1-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.
2-жүргізуші:
Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем,
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген.
1-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты әдеби-музыкалық көрінісіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!
Хор
«Н.Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан!»
әдеби-музыкалық көрініс
Тогасова Г.М.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген