400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін бізде үлкен мереке Тәуелсіздігімізді алғанынымызға 26 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бұл күн қазақ халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн. Ал бүгінгі қазақ елі ата-бабалар аңсаған тәуелсіз, егемен ел.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!»

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; жас ұрпақты еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Өз жеріме өзім ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн.

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,

Тарихыма өшпес белгі салған күн.

- Құрметті балабақша ұжымы және балалар. Бүгін бізде үлкен мереке Тәуелсіздігімізді алғанынымызға 26 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бұл күн қазақ халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн. Ал бүгінгі қазақ елі ата-бабалар аңсаған тәуелсіз, егемен ел.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде халықтасын

Қазағымның қастерлі –Әнұраны!

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Әрине, желтоқсан оқиғасынан кейін қол жеткізген «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлттың өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек» деген ұрандар арқылы жеткен. Тәуелсіз Республика-ол біздің Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қазақ жастары құрбан болды. Олай болса, 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасынан үзінді көрейік. Осы оқиға құрбандарын бір минутқа еске алайық.

1-бала:

Жамбыл Туған жерге нұр шашып жарық берген.

Қуаныш пен мол бақыт алып келген.

16-желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

2-бала:

Бекжан Тәуелсіздік- бар халықтың ұраны,

Тәуелсіздік- бейбіт өмір шырағы.

Тәуелсіздік-бақыт таңы халқымның,

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр әні.

3-бала

Сабина Біз тілейміз бар бөбек,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп

Қуанғанын, күлгенін.

Тәрбиеші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялайды. Егеменді ел болды. Төл теңгесін шығарды. Ата заңын қабылдады. Мемлекеттік рәміздерін белгіледі. Алғашқы Президентін сайлады.

4-бала:

Рауан Егеменді елімнің,

Президенті бастаған.

Отанымда барлық ұлт,

Татулықты қостаған.

5-бала

Злиха Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным- Қазақстаным!

Ән: «Елтаңбасы елімнің »

Би: « Айгөлек». Бір топ бишілер.

6-бала

Альмира Қайраттай қайсар ұлдардың,

Жанымен келген еркіндік.

Жазира мен Лаззаттың,

Арымен келген еркіндік.

Қасірет пен қайғының,

Бәрімен келген еркіндік.

7-бала

Асылжан Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпікке қатқан мұздары-ай.

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.

8-бала

Алмагүл Он алтынша желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

9-бала

Нұрислам Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.

10-бала:

Әлішер Тәуелсіздік- ел болу

Ынтымақпен өрге озу

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

11-бала:

Нұртас 25 жыл өтіпті шыңнан дара

Жылдан өтер сыр бермес тұлғаң дана

Нұрсұлтан деп тауыңды асқақтатар

Нұрсұлтан деп ту тікті туған дала

Тәрбиеші: -Міне, бүгінде халқымыздың аңсаған арманы орындалды. Тәуелсіздік таңы шапағын шашып тұр. Қазақстан деген ортақ үйімізде, бір шаңырақтың астында барлық ұлттың өкілдерімен әніміз де, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Болашағымыз жарқын бақытты елде өмір сүріп жатырмыз.Енді Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған әдеби сазды мерекемізді әнмен, бимен жалғастырайық.

Би «Қара жорға»

Тәрбиеші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған мерекелік кешімізді «Қазақстан» әнімен аяқтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі