400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасай бер Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы ұйымдастырылған танымдық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Габдуллина Жаңылсын Егинбаевна

Ақтөбе облысы,Алға ауданы,

Бестамақ «Болашақ» балабақшасының


екінші санатты тәрбиешісі




«Жасай бер Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты : Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру .Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері туралы әңгімелесу арқылы сөздік қорларын молайтып тілдерін дамыту.Отанға деген сүйіспеншіліктерін туған жерімен елін сүюге оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қазақстан Республикасының рәміздері.Қоғам қайраткерлерінің суреттері.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап әңгімелесу.

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң Алтын күн!

Қайырлы таң Көк аспан!

Қайырлы таң Жер ана!

Қайырлы таң балалар!

-Балалар бүгін ерекше күн тәуелсіздік күні .

Он алтыншы Желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше болып мәңгіліік

Ел жадында қалған күн!

Балалар қане орнымыздан тұрып гимінімізді айтайықшы



-Балалар біз қандай елде тұрамыз ?

-Біздің ұлтымыз қандай ?

-Біздің елбасымыз кім ?

-Қазақстан Рәміздері қалай аталады ?

-Бейне баянды тамашалайық .

-балалар бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы он алтыншы желтоқсанда өз тәуелсіздігімізді алып егеменді ел болдық.Біздің аға апаларымыз Қайрат Рұсқұлбеков Ләззат Асанова көтерліске шығып егеменді ел болуымызға үлкен үлес қосқан біз әрқашанда еске алып құрметтеуіміз керекпіз бәріміз орнымыздан тұрып бір минут еске алайық.

Әр адамның өз Отаны болады.Отан –ол біздің туған жеріміз.Біздің Отанымыз Қазақстан.

-Отан туралы тақпақ білеміз бе

Бейбарыс: Алтай Жайық арасы-

Жарты ғасыр әлемдей даласы,

Ол –біздің Қазақстан.



Бақтияр :Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол біздің Қазақстан .

С.Айбибі:Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусар ән

Ол біздің Қазақстан.

Жан : Анамыздай тілеуі –ақ.

Отан бізде біреу –ақ

Ол -біздің Қазақстан.

Ақбота Алтын заңның аясында

Құлпырамыз гүл болып.

Отан-ана аясында

Жарқыраймыз гүл болып.

-Қазақстанда көп ұлттар тұрады.Орыс .Татар.Армян.Грузин.Башқұрт Неміс.Украиен.Біздің елордамыз Астана.Қазақстан Республикасының рәміздері бар.

Рәміздер туралы тақпақтарымызды айтайықшы :

Нұрдаулет: Көк байрағы бабамның-

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың-

Қазақстан жалауы.

Ж.Айбибі:Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында Қазақ үй .

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Аяна: Қара шаңырақ-ел күні

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім

Елдің тыныш тірлігі

Ойын : «Өз еліңнің туын тап»

Шарты :Өз елінің туын тауып ажыратып атау.





Отан туралы мақал-мәтел айтайықшы :

Аяулым : Халықтың ортақ үйі –Отан

Бағжан : Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

Нұрсұлтан :Отанын сүйген отқа жанбайды,суға батпайды.

Ақерке :Отан үшін отқа түс,күймейсің.

Ойын : «Күннің шуағы»

Шарты :Балалар сұрақтарға жауап беріп,күннің шуағын жинайды.

Тілек шоғы: Қазақстанның туын қолға ұстап бірге айтайық.



Ән : «Отан» балалар бірге айтады.

Қортынды :Балаларды Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерімен таныстырып құрметтеуге үйрету.Отанға деген сүйіспеншіліктерін туған жерімен елін сүюге оларды қорғай білуге тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі