жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасай бер, Қазақ елі
Тақырыбы: Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім!
Мақсаты: Оқушыларға
мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге,
мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр
ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі
болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,
сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге
баулу.
Түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: буклет,
нақыл сөздер, плакаттар, т.б.
Барысы:
І жүргізуші: Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Бүгінгі «Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына 26 жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп
ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік
тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық
тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа
жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді
қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс –
шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ
жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген
құрмет.
ІІ жүргізуші:
І жүргізуші: Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
ІІ жүргізуші: Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
1-оқушы:
Тілім -
арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 - оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
3 -
оқушы:
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты
І жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегімді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың, бәріне айтам– деп кезекті әнге береміз.
Ән: «Байтақ елім»
Орындайтын: Сейсенбай Әсел
ІІ жүргізуші: Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар. Соны тауып алып, қадіріне жет» - депті.
Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы – қасиетті тіл. Біріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә» - деп аталы сөздің жұмьағын шешіп беріпті.
І жүргізуші: Сен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар.
ІІ жүргізуші: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына әрине тіл. Тіл ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
І жүргізуші: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болуымен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» - деп текке айтылмаса керек.
1-оқушы:
Туған тілім – бабам тілі –
өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
2-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар
3-оқушы:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
ІІ жүргізуші
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық, нұрлы достық, күн достық.
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
Биші қыздар биімен де үн қосты –деп кезекті биге берейік.
Би: «Папури»
ІІ жүргізуші: Көрініс «Басқа пәле - тілден»
Әкесі ұлдарымен дастарқан басында отырады. Тамақ салынып, ет асылады.
Әкесі үлкен ұлына: Қарағым, ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші?
Үлкен ұлы: - Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші,- деді.
-
Тіс өтпейтін сіңір ғой.
-
Әкесі 2-ші ұлынан да осындай сый-сияпат көреді. Содан соң 3-ші ұлынан сұрайды.
-
Балам, еттің жақсы жерінен кесіп берші, - деді. Тіл береді.
-
Енді, жаман жерінен берші,- дейді. Тағы да тілден кесіп береді.
Әкесі: - Мұның қалай, балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?
Баласы: - Ой. әке-ай, жақсы да, жаман да, ұрыс-керіс, өсек те осы тілден шығады. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. «Басқа пәле тілден»
Әкесі: - Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама.
І жүргізуші: Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Оқушы: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты оның қуанышы.
Оқушы: Туған тіліңді мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп өсе түсуіне, еңбек сіңіру әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Оқушы: Халықтың қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
ІІ жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап,
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ – деп кезекті әнге береміз.
Ән «Рух пен тіл»
Орындайтындар: Кешю тобы
І жүргізуші:
«Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тітім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін – деп Әбділлә Тәжібаев жырлағандай біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
ІІ жүргізуші:
Қалың елім, қазағыма қорған бол,
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек нағыз ұлттық тұлға бол! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Құрметті қонақтар, сіздерді Тілдер мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүрекпен ниетімізді білдіреміз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген