Қарағанды
облысы, Жезқазған қаласы, Жаңаарқа
ауданы, Қызылжар кенті, Қызылжар ЖОБЬ
мектебі
Шағын
орталық тәрбиешісі: Тулепбекова Балдырган
Серибаевна
Тақырыбы:
Жасай бер, мәңгі Нұр-Астана!
Мақсаты:
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана
туралы мәлімет беру.
-
Баланы ізгілік қасиетін дамыту.
-
Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін
арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақстан республикасының рәміздері.
Астана
қаласының ғимараттары, слайд, т.б.
Әдісі:
әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Жүргізуші: Қайырлы
таң балалар,
Қайырлы
таң қонақтар.
Сіздерді
салтанатты мереке Астана күнімен
құттықтаймыз!
Жылу
шеңбері: Ал енді балалар бір – бірімізге
алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн
секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз
білдірейік:
Деніміз
сау болсын,
Күніміз
күлімдесін,
Еліміз
аман болсын,
Ата
– анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз
дос болайық,
Бәріміз
бақытты болайық,
Аспанымыз
ашық болсын.
Әнұран
орындалады.
Жүргізуші:
Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз
бүгін сендермен отанымыз туралы
әңгімелесеміз: Балалар отан деген сөзді
қалай түсінесіңдер?
Балалар:
Туған жерім, атамекенім, отбасым,
халқым.
Жүргізуші:
Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің
еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып
өскен жеріміз.
Біз
қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:
Қазақстан Республикасы.
Жүргізуші:
Қ. Р президенті кім?
Балалар:
Қ. Тоқаев.
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі қандай?
Балалар:
Қазақ тілі.
Жүргізуші:
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда
әртүрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады.
Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін
білесің?
Балалар:
Орыс, өзбек, түрік, қытай.
Жүргізуші:
Еліміздің қандай рәміздерін
білесіңдер?
Балалар:
Ту. Елтаңба. Әнұран.
Жүргізуші:
Ту, Елтаңба, Әнұран бір сөзбен қалай
айтамыз?
Бегайым:
Рәміздер.
(Балалар
ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін
айтады)
Ту.
Біздің республикамыздың мемлекеттік
Туы – тіктөртбұрышты көгілдір түсті
мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан
мен тыныштықты білдіреді.
Тудың
ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді.
Күннің астында қанат жайған қыран бүркіт
бар. Жанында ою – өрнек салынған, алтын
түспен берілуі тыныштықты, байлықты
білдіреді.
Еңлік: Елтаңба.
Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді
және тудың түсіндей көгілдір түсті.
Оның ортасында шаңырақ бейнеленген.
Күннің сәулесіндей айнала уықтар
тараған. Екі жағында екі қанатты тұлпар
салынған ол – қорғауды білдіреді. Бидай
сабақтары тоқшылықты, молшылықты
білдіреді.
Үстінде
« жұлдыз», астыңда «Қазақстан» деген
жазуы бар.
Мөлдір: Әнұран.
Мемлекеттік әнұран – маңызды мемлекеттік
шараларда орындалады. Әнұранды тұрып
айтады, тұрып тыңдайды.
Жүргізуші:
Ел ордасы қай қала?
Балалар:
Нұр-Астана.
Біздің
еліміздің бас қаласы Астана туралы
мағлұмат айту. Түсіндіру.
Астана
туралы тақпақтар:
1-оқушы:
Астана
арман қала,
Бағы
ба жанған қала
Тұрады
ол жап – жас болып,
Мен
үлкен болған да да.
2-оқушы: Жаса
– жаса, Астанам,
Өркен
жол бастаған
Болашақтың
есігін,
Өз
қолыммен ашмаған.
3-оқушы: Қадамың
бар баспаған,
Асуың
бар аспаған
Халқым
жетсін мұратқа,
Ей,
бас қалам - Астанам.
4-оқушы: Шырқап
көкке асқан - ән
Болашаққа
бас қадам.
Қазақ
рухын биіктет,
Ей,
бас қалам - Астанам.
5-оқушы: Отанымның
төрінде,
Сарыарқаның
төрінде.
Ту
ұстаған Астанам,
Әсем
қалам - бас қалам.
Ұлдардың
орындауында ән: «Мен қазақпын!»
Балалар,
енді отан туралы мақал – мәтелдер
айтайықшы.
6-оқушы: Отансыз
адам – ормансыз бұлбұл.
Отан
үшін отқа түс - күймейсің.
Отан
- оттан да ыстық.
Отанды
сүю отбасынан басталады.
Қыздардың
орындауында ән: «Ертегілер».
Балалардың
тақпақтары:
7-оқушы: Сарыарқаның
төсінде
Гүл
жайнаған, Астанам
Ақ
пейілдей арнайы
Ақ
тілегім, жас бала.
8-оқушы: Елордасы
елімнің,
Қазағымның
жүрегі
Астанамды
бірінде,
Күллі
әлем біледі.
9-оқушы: Жырғып
төктім өзіңе
Шумақтарын
сезімнің
Әсем
қала – Астанам
Құрдасымдай
өзімнің.
Жүргізуші: Әуелейді
асқақ ән
Болашаққа
бастаған
Мәртебемсің
сен менің
Айналайын
Астанам.
Хор:
«Жаса, Қазақстан!»
Жүргізуші: Әуелейді
асқақ ән
Болашаққа
бастаған
Мәртебемсің
сен менің
Айналайын
Астанам.
Осымен
концерттік бағдарламамыз аяқталды.
-
Сау болыңыздар!